Тимирязев ауданының мемлекеттік мекемелерінде орындаушылық тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді
1. Аудан әкімінің аппарат басшысы Ә.С. Қаршаловтың ақпараты мәлімдемеге алынсын.
2. Аудан әкімінің орынбасарлары А.Т. Ысқақовқа, Ж.Е. Макеноваға, Е.В. Худяковқа, аудан әкімінің аппарат басшысы Ә.С. Қаршаловқа:
- аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер басшыларымен, селолық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен орындаушылық тәртіпті бұзуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын;
- орындаушыларға талап етуді үздіксіз жоғарылатсын.
3. Селолық және ауылдық округ әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер (бөлімдер) бастықтарына
- бақылаудағы құжаттарды, тапсырмаларды тиісті және уақытылы орындалуын;
- бекітілген бағдарламалардын, шаралардың сапалы мониторингін және іске асыруын қамтамасыз етсін.
4. Аудан әкімінің орынбасарлары А.Т. Ысқақовқа, Ж.Е. Макеноваға, Е.В. Худяковқа, аудан әкімінің аппарат басшысы Ә.С. Қаршаловқа, ұйымдастыру — бақылау және кадрлар мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы Ә.К. Тілеубаеваға, жалпы мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы Д.Б. Маргузиеваға жоғары тұрған мемлекеттік мекемелердің бақылаудағы құжаттардың, облыс және аудан әкімінің тапсырмаларының апта сайын, ай сайынғы мониторингін қамтамасыз етсін.
5. Аудан әкімінің аппарат басшысы Ә.С. Қаршаловқа:
- ай сайын әкімдік отырысында, аппарат, жұмыс кеңестерінде берілген тапсырмаларды іске асыру барысы туралы, ақпарат аудан әкіміне ұсынылсын.
- әкімдік отырысында және аппарат кеңесінде орындаушылық тәртібі туралы сұрақ тоқсан сайын қарастырылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Ә.С. Қаршаловқа жүктелсін.
Тимирязев ауданының әкімі Қ. Қасенов
Тимирязев ауданының жергілікті атқарушы органдарының кадрлар қызметтері туралы деректер
Санаты | Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мем. органдар саны | Мем. қызметшілер саны | Бөлек құрылымдық бөлімше (бөлім, басқарма, және т.б.) кадрлар қызметінің болуы | Кадрлар қызметінің қызметшілер саны | Соның ішінде жұмыс істейді | Жас құрамы | Білімі | Оқу орнының бағдары | |||||||||||
Бір жылға дейін | 3 жылға дейін | 5 жылға дейін | жоғары | 30 жасқа дейін | 40 жасқа дейін | 50 жасқа дейін | 50 жастан жоғары | Жоғары | Орта арнаулы | Орта | заңгер | экономикалық | техникалық | басқа | |||||
5 жылдан | |||||||||||||||||||
E | 1 | 14 | 1 | 3 | 0 | 2 | 0 | 1 | 1 | 1 | 0 | 1 | 3 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 3 |
ER | 11 | 48 | 0 | 11 | 1 | 4 | 2 | 4 | 7 | 1 | 1 | 2 | 6 | 5 | 0 | 4 | 6 | 0 | 1 |
EG | 16 | 49 | 0 | 16 | 2 | 6 | 3 | 5 | 3 | 1 | 3 | 9 | 3 | 13 | 0 | 2 | 5 | 0 | 9 |
Барлығы: | 28 | 111 | 1 | 28 | 3 | 12 | 5 | 10 | 11 | 3 | 4 | 12 | 12 | 18 | 0 | 6 | 11 | 0 | 13 |
Мақаланың шыққан күні: 27.09.2017 14:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.09.2017 14:17