Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ақпараттық құжаттамасы

«Әлемге күлкі сыйла»

1 маусым күнінің таңы Тимирязевте балалар әндерімен атты. «Хрустальный башмачок» би ұжымдарының жетінші аудандық фестиваліне қатысқан кішкентай әртістер аудандық Мәдениет үйіне қарай асықты. Көрермен назарына 15-тен астам би ұсынылды, ол күлдіргіштердің қатысуымен өткен ойын-сауықпен алма кезек ауысып отырды. Аудан әкімінің орынбасары Ү.Қ. Нұртазина құттықтау сөзін арнаған барлық жас бишілер дипломдармен және тәттілермен марапатталды. Одан кейін балаларды жазғы алаңдар: «Караоке» алаңы, екінші алаң «Асфальтта сурет салу» алаңы, үшінші алаң «Спорттық жарыстар», және төртінші алаң «Сулы тату суреттері» күтіп тұрды. Аудандық кітапханада Тимирязев ауылдық округінің әкімі С.Қ. Байдалинамен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шай ішу ұйымдастырылды.

Осы іс-шара мерекелік би кешімен аяқталды.

Әлемге күлкі сыйла Әлемге күлкі сыйла Әлемге күлкі сыйла Әлемге күлкі сыйла Әлемге күлкі сыйла Әлемге күлкі сыйла

Аудандық кітапхананың оқу залында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөнгелек үстел басына, сол сталиндік жылдары «халық жаулары» аталғандар ұрпақтары жиналды: Е.Д. Глушкова, И.Г. Кернер бөлісті. Іс-шараға ауылдық округ әкімі С.К. Байдалина, Жастар бастамаларының орталығы,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А. Утеубаевалар қатысты. Қонақтар назарына қуғын-сүргінге ұшыраған «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Шара соңында дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.

Ақпараттық құжаттамасы

Ақпараттық құжаттамасы

Тимирязев ауданында бос уақыт орталығының ашылуы

Жарқын ауылының тұрғындарын тағы да бір жақсы жаңалық біріктірді — бұл бос уақыт орталығының ашылуы! Бұл тамаша оқиғаны олар көптен күткен еді, енді ересектер мен балалар мұнда әр түрлі үйірмелер мен секцияларда айналысатын болады. Ауылдың белсенді жастары өз идеяларын жүзеге асыратын және өздері мен қоғам үшін бос уақытын тиімді өткізетін болады. Егер күндіз жарыстар мен дөңгелек үстел басындағы кездесулер өтетін болса, кешке би кеші немесе шахмат ойыны өткізіледі. Бос уақыт орталығы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жаңа ғимаратында ашылды және сан түрлі іс-шаралар өткізу үшін орын жеткілікті.

Жарқын ауылы аудан орталығынан 65 шақырымда орналасқан. Мұнда 370 адам тұрады. Жарқындықтар ауданда тамаша ән салуымен, домбыра тартуымен даңқты және осында олар кез келген форматтағы іс-шараларды ұйымдастыра алады.

Ашылу салтанатына аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Х.И. Наурызбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.С. Медетова, Жарқын ауылының тұрғындары және аудандық Мәдениет үйінің әншілері қатысты.

Тимирязев ауданында бос уақыт орталығының ашылуы Тимирязев ауданында бос уақыт орталығының ашылуы Тимирязев ауданында бос уақыт орталығының ашылуы Тимирязев ауданында бос уақыт орталығының ашылуы

«Көктемгi қарлығаштар» фестивалi

Мәдениет қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi қарсаңында Тимирязев АМҮ-де балалар вокалдық шығармашылығының «Көктемгi қарлығаштар» алғашқы аудандық фестивалi өттi. Iс-шараға 5 пен 13 жас аралығындағы 31 бала қатысты. Мерекеге балалар барлық ауылдық округтерден келдi. Кiшкентай әртiстер көрермендерге молынан оң эмоция сыйлады, ол үшiн көрерменi әртiстерге ду қол шапалақ ұрып отырды. Бұған қоса ұйымдастырушылардан дипломдар мен тәттiлер табысталды. Ал ұйымдастырушыларға жаңа дарынды орындаушыларды анықтау мүмкiндiгi туды.

Олардың шығармашылық жолы көптеген жылдарға созылады деген үмiттемiз.

«Көктемгі қарлығаштар» фестивалі

Үздiк кiтапханашы

Аудандық кiтапхананың оқу залында мәдениет және өнер қызметкерлерi күнiне арналған «Жыл кiтапханашысы-2017» байқауы өткiзiлдi. Үздiк атануға ауданның 15 кiтаханашысы сайысқа түстi.

Байқауға қатысушылардың шеберлiгiн, кәсiби бiлiм деңгейiн, дарынын келесi қазылар алқасы: әкiм орынбасары Ү.Қ. Нұртазина, аудандық мәслихат хатшысы С.С. Мұстафин, «Жерлестер» клубының төрағасы Л.В. Квасова, «Орталықтандырылған кiтапханалық жүйесi» КММ директоры Б.Д. Мұқажанова, «Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi КММ басшысы Р.С. Медетова бағалап, 1 орынды Степной кiтапханасының кiтапханашысы Е.А. Кучеряваяға, 2 орынды Интернациональный кiтапханасының кiтапханашысы А.В. Ермаковаға, 3 орынды Мичурин кiтапханасының кiтапханашысы Т.В. Осиповаға бердi.

Ф.А. Алиева, Д.М. Рахметов, Г.Е. Мұқанова, О.Н. Камнева, Г.Р. Сыздықова номинацияларда аталып өтiлдi, қалған қатысушылар қатысқаны үшiн дипломдарға ие болды.

Үздік кітапханашы Үздік кітапханашы Үздік кітапханашы Үздік кітапханашы Үздік кітапханашы Үздік кітапханашы Үздік кітапханашы

Басқарманың келуi

Әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету мақсатында Тiлдердi дамыту басқармасымен аудандарға бару кестесi әзiрленген.

Тимирязев ауданына сапар кезiнде кадр бөлiмiнiң басшысы А.Ж. Сапаров пен бас маман Ә.Т. Бимахановамен ономастика мәселелерi бойынша аудан әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары Ү.Қ. Нұртазинаның басшылығымен ауылдық округтердiң әкiмдерiмен семинар өткiзiлдi. Ауылдық округтерге бару ұйымдастырылды, сонымен қатар аудан орталығының ұйымдары мен мекемелерi де тексерiлдi.

Басқарманың келуі Басқарманың келуі Басқарманың келуі Басқарманың келуі Басқарманың келуі

Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 11:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.09.2017 11:50

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+