Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Азаматтар үшін ақпарат

Азаматтар үшін ақпарат

Азаматтар үшін ақпарат

Баспасөз релизi

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 104, 109-1-бабтарына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданы мәслихатының 28 желтоқсандағы №29/2 «2019-2021 жылдарға арналған Тимирязев ауылдық бюджетiн бекiту туралы» шешiмiне өзгерту енгiзу жобасы жасалды. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастырылған 2019 жылдың 27 қаңтардан 13 наурызға дейiн және әзiрлеушi орган бөлiмiнiң сайтында орналастырылды. Ұсыным Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қоғамдық кеңесiмен 2019 жылдың 19 наурызда ұсынылған.

Жоба осы сiлтеме бойынша орналасқан (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2086340)

Тимирязев ауылдық округiнiң әкiмi С. Байгужин

Жалпыға бiрдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгiзiлетiн болады

Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелердi дайындау, уәкiлеттi органдардың деректер базасын өзектендiру, өңiрлерде пилотты өткiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелерi проблемалық мәселелердi анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етiледi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Жалпыға бiрдей декларация тапсыруды кезең-кезеңiмен енгiзу бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiздi.

Бiрiншi кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екiншi кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi (оның iшiнде бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшiншi кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсiпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртiншi кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте атап өткен жөн, онда әр кезеңнiң қорытындысы талданатын, проблемалық мәселелер анықталатын болады және заңнаманы, әдiстеменi және ақпараттық жүйелердi жетiлдiру бойынша шаралар қабылданады. Қазiргi уақытта жалпыға бiрдей декларациялауды кезең-кезеңiмен енгiзу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентiне белгiленген тәртiпте ұсынылады.

Тимирязев ауданы бойынша
МКБ бас маман құқық кеңесшi
Н. Жарасбаев

Салық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Салық органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттерiнiң салдарынан материалдық және материалдық емес игiлiктер заңсыз алынады, соның нәтижесiнде қоғам мүдделерiне нұқсан келтiрiледi және мемлекеттiк билiктiң беделi төмендейдi. Сыбайлас жемқорлық — заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүлiктiк игiлiкке және мемлекеттiк функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерiн қолдана отырып және де лауазымының мүмкiндiктерiн өз мүддесiне қолдана отырып мүлiктiк табыс алу үшiн жасалынатын қадамдар.

Қазiргi таңда сыбайлас жемқорлық аса маңызды мәселелердiң бiрi. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негiзiнен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану,  билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтiк жалғандық жасау, көрiнеу жалған сөз жеткiзу, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беру немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластың байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк — экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесiн баяулататын және демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсер ететiн, елдiң даму болашағына айтарлықтай қауiп төндiретiн құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы — iс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң өз өкiлеттiктерi шегiндегi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның iшiнде қоғамда сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөнiндегi қызметi. Елiмiзде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең.

Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк
кiрiстер басқармасының бас маманы
Н. Жарасбаев

Сыбайлас жемқорлық қоғам қасiретi

Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы салық органдарына аса маңызды құжат екенi бiледi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк бағдарлама жасап оны iске асыру жөнiнде алдағы жылдарға iс шаралар жоспары жасалынғанын ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк шаралар ұйымдастыру мемлекетiмiздiң құқықтық, әлеуметтiк, экономикалық саяси дамуы мәселелерiн кең ауқымда шешуге бағытталғандығын анық түсiнедi. Мемлекеттiк бағдарлама «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындаудың бiрiңғай механизмiн қалыптастыру, барлық мемлекеттiк органдардың iс әрекеттерiн үйлестiру мен Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын оның басымдылықтарын iс жүзiне асыру үшiн жасалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның мiндеттерiн нақтылау мен шектеу саласында мақсатты бағытталған мемлекеттiк саясат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне, мемлекеттiк қызметкелердiң кәсiби деңгейiнiң өсуiне әсер ететiнi сөзсiз.

Салық iсi күрделi оның жұмысы жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы керек. Қазақстан Республикасының «Салық кодексiн» басшылыққа ала отырып бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi орындауда салық қызметкерлерiне үлкен жауапкершiлiк жүктеледi. Осы жауапкершiлiктi орындау жолында салықшы мамандар бiркелi тәуiр еңбектенiп келедi. Олар мемлекет қаржысын орынсыз шығындауға, салық заңын бұзүға қарсы отырып бюджеттiк жоспарларды орындауда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптеген лауазым иелерiнiң заңға қайшы әрекеттерiн әшкерелеп, арам жолмен жинаған мүлкiн қазына қоржынына қайтаруына салық мекемелерiмен бiрлесiп қаржы полициясы жұмыс атқарып келедi. Қаржы полиция қызметкерлерiнiң мiндеттемесiне ел экономикасының қауiпсiздiгiн, мемлекет алдындағы көптеген қаржы мiндеттерi мен бюджетке түсер салық пен түрлi төлемдердi қадағалау, мемлекетке зиян келтiрер экономикалық қылмыстар мен заң бұзушылықтардың жолын кесiп, экономикалық қылмыспен күресуде, халықаралық ынтымақтастықта болу сияқты салмағы батпан жауапкершiлiгi зор мiндеттер жүктеледi. Сондай-ақ қаржы полициясы салық комитетiндегi iшкi тәртiптi реттеп, қызмет бабын терiс пайдалану мен парақорлықтың жолын кесiп отыруға мүдделi.

Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк
кiрiстер басқармасының бас маманы
Н. Жарасбаев

Қоғам мақсаты сыбайлас жемқорлықпен әрдайм күрес

Елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодесi, Еңбек кодексi, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексi негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi болып табылады.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп қатерден республиканың ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi тиiстi жауапқа тартумен қатар, демократиялық негiздердi, мемлекеттiк басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмдерiн нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнiнде атап өту қажет.

Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесiдей ұғым берiлген: Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiлiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы,жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк
кiрiстер басқармасының бас маманы
Н. Жарасбаев

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мұрағаттық мәлiметтердi түзету

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық мәліметтерді түзету

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ 2018 жылдың маусымынан бастап азаматтарға өздерiнiң жеке мәлiметтерiн тексеру үшiн мұрағаттық акт жазбалары қол жетiмдi болғанын хабарлайды. Мұрағаттық жазбаларда қатенiң болмауын жетi жағдай бойынша тексеруге болады: туу, қайтыс болу, некенi қию, некенi бұзу, бала асырап алу, қыз асырап алу, әке болуды анықтау, ТАӘ өзгерту.

Өзiнiң жеке мәлiметтерiн тексеру тәсiлдерiнiң бiрi — «электрондық үкiмет» порталы, онда азаматтар «жеке кабинетте» өздерiнiң және балаларының жеке мәлiметтерiн тексере алады.

Сәйкес келмеушiлiк анықталған жағдайда азаматтар үшiн түзетуге өтiнiм берудiң үш нұсқасы қарастырылған:

  1. «Электронды үкiмет» порталы арқылы «жеке кабинетте» өтiнiмдi өзi қалдырады (АХАЖ АЖ мәлiметтердi жаңарту бойынша қызмет). Дұрыс емес мәлiметтердi түзету үшiн сканерленген құжаттардың көшiрмелерiн eGov.kz. порталы арқылы жiберу жеткiлiктi. Қызметтi көрсету мерзiмi 1 күндi құрайды, қызмет тегiн көрсетiледi;
  2. «ХҚКО» ақпараттық жүйесi арқылы өтiнiм беруге мүмкiндiктерi бар Мемкорпорация қызметкерлерi арқылы;
  3. тиiстi түзету енгiзу үшiн АХАТ тiркеушi органдарға жүгiну кезiнде.

Осы жұмыс тұрақты түрде жүргiзiлетiн болады.

Сонымен бiрге, азаматтар қағаздағы мәлiметтердi электронды форматқа көшiру кезiнде жiберiлген дұрыс емес мәлiметтердi ғана түзетуге болатынына назар аудару қажет. Қағаз акт жазбаларындағы, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердегi қателердi заңда белгiленген тәртiпте түзетуге болады.

Бiрыңғай жиынтық төлем

Тимирязев ауданы бойынша кiрiстер басқармасы келесi мәлiметтi жеткiзедi.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бiрыңғай жиынтық төлемнiң енгiзiлуi қарастырылған.

Салық кодексiне енгiзiлген түзетулерге сәйкес, бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:

  1. бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеген;
  2. жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
  3. тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететiн және (немесе) акциздiк өнiмдердi қоспағанда, өзiнiң жеке қосалқы шаруашылығында өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткiзетiн, дара кәсiпкер ретiнде тiркелмей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар бiрыңғай жиынтық төлемдi (бұдан әрi — БЖТ) төлеушiлер деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнiмдердi өткiзетiн жеке тұлғалар БЖТ төлейдi. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсiпкерге қызмет көрсетiлсе, осындай қызметтi көрсететiн жеке тұлғаның — БЖТ қолдануға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, бiрқатар шектеулердiң заңнамамен қарастырылғанына назар аударамыз.

БЖТ төлеушiлерi болып мыналар танылмайды:

коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерi аумағында, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын, оның iшiнде меншiк құқығындағы, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару сауда объектiлерiн қоса алғанда, қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар;

  1. тұрғын үйдi қоспағанда, мүлiктi жалға (мүлiктiк жалдау) беретiн тұлғалар;
  2. жеке практикамен айналысатын адамдар;
  3. оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
  4. жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуi бар адамдар бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушiлер ретiнде танылмайды.

Жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғалар және стационарлық орындар арқылы қызмет атқаратын (коммерциялық объектiлер — сауда объектiлерi, базарлар және т.б.), (тұрғын үйдi қоспағанда) мүлiктi жалға беретiн тұлғалар БЖТ төлеушiлерi бола алмайды.

Осыдан басқа, БЖТ төлеушiнiң табыс мөлшерi күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептiк көрсеткiштiң 1 175 еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс.

Жеке тұлғалар, бiрыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргiзiлген айдың соңғы күнiне дейiн БЖТ төлеушiлер деп танылады.

БЖТ жеке табыс салығының және әлеуметтiк төлемдердiң төленуге жататын сомалары қосылады.

БЖТ мөлшерi — 1 АЕК (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшiн), 0,5 АЕК — басқа елдi мекендерде құрайды.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердiң бөлiнуi ыңғайлы болу үшiн, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының шотына бiр төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы БЖТ-дi ЖТС-на (бюджетке 10%), әлеуметтiк төлемдер (20% ӘСМҚ), зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ — на 30%) және МӘМС-ға аударымдар (ӘМСҚ-на 40%).

БЖТ-мен жеке табыс салығы және әлеуметтiк төлемдер түрiнде төлемдi төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.

Осыдан басқа, аталған Заңмен Салық кодексiнiң 683, 687, 694 баптарына өзгерiстер енгiзiлген:

1. Салық кодексiнiң 683 баптың 2 тармақтың 2) тармақшасында арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегi кiрiсi:

  • патент негiзiнде — ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшерi 3 528 еселенген айлық есептiк көрсеткiшке өзгертiлдi;
  • оңайлатылған декларация негiзiнде — ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшерi 24 038 еселенген айлық есептiк көрсеткiшке өзгертiлдi;
  • тiркелген шегерiмдi пайдаланумен — ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерi 144 184 еселенген айлық есептiк көрсеткiшке өзгертiлдi;

2. 687 баптың 2 тармағында «2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде ең төмен жалақының 2,5 еселенген мөлшерiн» сөздерiн «23 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 29 еселенген айлық есептiк көрсеткiш»;

3. 694 баптың 3 тармағының екiншi бөлiмiнде «ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшерi» сөздерi «47 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi» сөздерiмен өзгертiлдi.

Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығы бойынша барлық төлемдер «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы» 104302 БСК түсуi керек

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 19 желтоқсандағы  №1093 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2018 жылдың 20 желтоқсанындағы №17970 санымен тiркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасынан 104 309 «Елдi мекендердiң жерлерiне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» бюджеттiк сыныптама коды алып тасталынды.

Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығы бойынша барлық төлемдер «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы» 104302 БСК түсуi керек.

Қазiргi уақытта Комитетпен 104302 және 104309 БСК бойынша бет есептерiн бiрiктiру аяқталды, сонымен қатар 104309 БСК-ын алып тастау бөлiгiнде 700.00 және 701.01 салық есептiлiк нысандарына өзгерiстер енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.   

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 12 ақпандағы №166 «Салық есептiлiгi нысандарын және оны жасау ережелерiн бекiту туралы» бұйрығына өзгерiстер енгiзгенше 700.00, 701.01 салық есептiлiк нысандары бекiтiлген толтыру ережелерiне сәйкес толтырылады, бұл ретте жер салықтарының сомаларын бiрiктiру арқылы 104302 БСК жатқызу техникалық жағынан қарастырылған. 

Тимирязев ауданы бойынша МКБ
Бөлiм басшысы
Д.Қ. Асанов

Терi бұйымдарды таңбалау

2018 жылғы 11 қаңтардан бастап үшiншi елдерден терi бұйымдарын импорттаған кезде, тауарларға арналған декларацияларда көрсетiлген мәлiметтердi мiндеттi түрде көрсете отырып, «импорт» ретiнде терi бұйымдарын таңбалау қажет. 

Сонымен қатар, Бiрлескен бұйрықпен бекiтiлген Пилоттық жобаны iске асыру Қағидаларының 31-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң аумағынан Тiзбеге енгiзiлген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер кедендiк рәсiмдерге орналастырғаннан және кедендiк тазартумен байланысты кедендiк операцияларды жасағаннан кейiн көрсетiлген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз ететiндiгiн хабарлаймыз. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде Тiзбеге енгiзiлген тауарларды таңбалауды жүзеге асырады.

Сонымен бiрге, Пилоттық жобаны iске асыру Қағидаларының 23-тармағына сәйкес заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер Тiзбеге енгiзiлген тауарларды әкелген кезде кедендiк рәсiмдермен орналастырған және кедендiк тазартумен байланысты кедендiк операцияларды жасаған сәтiнен бастап 2 (екi) жұмыс күнiнен кешiктiрмей СБӨ-де Тапсырысты ресiмдейдi.

ЭҮП-ды өз бетiмен танымал ету үшiн Сiздi көрсетiлген ссылкадағы құжаттармен танысуыңызды сұраймын

https://drive.google.com/drive/folders/18407lXvy1ai7MqKxrspUWfu_DwA5tcR3?usp=sharing

Мұрағат (DOC 1008 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2017 15:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2019 18:01

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+