Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мәдениет және тілдерді дамыту

2018 жылғы бiрiншi жартыжылдық қортындылары бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму туралы ақпарат

Мәдениет мекемелерi желiсi

Аудан бойынша толықтай алғанда 32 мәдениет объектiсi жұмыс iстейдi, оның iшiнде 19 мемлекеттiк кiтапхана, 13 клубтық мекеме (12 мемлекеттiк, 1 МЖС).

Былтыр 3 объектi (Жарқын, Комсомол және Белоградовка бос уақыт орталықтары) ашылды.

24 елдi мекеннiң клубтық мекемелермен қамтамасыз етiлу қажеттiлiгi 4 ауылды (Ақсуат, Дзержинское, Дмитриевка, Есiл) құрайды. (6 елдi мекеннiң (Рассвет, Ракитное, Нарынгүл, Северное, Приозерное, Ақсу) тұрғындары саны 100 адамнан кем).

Халық санының аздығы, үй-жайдың жоқтығы және материалдық-техникалық жабдықталудың нашарлығы мен оқырмандар санының төмендiгi себебiнен былтыр Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi құрылымдарының саны Ынтымақ ауылдық кiтапханасын жабу жолымен қысқартылды.

Ағымдағы жылдың екiншi жартыжылдығында Ақсуат (Астана күнiнде) және Дмитриевка (Тәуелсiздiк күнiнде) ауылдарында бос уақыт орталықтарын ашу жоспарланған. 2019 жылы Дзержинское ауылында ашылады.

Мәдениет объектiлерi бойынша жалпы штаттық саны техникалық персоналды қосқанда 63,75 штаттық бiрлiктi құрайды.

Бекiтiлген жылдық қаржыландыру көлемi 64952,0 мың теңгенi құрайды.

Бiрiншi жартыжылдыққа қаржыландыру 24 306,0 мың теңгенi құрайды.

Клубтық мекемелер

Клубтық мекемелер желiсi 13 объектiнi құрайды, оның iшiнде: 12 мемлекеттiк және 1 мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк нысанында.

Жұмыс iстейтiн клубтық мекемелердiң 6-ауы жалға алынатын үй-жайларда орналасқан (Мичурин, Москворецк, Целинный, Жарқын және Докучаев, Белоградовка ауылдық клубтары).

Мемлекеттiк желiнiң үш көрермендер залы бар, отыру орындары саны 1 655-тi құрайды.

Штаттық саны 36,75 бiрлiк.

2018 жылғы 1 жартыжылдықта клубтық мекемелермен 563 iс-шара өткiзiлдi. 2017 жылғы ұқсас кезеңде 498 iс-шара өткiзiлдi.

Келгендер саны 31641 адамнан астам (2017 жылы 27000 адам).

Ауданда фестивальдер мен байқаулар өткiзу бойынша жұмыс жүргiзiледi. Олардың көбi дәстүрлiге айналған: «Мамыр жұлдыздары» әскери-патриоттық, майдан және әскери әндер байқауы, ауған әндерiнiң фестивалi, халық шеберлерi өзiнiң шығармашылық жұмыстарымен қуантатын, ауданның ұлттық-мәдени бiрлестiктерi ұлттық тағамдардан дәм татқызатын, халық дәстүрлерi мен костюмдер дефилесi көрсетiлетiн халық думандары.

Мәдениет қызметкерлерi күнiне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерiнiң облыстық фестивалi қорытындысы бойынша «Аудандық/қалалық маңызы бар мемлекеттiк Мәдениет үйiнiң үздiк қызметкерi» номинациясында аудандық Мәдениет үйiнiң әдiскерi бiрiншi орынды иелендi.

«Аудандық/қалалық маңызы бар мемлекеттiк Мәдениет үйi» номинациясында бiздiң аудандық Мәдениет үйi 2-орын иелендi.

Қостанай облысында «Астана — арман қала» өңiрлiк байқауы өтiп, ауданымыз шақырылды, оған Докучаев АК мәдени ұйымдастырушысы Кәрiм Сақтаров қатысып бiрiншi орынды иелендi.

Мәдени — бос уақыт мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгi облыстық байқауында жүлделi үшiншi орын қанжығаға байланды.

Ауданда 40 клубтық құрылым жұмыс iстейдi, оларға 361 адам қатысады. Былтыр «Леденцы» үлгiлiк би ансамблi екiншi рет «Халықтық» атағын табысты дәлелдедi.

Есептiк кезеңде МТБ нығайтуға қаражат бөлiнбедi. Былтыр аудандық Мәдениет үйi үшiн бейнебақылау камераларын сатып алу мен орнатуға 500,0 мың тенге бөлiндi.

Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ақшалай қаражаттарын үнемдеуден 89,0 мың теңге сомаға аудандық Мәдениет үйi үшiн электргенератор сатып алынды.

Сонымен қатар аудандық Мәдениет үйiнiң бюджетiн үнемдеу есебiнен былтыр жалпы құны 700,0 мың теңгеге 16 ұлттық костюм сатып алынды. Сонымен қатар облыстық байқауда иеленген жүлделi орын үшiн 450,0 мың теңге сомаға ұйымтехникасы мен музыкалық аппаратура сатып алынды.

Ағымдағы жылы жергiлiктi бюджеттi нақтылау кезiнде 15 маусымда өткен аудандық мәслихат сессиясында «Аудандық Мәдениет үйi» КМҚК шатырын ағымды жөндеуге 2 млн. теңге бөлiндi.

Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi.

Кiтапхана жүйесi 19 ауылдық кiтапханадан тұрады. Барлық кiтапханалар бейiмделген үй-жайларда орналасқан. Телефондандырылған және интернет желiсiне ересектер және балалар кiтапханалары, медиатека, Интернационал ауылдық кiтапханасы қосылған.

Кiтапхана жүйесi бойынша штаттық саны — 27 бiрлiк.

2018 жылғы бiрiншi жартыжылдықта кiтаханаларды күтiп-ұстаудың қаржыландыру жоспары 15054 мың теңгенi құрады (мерзiмдiк басылымды сатып алуға 250,0 мың теңге бөлiндi).

Кiтахана қоры — 133 593 дана, о.i. мемлекеттiк тiлде 49 809 (2017 жылы — 132746 дана, с.i. мемлекеттiк тiлде — 46241).

Түстi — 1101, о.i. мемл. тiлде — 844 дана (2017 жылы — 1246 с.i. мемл. тiлде — 916 дана).

Кiтап қорын жинақтау мемлекеттiк тапсырыстың түсуi есебiнен жүргiзiледi.

2018 жылғы 1-жартыжылдықта түсiм сомасы 3530,0 мың теңгенi құрады.

2017 жылғы ұқсас кезеңде мемл. тапсырыс бойынша сома 2 260,0 мың теңге.

Кiтап беру саны 98315 дананы құрады (2017 жылы — 96893). Есептiк кезеңде 249 iс-шара өткiзiлдi (2017 жылы — 246), оған 3544 адам қатысты (2017 жылы — 3359).

«Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» КММ Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 73 жылдығына орай өткен «Мы гордимся Победой» әдеби-поэтикалық және бейнелеу шығармашылығының халықаралық байқауына қатысып, I дәрежелi 2 дипломға, II дәрежелi диплом мен III дәрежелi екi дипломға ие болды. Сонымен қатар режиссерлiк шығармашылық үшiн арнайы сыйлық иелендi.

Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Сарытомар ауылында Тимирязев ауданының кiтапхана мамандары («Мағжан елi — Қызылжар» облыстық оқырмандар марафонының қатысушылары Мәлiков Қайсар, Камнева Олеся, Қошқарбаева Әсел) С. Мұқанов атындағы ОӘҒБ шақыруымен еркiн әдеби микрофон нысанында өткен поэтикалық алаңға қатысты.

Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның мәдениет бөлiмiмен «Фейсбук» әлеуметтiк желiсiнде өткiзiлген «Мой Магжан» атты бейнеэстафетасында ұсынылған бейнеролик «Толқын мен толқын сырласып, әнiне қосып жырласын» номинациясында дипломға ие болды.

«MEN QAZAQPYN» республикалық телевизиялық мега-жобасының облыстық турына 2 қатысушы Еркiн Ахметұлы мен Қадырбаев Айдынбек қатысты.

Барлық iс-шаралар толық көлемде БАҰ-та жарияланды, кiтапхана қызметкерлерi мен «Нива» және «Көтерiлген тың» газеттерiнiң қызметкерлерi кең ауқымды жария ету жүргiзедi.

Ағымдағы жылы МТБ нығайтуға қаражат бөлiнбедi. Өткен жылы облыстық байқауда жүлделi орын үшiн берiлген сома 450,0 мың теңгеге аудандық кiтапханаға ұйымтехникасы мен жиһаз, сонымен қатар Степной ауылдық кiтапханасына ноутбук сатып алынды.

Тiлдердi дамыту

Мемлекеттiк тiлдi дамыту бағдарламасы бойынша жергiлiктi бюджеттен барлығы 681,0 мың теңге бөлiндi.

Жергiлiктi бюджет есебiнен 3 топта оқытылатындар саны 69 мемлекеттiк қызметшiнi құрайды, оларды оқытуға аудандық бюджеттен 2018-2019 оқу жылына 581 мың теңге бөлiндi.

Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы есебiнен оқытылатындар саны 58 адамды құрайды.

Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқы тiлдерiн насихаттау бойынша iс-шаралар өткiзуге 2018 жылы 100,0 мың теңге бөлiндi, ал өткен жылы 50 мың теңге бөлiнген болатын.

М. Жұмабаев атындағы ауданның АМҮ-де көркемсөз оқу шеберлерiнiң облыстық байқауы өттi. Ауданымыздың намысын қолдан бермеген Белоградов ауылдық округiнiң қатысушысы Лашын Каким екiншi орынды иелендi.

«Шырайлы аты елiмнiң-қасиетiнде жерiмнiң» атты оқушылар мен колледж студенттерi арасында өткен шығармалар байқауында Тимирязев аграрлық-техникалық колледжiнiң 3 курс студентi Айсин Нұрсұлтан 1-орынды иелендi.

Ай сайын 13 бiлiм мен 16 ауылдық округтiң кiрiс пен шығыс құжаттары мониторингi жүргiзiледi. Ұсынылған есептер деректерi бойынша ауданның барлық бақылаулы мекемелерi мен ауылдық округтерiнде шығыс 100%, кiрiстер — 93% құрайды.

Мемлекеттiк тiлдi бiлудi бағалау мақсатында «Қазтест» бағдарламасы негiзiнде қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бақылаудың жүйесi енгiзiлген, 2011 жылдан бастап тыңдаушылар тестiлеуден өтуде. Ағымдағы жылы 29 маусымда республикалық тестiлеу өткiзiлiп, оған мемлекеттiк қызметшiлер, мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарлары, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласы, бюджеттiк топтар тыңдаушылары қатары, шамамен екi жүз елудей адам тестiлеуден өттi.

Басшы Р. Медетова

Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру

2011-2020 жылдарға арналған тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасын және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды жүзеге асыру барысында Тимирязев ауданында жұмыс 4 бағыт бойынша жүргiзiледi. Бiрiншi бағыт — iс жүргiзу және жұмыс барысында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы. Екiншi бағыт — мемлекеттiк қызметшiлердiң, ересектер тұрғындардың мемлекеттiк тiлдi бiлуi. Үшiншi бағыт — мемлекеттiк тiлдi және ауданда тұратын этнос тiлдерiн насихаттау, ал төртiншi бағыт ономастика бойынша жұмыс.

Ауданда өткiзiлетiн барлық iс-шаралар жалпыұлттық бiрлiктi нығайтудың факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамыту басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

Аудандық iс-шаралар жоспары тiл туралы заңнаманы iске асыруда үлкен рөл атқарады.

Басты мiндеттердiң бiрi-мемлекеттiк қызметшiлер мен аудан тұрғындары үшiн қазақ және ағылшын тiлдерiн оқыту бойынша тегiн үйiрмелер ұйымдастыру болып табылады.

Ауданда осы оқу жылында 2016-2017 оқу жылындағыдай 34 топ жұмыс iстейдi.

Бүгiнгi күнге аудандық әкiмдiк жанынан құрылған «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа тiлдерiн дамыту» бағдарламасы бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын 3 топ бар, онда 71 тыңдаушы оқытылады (2017 жылы 70 тыңдаушы), оқытуға 581 мың теңге бөлiнген. Үйiрме аудандық әкiмдiк ғимаратында (3-қабат, шағын зал) өтедi.

Сонымен қатар ауданда мемлекеттiк тiлдi оқу бойынша мектептер мен ауылдық округтер әкiмдiктерiндегi үйiрмелер өз жұмысын жалғастыруда (ауылдық округтерде 15 топ (25 адам), мектептерде — 16 топ).

Облыстық бюджеттен мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша 3 топ оқытылуда (45 тыңдаушы) және ағылшын тiлiнен 1 топ (20 тыңдаушы) бар, 2016-2017 оқу жылында мемлекеттiк тiлге 50 адам (аурухана — 15 адам, қазынашылық пен мемлекеттiк кiрiстер басқармалары тобы — 16 адам, АIIБ — 19 адам), ағылшын тiлi бойынша 1 топ (22 адам) оқытылды.

Ай сайын кiрiс және шығыс құжаттарының мониторингi жүргiзiледi. Аудан бойынша мемлекеттiк тiлдегi шығыс құжаттарының үлесi 99 пайыз, кiрiс құжаттар үлесi 96 пайызды құрады.

Тiл саясатын насихаттау бойынша аудандық бюджеттен бөлiнген қаражаттар 2017 жылы 50 мың теңгенi құрады, 2018 жылы 100 мың теңге.

Бөлiм бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiмен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. «Көтерiлген тың» және «Нива» газеттерiнiң беттерiнде тiл саясатын насихаттау бойынша мақалалар жарияланады.

Қазiргi кезге ономастика жөнiндегi жұмыс тiл саясатының жетекшi бағыттарының бiрi болып табылады. Ақжан және Комсомол ауылдық округтерiнiң көшелерiн қайта атау бойынша құжаттар ономастика комиссиясының қарауында.

Жыл сайын аудан қызметшiлерi «Қазтест» жүйесiмен мемлекеттiк тiлдi меңгеру бойынша емтиханнан табысты өтедi.

Қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн меңгерудi насихаттау мақсатында ауданда дөңгелек үстелдер, байқаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар латын қарпiне көшiру бойынша да iс-шаралар өттi.

Осы жылы облыстық байқауларға қатысу бiршама жеңiстерден басталды. Айсин Нұрсұлтан «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» шығармалар байқауында 1 орын, Лашын Кәкiм «Абай оқулары» байқауында 2 орын иелендi.

Жыл сайын ауданда ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң фестивальдерi өткiзiледi.

Ауданның мәдениет мекемелерiнде мемлекеттiк тiлдi насихаттау бойынша жүйелi түрде жұмыс жүргiзiледi, қазақстандық патриоттылықты және ұлтаралық келiсiмдi тәрбиелеуге, тiлге деген құрметтi дарытуға септiгiн тигiзетiн мемлекеттiк тiлдегi iс-шаралар өткiзiледi.

Тимирязев ауданының барлық мекемелерi мемлекеттiк тiлдi дамытуға, оның қолданылуына бағытталған, мемлекеттiк тiлдiң басымдығын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында көрсетiлген iс-шаралармен қамтылады.

Тiл туралы заңнама талаптарын iске асыруды қалтқысыз орындауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәдениет саласының жай-күйi мен дамуы туралы

Аудан бойынша толықтай алғанда 32 мәдениет объектiсi жұмыс iстейдi, оның iшiнде 19 мемлекеттiк кiтапхана, 13 клубтық мекеме.

2017 жылы елдi мекендердiң депопуляциясы мәселелерiн шешу жөнiндегi кешендi iс-шаралар жоспарына сәйкес 3 объектi (Жарқын, Комсомол және Белоградовка бос уақыт орталықтары) ашылды.

24 елдi мекеннiң клубтық мекемелермен қамтамасыз етiлу қажеттiлiгi 4 ауылды (Ақсуат, Дзержинское, Дмитриевка, Есiл) құрайды.

(6 елдi мекен Рассвет, Ракитное, Нарынгүл, Северное, Приозерное, Ақсу тұрғындары саны 100 адамнан кем).

Клубтық мекемелер желiсi 13 объектiнi құрайды, оның iшiнде: 12 мемлекеттiк және 1 мемлекеттiк — жеке меншiк серiктестiк.

Жұмыс iстейтiн клубтық мекемелердiң 6-ауы жалға алынатын үй-жайларда орналасқан (Мичурин, Москворецк, Целинный, Жарқын және Докучаев, Белоградовка ауылдық клубтары).

Мемлекеттiк желiнiң үш көрермендер залы бар, отыру орындары саны 1 655-тi құрайды.

Штаттық саны 36,75 бiрлiк.

2017 жылы клубтық мекемелермен 802 iс-шара өткiзiлдi.

Келгендер саны 15862  адамнан астам.

Ауданда 40 клубтық құрылым жұмыс iстейдi, оларға 361 адам қатысады.

«Леденцы» үлгiлiк би ансамблi «Халықтық» атағын екiншi рет табысты дәлелдедi.

Аудан халқын мәдени — бос уақыт және ақпараттық ағартушылық қызметтер кешенiмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Ауданда фестивальдер мен байқаулар өткiзу бойынша жұмыс жүргiзiледi. Олардың көбi дәстүрлiге айналған: әскери-патриоттық, майдандық әндер байқауы, ауған әндерi фестивалi, өздерiнiң шығармашылық жұмыстарымен халық шеберлерi қуантатын, ал ұлттық-мәдени бiрлестiктер ұлттық тағамдардан дәм татқызып, халық салт-дәстүрлерi мен ұлттық костюмдерiнiң әдемi дефилесi көрсетiлетiн халық думаны.

Облыстық байқауларға қатысудан де шет қалмаймыз, ондағы нәтижелер де жаман емес. Атпен жүру және қымыз даярлау фестивалiнде 2 орын, Солтүстiк Қазақстан облысының ақындары мен композиторлары музыкалық шығармаларының облыстық байқауында БАС ЖҮЛДЕ (Кәрiм Сақтаров), Халық әндерiн орындаушылардың облыстық байқауында 3 орын (Ахмет Еркiн). Петропавл қаласындағы Тимирязев ауданының мәдениет күнiнде 2 орын, оған ауданымыздың 240 адамы қатысты.

Халықтың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында аудан орталығына және ауылдық округтерге жылжымалы 3D кинотеатрдың, қуыршақтар театрының, облыстық филармонияның, қазақ театрының, ресейлiк цирк бағдарламаларының келуi ұйымдастырылды. «Рухани Жаңғыру» шеңберiнде «Суд Магжана» спектаклiнiң көрсетiлiмi ұйымдастырылды.

Кiтапхана желiсi 19 ауылдық кiтапханадан тұрады. 2012 жылы «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» КММ құрылды, оған 18 құрылымдық бөлiмше кiредi.

Барлық кiтапханалар бейiмделген үй-жайларда орналасқан.

Кiтапхана жүйесi бойынша штаттық саны — 27 бiрлiк.

2017 жылы кiтаханаларды күтiп-ұстауды қаржыландыру жоспары 31 695 мың теңгенi құрады (мерзiмдiк басылымды сатып алуға 500,0 мың теңге бөлiндi).

Кiтапхана қоры — 133 213 дана, о.i. мемлекеттiк тiлде 49 251 (жалпы кiтап қорынан 37% ).

Түстi — 5 309, о.i. мемл. тiлде — 4 573 дана (жалпы түсiмнен 86%).

Кiтап қорын жинақтау 9 863,3 мың теңге сомасына мемлекеттiк тапсырыстың түсуi есебiнен жүргiзiледi.

Есептiк кезеңде 611 iс-шара өткiзiлдi, оған 9 221 адам қатысты.

Аудан кiтапханаларымен 8 718 қолданушыға қызмет көрсетiлдi. Келулер саны 79 505 бiрлiктi құрады. Кiтап беру саны 171 901 дананы құрады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыруға сәйкес кiтапханаларда тақырыптық көрмелер, экспозициялар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылды және өткiзiлдi. Әрбiр iс-шараның өзiндiк тақырыптық бағыты бар: «В объективе Казахстан», Салауатты өмiр салты күнi, «Бiз елiмiздiң болашағымыз!» балалық күнi, «Навстречу ЭКСПО 2017» индустрия мен жаңа технологиялар күнi, Патриоттық тәрбиеге арналған күн — «Бiз Қазақстанның патриотымыз!», «В семье единой» Конфессияаралық және ұлтаралық қатынастар күнi.

Барлық iс-шаралар Facebook, Instagram әлеуметтiк желiлерiнде кеңiнен жария етiледi.

Кiтапхана қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында аудан кiтапханашылары семинар сабақтарына, семинар-тренингтерге, тұсаукесерлерге, облыстық байқауларға қатысады.

«Книга — для души» әлеуметтiк-мәдени жобасы тек аудандық кiтапхана үшiн ғана емес, сонымен қатар барлық кiтапханалар үшiн жұмыстағы негiзгi мiндеттердiң бiрiне айналды, осы жобаның арқасында бiз буккроссингке кiрiстiк — халықтың көп жиналатын жерлерiнде (қазпошта, ХҚО, аурухана) нүктелер аштық.

«Кiтапханаға кiтап сыйла» акциясы жұмыс iстейдi.

Кiтапхананың материалдық базасы 450 мың теңгеге нығайтылды, (аудандық кiтапханаға ұйымтехникасы мен жиһаз, сонымен қатар Степной ауылдық кiтапханасына ноутбук сатып алынды). Ақшалай қаражатты үнемдеуден ауылдық кiтапханаларға ( Докучаев, Москворецк) 2 ноутбук және орталық аудандық кiтапханаға материалдық емес өнiм АС-бухгалтерия сатып алынды.

Аудандық Мәдениет үйiне 370 мың теңге сомаға 7 бейнебақылау камерасы сатып алынды және орнатылды. Сонымен қатар 89 мың теңге сомаға электргенераторы сатып алынды.

Ақылы қызметтер көрсету есебiнен, бюджеттiк қаражаттарды үнемдеу есебiнен жалпы құны 700 мың теңгеге 16 ұлттық костюм тiгу жүргiзiлдi. Материалдық базаны 600 мың теңге сомаға Қазақстан халқы Ассамблеясы костюмдерiн және 616 мың теңге сомаға балалардың қазақ костюмдерiн тiгумен нығайттық, сонымен қатар би және вокалдық топтарға бас киiм тiгiлдi.

«Мәдениет» саласы бойынша бюджеттiк қаражаттарды үнемдеу есебiнен жаңа жылдық iс-шараларды өткiзуге 424 мың теңге жұмсалды (отшашу, жаңа жылдық костюмдер, жаңа жылдық әшекейлер сатып алынды, мұз қаласының құрылысы). Сонымен қатар көрермендер залына кiлем жолдары мен сахна киiмдерi сатып алынады.

450 мың теңге сомаға ұйымтехникасы мен музыкалық аппаратура сатып алынды.

Белоградовка ауылында бос уақыт орталығын ашуға мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен микрофондар мен микшерлiк тетiк сатып алуға 50 мың теңге сомаға сертификат табыс етiлдi.

Аудандық Мәдениет үйi ақылы қызметтер көрсетедi (гастрольдiк шығулар, мерекелiк салтанаттар өткiзу және басқалар), ақылы қызметтерден түсiм 1112 мың теңгенi құрады.

Мәселелi сұрақ ауылдық округтердiң мәдениет мекемелерiндегi нашар материалдық-техникалық база болып қалып отыр.

Тимирязев ауданы мәдениет
және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы
Р. Медетова

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ

2017 жылғы 1 жартыжылдықта әлеуметтiк-экономикалық даму жөнiндегi СҚО Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ақпараты.

Аудан бойынша жалпы алғанда 33 мәдениет объектiсi жұмыс iстейдi, оның iшiнде 20мемлекеттiк кiтапхана, 13клубтық мекеме (11 мемлекеттiк, 1 жеке меншiк, 1 МЖС).

Ағымдағы жылы 2 объектi (Жарқын және Комсомол бос уақыт орталықтары) ашылды. Тiрек ауылдық елдi мекендердi дамыту мақсатында 30 тамызда Белоградовка ауылында бос уақыт орталығын ашу жоспарлануда.

24 елдi мекеннiң клубтық мекемелермен қамтамасыз етiлу қажеттiлiгi 5 ауылды (Ақсуат, Белоградовка, Дзержинское, Дмитриевка, Есiл) құрайды.

6 елдi мекен (Рассвет, Ракитное, Нарынгүл, Северное, Приозерное, Ақсу) тұрғындар саны 100 адамнан кем.

Мәдениет объектiлерi бойынша жалпы штаттық саны техникалық персоналды қоса алғанда 64,75 штаттық бiрлiктi құрайды.

2017жылғы I жартыжылдықта мемлекеттiк кiтапханалар желiсiнде өзгерiстер жоқ.

«Мәдениет» саласының бiрiншi жартыжылдықтағы нақтыланған бюджетi 32,0 млн. теңгенi құрады.

Клубтық мекемелер

Клубтық мекемелер желiсi 13 объектiнi құрайды, оның iшiнде: 11 мемлекеттiк, 1жеке меншiк клуб және 1 мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк.

Жұмыс iстейтiн клубтық мекемелердiң 5-еуi жалға алынатын үй-жайларда орналасқан (Мичурин, Москворецк, Целинный, Жарқын және Докучаев ауылдық клубтары).

Мемлекеттiк желiнiң үш көрермендер залы бар, отыру орындары 1 655 құрайды.

Бiрiншi жартыжылдықта 17503,0 мың теңге бөлiндi.

Штаттық саны 36,75 бiрлiк.

2017 жылғы 1 жартыжылдықта клубтық мекемелермен 498 iс-шара өткiзiлдi.

Келгендер саны 27000  адамнан астам.

Ауданда 40 клубтық құрылым жұмыс iстейдi, оларға 361 адам қатысады. Биылғы жылы «Леденцы» үлгiлiк би ансамблi екiншi рет «Халықтық» атағын табысты дәлелдедi. Аудан халқын мәдени-бос уақыт және ақпараттық ағартушылық қызметтер кешенiмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Петропавл қаласында алғаш рет қымыз фестивалi өттi. Онлағы атпен жүру фестивалiнде ауданымыз 2-орын иелендi, және қымыз даярлау байқауында да бiз екiншi орын иегерi болдық.

Солтүстiк Қазақстан облысының ақындары мен композиторлары музыкалық шығармаларының облыстық байқауында бiздiң аудан атынан Докучаев ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Кәрiм Сақтаров өнер көрсетiп, БАС ЖҮЛДЕ иелендi.

Кiтапханалар

Кiтапхана желiсi 20 ауылдық кiтапханадан тұрады. 2012 жылы «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» КММ құрылды, оған 19 құрылымдық бөлiмше кiредi.

Барлық кiтапханалар бейiмделген үй-жайларда орналасқан.

Кiтапхана жүйесi бойынша штаттық саны 28 бiрлiктi құрайды.

2017 жылғы 1-жартыжылықта кiтаханаларды күтiп-ұстаудың қаржыландыру жоспары 15008,0 мың теңгенi құрайды (2-жартыжылдықта мерзiмдiк басылымды сатып алуға 250,0 мың теңге бөлiндi).

Кiтахана қоры — 132746 дана, о.i. мемлекеттiк тiлде 46241 (жалпы кiтап қорынан 35%).

Түстi — 1246 о.i. мемл. тiлде — 916 дана.

Кiтап қорын жинақтау 2 260 мың теңге сомасына мемлекеттiк тапсырыстың түсуi есебiнен.

Есептiк кезеңде 246 iс-шара өткiзiлдi, оған 3359 адам қатысты.

Аудан кiтапханаларымен 6468 қолданушыға қызмет көрсетiлдi. Келулер саны 53222 бiiрлiктi құрады. Кiтап беру саны 96893 дананы құрады.

Мәденит және өнер қызметкерлерi күнiне орай аудандық байқау өткiзiлдi. «Туғанжер — Родная земля» республикалық жобасы шеңберiнде аудандық кiтапхананың оқу залында «Туған жер» кiтап көрмесiнiң ашылуы, «Туған жерге дарын мен шабыт» өлкетану библиомарафоны, «Ашық аспан астында» жазғы кiта алаңының ашылуы өттi.

Барлық iс-шаралар толық көлемде БАҚ-та жария етiлдi, кiтапхана қызметкерлерi мен «Көтерiлген тың» және «Нива» аудандық газеттерi редакциясы кең жарияланым жүргiзедi.

2017 жылға жоспарлар

Ағымдағы жылы мынадай маңызды iс-шаралар жоспарланды және өткiзiлдi (мереке күндерiн есепке алмағанда):

2 ақпанда аудандық Мәдениет үйiнде ҚР Қарулы Күштерiне 25жыл толуына орай «Люди в погонах» iс-шарасы өткiзiлдi.

15 ақпанда Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерiнiң шығарылғанына 30 жыл толуына орай Тимирязевте интернационал жауынгерлердiң қатысуымен естелiк iс-шарасы өттi.

23 ақпанда аудандық Мәдениет үйiнде «Я гитару настрою на лирический лад…» атты гитара сүйемелдеуiмен ән шырқау кешi өттi.

28 ақпанда «Ақшақар» қысқы аудандық спартакиадасының салтанатты ашылуы өткiзiлдi.

3 наурызда аудандық кiтапхананың оқу залында «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай iс-шара өттi.

30 наурызда АМҮ-де Қазақстандағы Ардагерлер қозғалысын мерекелеуге орай салтанатты iс-шара өткiзiлдi.

7 сәуiрде «Алаштың» 100 жылдығын мерекелеу шеңберiнде «Менiң елiм» жас патриоттық әндердi орындаушылар фестивалi өткiзiлдi.

21 сәуiрде аудан орталығының барлық ұйымдары «Таза ауыл-менiң ауылым», «Ауылдың гүлденуi-Қазақстанның гүлденуi» экологиялық акциясына шықты.

18 мамырда АМҮ-де Отбасы күнiне орай «Мерейлi отбасы» байқауы өттi.

24 мамырда жас дарындарды анықтау мақсатында балалар вокалдық шығармашылығының «Көктемгi қарлығаштар» фестивалi өткiзiлдi.

8 маусымда ауданда Қазақ соқырлар қоғамының 80 жылдығы шеңберiнде iс-шара өттi. Салтанат дөңгелек үстел түрiнде өткiзiлдi.

24 маусымда Москворецк ауылдық округiнде Ауыл күнiн мерекелеу өткiзiлдi.

7 шiлдеде «Терроризм — мұны әркiм бiлуi тиiс» ақпараттық сағаты өттi.

24-28 тамызда — ауданның шығармашылық ұжымдарының — «EXPO 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесi шеңберiнде Астана қ. өтетiн Мәдениет күндерiне қатысуы.

Мақаланың шыққан күні: 27.09.2017 10:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.08.2018 10:15

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+