Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Хабарландырулар

Хабарлама

2019 жылдың 21 қарашасында сағат 9.00-де аудандың Мәдениет үйiнде Тимирязев ауданының әкiмi Н.М. Кеңесовтiң, әкiмнiң орынбасалыры мен коммуналдық мемлекеттiк мекеме басшылырының қатысумен «Бiрыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күнi» өтедi.

Құрметтi Тимирязев ауданының жастары!

Жас кадрлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн нақты әлеуметтiк проблемаларды, соның iшiнде жастар ортасында шешуге тарту арқылы арттыру мақсатында Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келiсiм кеңесi «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» КММ «Қоғамдық келiсiм» КММ бiрлесiп Солтүстiк Қазақстан облысының оқушылары, студенттерi мен жастары арасында «Ауыл әкiмi болғым келедi!» байқауын жариялайды.

Қатысу өтiнiмдерi және жұмыстар 2019 жылдың 24 қарашасына дейiн қосымшаға сәйкес mank.kk.sko@mail.ru электронды мекен-жайға қабылданады.

Телефон (87152) 50-45-79.

«БЕКIТЕМIН»
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
аппараты» КММ «Қоғамдық келiсiм» КММ басшысы
И.В. Литт
2019 жылғы «_» қазан

Солтүстiк Қазақстан облысының оқушылары, студенттерi мен жастары арасындағы «Ауыл әкiмi болғым келедi!» байқауының ережесi

Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келiсiм кеңесi «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» КММ «Қоғамдық келiсiм» КММ бiрлесiп Солтүстiк Қазақстан облысының оқушылары, студенттерi мен жастары арасында «Ауыл әкiмi болғым келедi!» байқауын жариялайды.

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Солтүстiк Қазақстан облысының оқушылары, студенттерi мен жастары арасында «Ауыл әкiмi болғым келедi!» байқауын (бұдан әрi — Байқау) өткiзу тәртiбiн реттейдi.

1.2. Байқау Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында 2019 жылдың 27 қарашасына дейiн өткiзiледi.

1.3. Жобаны ұйымдастыруды және үйлестiрудi Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келiсiм кеңесi «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» КММ «Қоғамдық келiсiм» КММ бiрлесiп жүзеге асырады.

2. Байқаудың мақсаттары мен мiндеттерi

2.1. Байқаудың мақсаты:

- дарынды жастарға арналған алаң құру, креативтi жобаларды iске асыруға мүмкiндiк беру;

- жас кадрлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн нақты әлеуметтiк проблемаларды, соның iшiнде жастар ортасында шешуге тарту арқылы арттыру болып табылады.

2.2. Байқаудың мiндеттерi:

- патриоттық сезiмдi, ұлтаралық келiсiм мен төзiмдiлiктi нығайту;

- жоғары азаматтық және әлеуметтiк жауапкершiлiк мәдениетiн қалыптастыру;

- ауылдық округтiң (селоның) әлеуметтiк-экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты мiндеттердi шешу бойынша жобаларды әзiрлеу;

- нақты әлеуметтiк мәселелердi шешуге бағытталған жобаларды қолдау

3. Байқау номинациялары

3.1. Байқау келесi номинациялар бойынша өткiзiледi:

1 номинация — «Егер мен ауыл әкiмi болсам, менiң ауылдық округiм қандай болар едi?» тақырыбындағы сурет;

2 номинация –«Егер мен ауыл әкiмi болсам, ауылымды дамыту үшiн не iстер едiм» тақырыбындағы эссе;

3 номинация — «Ауыл әкiмi болғым келедi!» тақырыбындағы жоба.

4. Байқауға қатысушылар

4.1. Байқау келесi топ қатысушылары арасында өткiзiледi:

— 1 номинация бойынша (сурет) — Солтүстiк Қазақстан облысының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының оқушылары арасында;

— 2 номинация бойынша (эссе) — Солтүстiк Қазақстан облысының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының оқушылары, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру студенттерi арасында;

— 3 номинация бойынша (жоба) — Солтүстiк Қазақстан облысының 29 жасқа дейiнгi жастар арасында.

5. Байқауды өткiзу тәртiбi мен мерзiмi

5.1. Ұйымдастырушылар өтiнiмдер мен байқау жұмыстарын 2019 жылдың 24 қарашасына дейiн (қоса алғанда) mank.kk.sko@mail.ru электрондық мекен-жайға немесе Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 27 (Достық үйi) мекен-жайы бойынша қабылдайды.

5.2. Өтiнiмдер барлық деректердi мiндеттi түрде көрсете отырып, 1-қосымшаға сәйкес толтырылады.

5.3. Байқау өтiнiмдерiн қабылдау аяқталған күннен кейiн байқау ұйымдастырушыға түскен өтiнiмдер талаптарға сәйкес келмеуiне байланысты қаралмайды.

5.4. 2018 ж. 25-26 қараша — 1 және 2 номинация (сурет және эссе) бойынша жеңiмпаздарды анықтау мақсатында байқау комиссиясының жұмысы, үздiк жобаларды iрiктеу.

5.5. 2017 ж. 27 қараша — «Ауыл әкiмi болғым келедi!» үздiк жобаларын қорғау, үш номинация (сурет, эссе және жоба). бойынша жеңiмпаздарды марапаттау.

6. Байқау жұмыстарын безендiруге қойылатын талаптар

6.1. Эссеге қойылатын талаптар: эссенiң ең көп көлемi 14 кегль, Times New Roman шрифтiндегi А4 форматтағы баспа мәтiнiнiң 2 беттен аспауы тиiс.

6.2. Суреттерге қойылатын талаптар: сурет А2 форматынан аспауы тиiс.

6.3. Жобаларға қойылатын талаптар: жобалар тек баяндамалық-ақпараттық материалдарды көрсетiп қана емес, бүгiнгi күнi ауылдық округте (ауылда) бар мәселелердi негiздеу, сондай-ақ оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстарды қамтуы тиiс;

- жобалар олардың авторының анықталған проблемаларды шешуге қатысу мүмкiндiгiн көрсетуi тиiс;

- жоба электрондық түрде мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады;

- титулдық парақта қатысушының тегi, аты, әкесiнiң аты (толық); жобаның атауы, байланыс телефоны көрсетiледi;

- презентацияны қорғау 27 қарашада, презентацияны, сондай-ақ басқа да қажеттi көрнекi материалдарды көрсету арқылы өтедi.

6.4. Байқау жеңiмпаздарын анықтау мақсатында ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

7. Байқау жұмыстарын бағалау өлшемшарттары

7.1. Суреттердi бағалау өлшемшарттары:

- жарияланған байқау тақырыбына сәйкестiгi;

- шығармашылық ойдың және жұмыстың орындалуының ерекшелiгi;

- көркемдiк;

- жұмыстың орындалу сапасы (композициясы, түстiк шешiмi, безендiруi).

7.2. Эссе бағалау өлшемшарттары:

- жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестiгi;

- жұмыста бiрнеше нақты мәселелер мен оларды шешу жөнiндегi ұсыныстарды сипаттау;

- орындалған жұмыстың сауаттылығы;

- баяндау логикасы;

- тұтастығы;

- инновациялылығы;

7.3. Жобаларды бағалау өлшемшарттары:

- жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестiгi;

- жұмыста нақты проблемалар мен оларды шешу жөнiндегi ұсыныстарды сипаттау;

- ауылдық округтi дамыту бойынша нақты ұсыныстардың болуы;

- жұмыста автор мәлiмдеген ұсыныстарды iске асырудың күтiлетiн нәтижесiн ашу;

- тұтастығы;

- инновациялылығы;

- жобаның бәсекеге қабiлеттiлiгi;

- iске асыру үшiн дайындық және пысықтау деңгейi;

- қажеттi көрнекi материалды пайдалана отырып, жобаны қорғаудың бiрегейлiгi.

8. Байқау комиссиясы

8.1. Ұйымдастырушылар саны 5 адамнан кем емес байқау комиссияның құрамын құрайды және бекiтедi.

8.2. Байқау комиссияның құрамына мыналар енгiзiлуi мүмкiн:

- СҚО ҚХА Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң мүшелерi;

- СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерi;

- қоғамдық, бiлiм беру, ғылыми ұйымдардың өкiлдерi;

- Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» КММ «Қоғамдық келiсiм» КММ.

8.3. Барлық жұмыстарды бағалау ұсынылған өлшемдерге сәйкес 10 балдық жүйе бойынша жүргiзiледi. Әрбiр сарапшы нақты жұмысқа қойған баллдар жинақталады. Бағалау нәтижелерi бойынша балдары көрсетiлген жұмыстың жалпы рейтингi жасалады.

9. Байқау жеңiмпаздарын марапаттау

9.1. Жеңiмпаздарды марапаттау 2019 жылы 27 қарашада Петропавл қаласының Достық үйiнде өтедi.

9.2. Байқау қорытындысы бойынша жеңiмпаздар бағалы сыйлықтармен және 1, 2, 3 дәрежелi дипломдармен марапатталады.

9.3. Жүлделi орындар саны 9.

Қосымша (DOC 14 Kb)

Құрметтi Тимирязев ауданының тұрғындары!

Құрметтi Тимирязев ауданының тұрғындары!

А.ж. 26 қыркүйекте сағат 12.00-де Тимирязево селосы Ш. Уәлиханов к-сi, 6 үй мекен-жайындағы Nur Otan партиясы филиалында (мәжiлiс залында) Тимирязев ауданының қоғамдық кеңесiнiң кезектi отырысы өтетiнiн хабарлаймыз.

Қоғамдық кеңес жұмысына Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментi, Мемлекеттiк корпорация, БАҚ, Тимирязев ауданының қоғамдық ұйымдары, педагогтар қауымдастығы өкiлдерi, мемлекеттiк органдар басшылары, жауапты мамандар қатысады.

Жиналыс барысында мемлекеттiк қызмет көрсету барысында туындаған мәселелер талқыланатын болады.

Қатысқысы келетiн тұрғындар мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты бар сұрақтарына кеңес ала алады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы бiле аласыздар: 8 (7152) 360142.

Хабарлама

Тимирязев ауданында халықтың сандық сауаттылық дағдыларына үйрету бойынша кампания өткізіледі, барлық тілек білдірушілерді 21163 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметті салық төлеуші!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап теледидарды, тоңазытқыштарды және шикі қантты сату және электрондық шот-фактураларды шығару «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде тек «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады.

«Виртуалды қойма» модуліндегі жұмыс бойынша толық ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған (www.kgd.gov.kz) электрондық шот-фактуралар «бөлімінде немесе» «Виртуалды қойма» деген негізгі сөздер бойынша.

Құрметтi Тимирязев тұрғындары!

Құрметтi Тимирязев тұрғындары!

Елiмiздiң астанасы Нұр-Сұлтан қаласының мерейтойы қарсаңында ағымыздағы жылдың 3-шiлде жұлдызында ауданымыздың Мәдениет үйiнде алғашқы рет «Ауылым — алтын бесiгiм» атты Республикалық ақындар айтысы өтетiнi туралы хабарлаймыз.

Сөздiң майын тамызып, қаймағын ағызып, кiлегейiн қалдыратын жыр дүлдүлдерi: Айбек Қалиев, Әсем Ережеқызы, Рүстем Қайыртай, Мақсат Ақанов, Аспамбек Шұғатаев, Шұғайып Сезiмхан, Серiк Қуанған, Мұхаммед Қоңқаев, Дәулет Құрмаш, Аяулым Жұмабек, Қуаныш Оспанов, Шалқарбай Iзбасаровтар қатысады.

Әдiлдiгiн дөп басып, төрешiлiк ететiндер елiмiзге танымал жандар: Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтай, Серiк Ақрамұлы Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Ақберен Елгезек.

Айтыстың үйлестiрушiсi: Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жас ақындар мектебiнiң басшысы, Республикалық ақындар сайысының жеңiмпазы — Жарқын Жұпархан.

Сүйiктi ауданымызды барынша жақсы көрсете бiлу — бiздiң басты борышымыз. Ауданымыздың аулаларын тазарту, ауданымызды ретке келтiру үшiн сiздерден үлкен көмек көрсетулерiңiздi сұраймыз!

Билеттердi ауданымыздың Мәдениет үйi мен Жастар ресурстық орталығынан ала аласыздар!

Билет құны: 1500-2500 теңге. Байланыс телефоны: 213-67, 217-43, 87771001631.

Ұйымдастыру комитетi

Хабарландырулар

100 күн iшiнде 100 смартфон:
Қазақстанда «Чектi талап ет — жүлденi ұтып ал!» акциясы басталды

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары «Чектi талап ет — жүлденi ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетi фискалдық деректер операторымен бiрлесiп өткiзедi.

Акция кезiнде Қазаұстанның әрбiр тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметтi қолдану кезiнде смартфон ұтып алу мүмкiндiгiне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төленген сомаға берiлетiн чектердi «Таңдау» мобильдiк қосымшасында тiркесе болды. Акцияға тек деректердi тiркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерiн (Онлайн БКМ) чектерi қатысады.

«Чектi талап ет — жүлденi ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде Онлайн БКМ чектерiн алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәлiметтердi тәркейтiн «Таңдау» тегiн мобильдi қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетiмдi.

Акция шарттары бойынша чектiң берiлген күнi мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиiс. Бiр қатысушы тiркейтiн чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс iстеу жөнiндегi нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезiнде 100 смартфон ойнатылады.

СҚО облысы бойынша МКБ

Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы 155 млн. теңгеге дейiн өстi

Астана қаласы 2019 жылғы 27 ақпан

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асырып жатқан «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүттi мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн. теңге ала алады. Қуаттылығы 100 мал басына арналған отбасылық тауарлы сүт фермалары мал, жабдықтар мен техниканы сатып алады. Сондай-ақ, мал азық, жанармай сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын өткiзуге қажеттi айналым капиталын толықтыруға мүмкiндiк бар.

Ақпан айында Қор «Ырыс» бағдарламасы бойынша несиелендiру шарттарын өзгертуге шешiм қабылдады.

Әлеуеттi қарыз алушы ала алатын сома 85 миллионнан 155 миллион теңгеге дейiн көтерiлдi, — дейдi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментiнiң директоры Геррард Бааль. — Сонымен қатар, несие мерзiмi 12 жылға дейiн ұзартылды, бұрын несиелер 10 жылға берiлетiн. Мал, техника мен жабдықты сатып алу бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16% құрайды, жылына 10% мемлекет субсидияланады. Тиiмдi мөлшерлеме жылына 6,4%-дан басталады.

Бұдан басқа, «Ырыс» бағдарламасының кепiлдiкпен қамту талаптары өзгердi. Бұрын кепiлдiкке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкi қойылатын болса, қазiр кепiлге болашақта несие қаржысынан сатып алынатын мүлiк — мал, техника, құрал-жабдықтар алынады.

Кепiлдiк құрылымы келесiдей болуы мүмкiн: 25%-на дейiн қолданыстағы жылжымайтын мүлiк ұсынылуы тиiс. Қалғаны — несиелiк қаражаттан сатып алатын мүлiкпен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Бағдарлама басталғаннан берi Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттады. Несиелiк қаражаттың көмегiмен сүт бағытындағы 8 703 мал басы сатып алынды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша кеңес алу үшiн облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Семей қалаларында орналасқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалдары мамандарымен байланысу қажет.

Сонымен қатар, 8 800 080 3505 тiкелей желi бойынша қоңырау шалу арқылы алдын-ала кеңес ала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау тегiн). Қосымша ақпаратты www.kazagro.kz/web/fond сайтынан алуға болады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ — «ҚазАгро» холдингi құрамына кiретiн мамандандырылған қаржы-несиелiк ұйым. Қордың негiзгi мiндетi — ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметi
Тел. 87172678 250 (iшкi 109), e-mail: pressa@fagri.kz 

Құрметтi Тимирязев ауданы тұрғындары!

Газ жабдықтарын және газбен қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудiң маңыздылығын ескере отырып, адамдардың өлiмiне немесе жарақаттануына әкелiп соқтыруы мүмкiн жабдықтардың жеткiлiксiздiгiне байланысты газ жабдығының жарылуын болдырмау мақсатында: аудан халқы, сондай-ақ барлық меншiк нысандарындағы заңды тұлғалар тұрмыстық газ баллондарындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын газ желiсi ұйымымен немесе газ толтыру пункттерi иелерiмен оларға тиесiлi газ жабдықтарымен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу қажет екендiгiн хабарлаймыз.

«СҚО Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң сәулет,
құрылыс, ТҮШКШ, ЖК және АЖ бөлiмi» КММ

Ақпараттық хабарлама

Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелерiн жалдау құқығын беру бойынша 2018 жылдың дейiнгi кезеңдерiнде туралы хабарлайды.

Нысаналы мақсаты Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (жердің құрамы мен егістік түрлері, бонитет баллдары) Жалға алу мерзімі, жыл Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығынан орташа қашықтығы) Қаулының нөмірі, күні
Ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін Жалпы ауданы 279 га., с.і. табиғи жайылым 232 га. (бонитет баллы 23,8), су астында 46 га., оның ішінде көл 46 га., жолдар 1 га. 25 жыл Интернационал ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №215 қаулысы
Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жалпы ауданы 30 га. с.і. егістік жер 30 га. (бонитет баллы 57,5) 25 жыл Интернационал ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №216 қаулысы
Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жалпы ауданы 88 га. с.і. егістік жер 88 га. (бонитет баллы 54,7) 25 жыл Интернационал ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №217 қаулысы
Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жалпы ауданы 46 га., с.і. егістік жер 44 га. (бонитет баллы – 56,8), бұталар 2 га. 25 жыл Докучаев ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №218 қаулысы
Ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін Жалпы ауданы 17 га., с.і. тыңайған жерлер 17 га. (бонитет баллы – 57,6) 25 жыл Комсомол ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №219 қаулысы
Ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін Жалпы ауданы 12 га., с.і. табиғи жайылым 12 га. (балл бонитета – 50,3) 25 жыл Комсомол ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №220 қаулысы
Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жалпы ауданы 90 га., с.і. егістік жер 67 га. (б/б – 41,1), жайылым 12 га. (б/б – 43,6), бұталар 11 га. 25 жыл Ленин ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №221 қаулысы
Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жалпы ауданы 137 га. с.і. табиғи жайылым 130 га. (бонитет баллы – 30,3), бұталар 6 га., жолдар 1 га. 25 жыл Дмитриев ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №222 қаулысы
Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жалпы ауданы 41 га., с.і. табиғи жайылым 41 га. (бонитетбаллы 39,4) 25 жыл Дмитриев ауылдық округі Әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №223 қаулысы

2018 жылы көлiк салығы қалай төленедi

Мiне, желтоқсан да келiп қалды, ал бұл көлiк салығын төлеу үшiн соңғы ай қалды дегендi бiлдiредi. Егер уақытында үлгермесеңiз, онда iске тиiстi органдар кiрiседi: өсiмақы бiртiндеп жинала бередi де, уақыт өте келе бұған сот орындаушылары қосылады, олар өз кезегiнде автокөлiктiң қозғалысына шектеу қойып не оның иесiн шекара асу мүмкiндiгiнен де айыруға құқылы.

Қанша төлеу қажет?

Салық сомасын есептеу техникаға iс жүзiнде иелiк ету мерзiмiне негiзделедi. Егер автокөлiк өткен маусым айында сатып алынған болса, онда бiр жыл үшiн емес, тек жетi ай үшiн ақы төлейсiз.

Мемлекет алдындағы қарызыңыздың көлемiн бiлу үшiн бiздiң сайттағы не ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң не egov.kz порталдарындағы салық есептеуiштiң көмегiне жүгiнуiңiзге болады. Соңғысы бiрден төлем жасауға мүмкiндiк бередi, бiрақ ол үшiн порталға тiркелу керек.

Жуырда көлiк салығының мөлшерiн WhatsApp арқылы да бiлуге мүмкiндiк беретiн қызмет жүйесi жұмысын бастады. Дегенмен, ол барлық өңiрлер үшiн қолжетiмдi емес. Тиiстi мәлiметтi дүйсенбi мен жұма аралығында 9:00-ден 18:30-ға дейiн алуға болады.

WhatsАpp нөмiрлерi:

Солтүстiк Қазақстан облысы: 8-707-363-64-08

Маңызды: егер автокөлiк сатылып кеткен болса, оның алдыңғы иесi төлеген салық көлiктiң жаңа иесiне көшпейдi.

Естен шығармаған жөн: Қазақстанда 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейiн өндiрiлген (дайындалған не жиналған) не ҚР аумағына 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейiн кiргiзiлген қозғалтқыш көлемi 3 000 текше см-ден жоғары көлiктердiң қожайындары көбiрек шығындалады.

Қайда төлеу қажет?

Салық сомасын терминал арқылы, egov.kz порталында, кез келген банкте және интернет-банкинг көмегiмен, «Қазпошта» АҚ-ның бөлiмшелерi мен мемлекеттiк кiрiстер басқармасының аймақтық кассаларында төлеуге болады. Ол үшiн көлiк құралының VIN-коды мен ЖСН-iн (егер темiр тұлпар сiздiң атыңызға тiркелмеген болса, автокөлiк иесiнiң ЖСН-iн) бiлу жеткiлiктi.

Маңызды: егер сiз сақтандыру арқылы өзгенiң көлiгiн тiзгiндеп жүрсеңiз, онда салық төлеу барысында көлiк иесiнiң ЖСН-iн ғана емес, көлiк пен оның қожайыны тiркелген ауданды да бiлуге тиiссiз.

Кiм салықтан босатылады?

Салық төлеуден электромобиль иелерi босатылған. Гибридтерге бұл жеңiлдiктiң еш қатысы жоқ. Сонымен қатар, заңға сай:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
  • меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер — салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;
  • Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар көлiк салығын төлеуден босатылады.

Аталған азаматтардың барлығына бiр жыл iшiнде тұрғылықты жерi бойынша орналасқан мемлекеттiк кiрiстер басқармасына жеңiлдiк алу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелерiн өткiзу керек.

Тимирязв ауданы бойынша кiрiстер басқармасы

Құрметтi салық төлеушiлер!

Тимирязев ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы 2018 жылы жеке тұлғалар үшiн көлiк құралдарына салық төлеу мерзiмiн еске салады:

  • 2018 жылғы 28 желтоқсаннан кешiктiрмей.

Салықтарды төлеу АҚ «Қазпошта» бөлiмшелерi, екiншi деңгейлi банктер және банкоматтар арқылы жүргiзуге болады.

Сондай-ақ, ыңғайлы болу үшiн және кезектi болдырмау үшiн 2018 жылдың 1 тамызынан бастап еGov.kz порталында барлық салықтар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi ЭЦҚ-мен авторландыру және қол қою қажеттiлiгiнсiз төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.

еGov.kz порталда төлеу үшiн «Салық және қаржы» — «Төлемдер» — «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу» бөлiмiне өту және «Онлайн төлеу» басу арқылы қызметке тапсырыс беру қажет.

Салық төлеушiнiң ЖСН/БСН, мемлекеттiк кiрiстер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттiк сыныптама кодын енгiзiлгеннен кейiн жүйесi автоматты түрде салық төлеу бөлiмiне көшудi ұсынады. Барлық рәсiм аяқталғаннан кейiн төлем фактiсiн растайтын электрондық чек ұсынылады.

2018 жылдың 30 желтоқсанында жұмыс күнi емес екенiн ескере отырып, салықты алдын ала төлеудi ұсынамыз!

Барлық сұрақтар бойынша 21770 телефоны арқылы бiле аласыздар немсе мекен жай бойынша Тимирязев а., Горькии көшесi 34.

Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — мемлекеттiк саясаттың басым бағыты

 Елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодесi, Еңбек кодексi, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексi негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi болып табылады.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп қатерден республиканың ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi тиiстi жауапқа тартумен қатар, демократиялық негiздердi, мемлекеттiк басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмдерiн нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнiнде атап өту қажет.

Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесiдей ұғым берiлген: Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiлiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы,жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi кез-келген мемлекет үшiн өзектi проблемалардың бiрi. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда. Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттiк саясат қалыптасты. Елiмiз ТМД мемлекеттерiнiң арасында бiрiншi болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейiннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетiлдiру барысында Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта ныған халықаралық актiлердi ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкiләлемдiк қоғамдастықтың тең мүшесiне айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық iс-әрекеттерiнiң салдарынан материалдық және материалдық емес игiлiктер заңсыз алынады, оның нәтижесiнде қоғам мүдделерiне нұқсан келтiрiледi және мемлекеттiк билiктiң беделi төмендейдi. Сыбайлас жемқорлық — заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүлiктiк игiлiкке және мемлекеттiк функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерiн қолдана отырып және де лауазымының мүмкiндiктерiн өз мүддесiне қолдана отырып мүлiктiк табыс алу үшiн жасалынатын қадамдар. Қазiргi таңда сыбайлас жемқорлық аса маңызды мәселелердiң бiрi. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негiзiнен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану, билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтiк жалғандық жасау, көрiнеу жалған сөз жеткiзу, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беру немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластың байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесiн баяулататын және демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсер ететiн, елдiң даму болашағына айтарлықтай қауiп төндiретiн құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы — iс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң өз өкiлеттiктерi шегiндегi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның iшiнде қоғамда сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөнiндегi қызметi. Елiмiзде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде күрес жүргiзу, яғни жемқорлықпен күресу — жалпыға ортақ мiндет.

Салық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы салық органдарына аса маңызды құжат екенi дәлелсiз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк бағдарлама жасап оны iске асыру жөнiнде алдағы жылдарға iс шаралар жоспары жасалынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк шаралар ұйымдастыру мемлекетiмiздiң құқықтық, әлеуметтiк, экономикалық саяси дамуы мәселелерiн кең ауқымда шешуге бағытталғаны анық. Мемлекеттiк бағдарлама «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындаудың бiрiңғай механизмiн қалыптастыру, барлық мемлекеттiк органдардың iс әрекеттерiн үйлестiру мен Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын оның басымдылықтарын iс жүзiне асыру үшiн жасалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның мiндеттерiн нақтылау мен шектеу саласында мақсатты бағытталған мемлекеттiк саясат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне, мемлекеттiк қызметкелердiң кәсiби деңгейiнiң өсуiне әсер ететiнi сөзсiз.

Салық iсi күрделi оның жұмысы жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы керек. Қазақстан Республикасының «Салық кодексiн» басшылыққа ала отырып бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi орындауда салық қызметкерлерiне үлкен жауапкершiлiк жүктеледi. Осы жауапкершiлiктi орындау жолында салықшы мамандар бiркелi тәуiр еңбектенiп келедi. Олар мемлекет қаржысын орынсыз шығындауға, салық заңын бұзүға қарсы отырып бюджеттiк жоспарларды орындауда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптеген лауазым иелерiнiң заңға қайшы әрекеттерiн әшкерелеп, арам жолмен жинаған мүлкiн қазына қоржынына қайтаруына салық мекемелерiмен бiрлесiп қаржы полициясы жұмыс атқарып келедi. Қаржы полиция қызметкерлерiнiң мiндеттемесiне ел экономикасының қауiпсiздiгiн, мемлекет алдындағы көптеген қаржы мiндеттерi мен бюджетке түсер салық пен түрлi төлемдердi қадағалау, мемлекетке зиян келтiрер экономикалық қылмыстар мен заң бұзушылықтардың жолын кесiп, экономикалық қылмыспен күресуде, халықаралық ынтымақтастықта болу сияқты салмағы батпан жауапкершiлiгi зор мiндеттер жүктеледi. Сондай-ақ қаржы полициясы салық комитетiндегi iшкi тәртiптi реттеп, қызмет бабын терiс пайдалану мен парақорлықтың жолын кесiп отыруға мүдделi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Жеке тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органға өздерiне белгiлi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактiлерi туралы хабарлайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келiп түскен хабарлама бойынша шаралар қолдануға мiндеттi. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, ашуды, тергеудi және олардың алдын алуды және олардың жасалуына кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттiк кiрiс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен көтермелейдi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға жәрдем көрсететiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен берiледi. Көрсетiлген ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдар заңнамаға сәйкес жауапты болады.

Тимирязев ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу — азаматтық борышымыз

Сыбайлас жемқорлық қазiргi заманғы қоғамның аса бiр көкейкестi мәселелерiнiң бiрi.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк негiздердi iштей күйретiп, экономикаға нұқсан келтiредi. Әлемдiк қоғамдастық көзiнде мемлекеттiң имиджiне керi әсер етедi.

Ең қиыны сыбайлас жемқорлық халықтың билiкке деген сенiмiн жояды, ерiктi демократиялық қоғам құру жолындағы оның күллi шешiмдерiн жоққа шығарады.

Бiздiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жiгерiн бiрiктiрiп, осы дерттiң одан әрi ушықпауы үшiн оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиiмдi түрде қарсы тұруға болады.

Ел болып еңсемiздi көтергенiмiзге, тәуелсiздiгiмiздi алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай  уақыт өттi. Өткенiмiзге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетiмiздiң тамыры тереңге тартып, нығая түсуiне бағытталған құқықтық заңнамалар мен iс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтiк жағдайы түзелiп, әлем мемлекеттерiнiң ортасынан өз орынын айқындады. Бүкiл әлемге өзiнiң бiртұтастығымен, ажырамас бiрлiгiмен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлi кеселдерден айығуды мiндет етiп қойды. Ол жол — Президенетiмiз Нұрсұлтан Әбiшұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп бiлу керек.

Мемлекеттiк кiрiстер басқармасымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, әрдайым iс-шаралар (дөңгелек устел, семинар, т.б.) өткiзiлiп тұрады.

Лауазымдық тұлғалардың заңсыз әрекетi, қызмет әдебiн сақтамау және сыбайлас жемқорлық мәселесi анықталған уақытта Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасына хабарласуларыңызды сұрайды. Мекен жайымыз: Тимирязев селосы Горький к-сi 34 үйi. Тел:2-11-65, 2-13-03. Аталған мәселелер бойынша жеке қабылдау аптаның бейсенбi, жұма күндерi сағ. 11-ден 18-ге қабылданады.

Тимирязев ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының
жетекшi маманы Н. Банина

Хабарлама

СҚО бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментi

2018 жылдың 27 қарашада сағат 15:00-де СҚО Кәсiпкерлер Палатасы Абай к., 29 мекен жайында видиоселектор режимiнде (аудандардың қатысуымен) семинар өткiзедi. Электрондық шот-фактуралар бойынша: ЭШФ АЖ-де қалай тiркелуге болады (esf.gov.kz) және ЭШФ нысанының қадамдық толтырылуын көрсетемiз.

Анықтама телефоны: 8(7152) 50-00-64.

Ақпараттық хабарлама

Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелерiн жалдау құқығын беру бойынша 2018 жылғы 20 қарашада өткiзiлген конкурс қорытындысы туралы хабарлайды.

Қосымша (DOC 25 Kb)

Хабарландыру
Тимирязев ауданы бойынша босалқы жерiнен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн «уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» жөнiндегi конкурсты өткiзу туралы

Конкурс ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, Тимирязев ауданы бойынша босалқы жерiнен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн «уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» жөнiндегi конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.

Конкурстың өткiзiлетiн күнi, уақыты, орны: Конкурс 2018 жылғы 20 қарашада сағат 15.00-де Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында Тимирязев ауданы Тимирязев а., Уәлиханов к-сi, 1 мекенжайы бойынша өтедi, 3-қабат, әкiмдiктiң кiшi залы.

Жергiлiктi атқарушы орган конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдауды хабарлама (хабарландыру) алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау 2018 жылдың 30 қазанынан бастап 19 қарашаны қоса алғанда кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың қорытындысы шығарылған күн оның аяқталған күнi болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi шығарылады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша «ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi жалға алу жөнiндегi» конкурсқа шығарылатын жер учаскелерiнiң тiзбесi

Лоттың№ Жер учаскесінің № (егін алқабы) Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы) Алаңы,га Жалға алу мерзімі, жыл Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығынан орташа қашықтығы)

1

№1, 2-кор.; №1-3
Жалпы ауданы 279 га., о.і. табиғи жайылым 232 га. (бонитет балы 23,8), су асты - 46 га., оның ішінде көл - 46 га., жолдар - 1 га. 279 га. 25 жыл Интернационал ауылдық округі

2
№8 Жалпы ауданы 30 га., о.і. егістік 30 га. (бонитет балы 57,5) 30 га. 25 жыл Интернационал ауылдық округі

3
№42 Жалпы ауданы 88 га., о.і. егістік 88 га. (бонитет балы 54,7) 88 га. 25 жел Интернационал ауылдық округі

4
№26 Жалпы ауданы 44 га., о.і. егістік 44 га. (бонитет балы – 56,8), буталар 2 га. 44 га. 25 жыл Докучаев ауылдық округі

5
№37-1 Жалпы ауданы 17 га., о.і. тыңайған жер 17 га. (бонитет балы – 57,6) 17 га. 25 жыл Комсомол ауылдық округі

6

№кос 29,

№10

Жалпы ауданы 12 га., о.і.табиғи жайылым 12 га. (бонитет балы – 50,3). 12 га. 25 жыл Комсомол ауылдық округі

7

№41-2;

№42;

№3 кос.

Жалпы ауданы 90 га., о.і. егістік 67 га. (б/б – 41,1), жайылымдар 18 га. (б/б – 43,6), буталар 11 га. 90 га. 25 жыл Ленин ауылдық округі

8

№3-1;

№Г1,2

Жалпы ауданы 137 га, о.і. табиғи жайылым 130 га (бонитет балы – 30,3), буталар 6 га, жолдар 1 га 137 га. 25 жыл Дмитриев ауылдық округі

9

№4;

№5

Жалпы ауданы 41 га., о.і. табиғи жайылым 41 га. (бонитет балы 39,4) 41 га. 25 жыл Дмитриев ауылдық округі
  БАРЛЫҒЫ Жалпы ауданы 738 га., о.і. егістік 185 га., тыңайған жер 17 га., табиғи жайылым 433 га., буталар 19 га., су асты 46 га., жолдар 2 га.

Тауарлармен электрондық сауда

Салық салу мақсаттары үшiн Салық кодексiнiң 1-бабының 65) тармақшасы тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.

Тауарлармен электрондық сауда — бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткiзу жөнiндегi мәмiлелердi ресiмдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса; тауарлар үшiн ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргiзiлсе; тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткiзетiн өз қызметi болса не жүктердi тасымалдау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, курьерлiк және (немесе) пошталық қызметтi жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегiмен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Салық кодексiнiң 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берiлген.

Сонымен бiрге Салық кодексiнiң 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушiлер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушiлердiң жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртiппен, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде қызметтiң басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негiзiнде жүргiзiледi.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрiн жүзеге асыру басталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады қағаз жүзiнде немесе «E- лицензиялау» Мемлекеттiк деректер базасы арқылы электронды түрде хабарлама жiберуге болады (бұдан әрi — МДБ ЕЛ).

Бұдан басқа, Салық кодексiнiң 89 және 90-баптарында белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiнiң тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тiркеу туралы жазбалардан шығару тәртiбi белгiленген.

Комитет келесi жұмыс күнi iшiнде Комитеттiң интернет-ресурсында (электрондық коммерция қойындысы) СТ тiзiмiн жариялайды.

Салық кодексiнiң 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушi осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетiн, осындай қызмет жөнiндегi операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi ескерiлген кiрiстер жылдық жиынтық кiрiстiң кемiнде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелерi қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеушi осы баптың ережелерiн қолдануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы №121-VI ЗРК.

Қазақстан Республикасының Кодексiнiң (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы заңының 257 баптың 2 тармағы 2020 жылдың 01 қантарына дейiн келесi редакциясында әрекет етедi: «жалпыға бiрдей белгiленген салық салу режимiн қолданатын дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасы мынадай тәртiппен айқындалады:

дара кәсiпкердiң осы Кодекстiң 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кiрiсi, алу тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсi алу осы Кодекстiң 341-бабының 1-тармағында көзделген, кiрiстi түзету сомасы, алу осы Кодекстiң 342-бабында көрсетiлген мөлшерде және тәртiппен салықтық шегерiмдер сомасы.

Дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған терiс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуi ескерiле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетiн кiрiстер дара кәсiпкердiң салықтық кезең үшiн жиынтық түрде алған кiрiсiнiң кемiнде 90 пайызын құраса, жүргiзiледi. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсiпкер осы тармақтың бiрiншi бөлiгi үшiншi және төртiншi абзацтарының ережелерiн қолдануға құқылы   емес».

Сондай-ақ Заңының 48-бабының сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер патент құнына кiретiн жеке табыс салығының сомасын есептеудi, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кiрiстердi қоспағанда, салық салу объектiсiне 2 пайыз мөлшерiнде мөлшерлеменi қолдану арқылы жүргiзедi деп анықталған.

Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде тiркелген СТ-лерге Салық кодексiнiң нормаларына сәйкес салықтық преференциялар берiледi.

Салық төлеушiлердi салықтық әкiмшiлендiру мақсатында салық кодексiмен келесi назарда ұстайды.

Салық кодексiнiң 28 баптың 2 тармақ бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтiк табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кiрiсiн дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiне азайту бөлiгiндегi нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөнiндегi ақпаратты  тұрған жерiндегi салық органына уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша беруге мiндеттi.

Тiркелген СТ ақпараттың әр күн сайын жасалатын әр мәмiле бойынша немесе заңды тұлғалар үшiн тоқсан сайын, жеке кәсiпкерлер үшiн — жыл сайын электронды шот-фактураны (ЭШФ) беру арқылы ақпаратты ұсыну нысанын таңдайды. Бұл жағдайда, егер ЭШФ шығаруы туралы шешiмдi СТ қабылдайтын болса, жасалған мәмiлелер туралы ақпарат нысанын ұсыну мiндеттемесi туындамайды.

Сонымен бiрге Салық кодексiнiң 24 баптың 17) тармағы бойынша Салық кодекстiң 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қызмет бойынша тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлер бойынша банктiк шоттардың бар екенi және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсу бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынуға мiндеттi.

Салық кодексiнiң 28 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезiнде тауарларды жөнелтудi, тасымалдауды, жеткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәлiметтердi уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша ұсынады.

Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткiзiлетiн тұлғалардан және СТ-мен көшiрiп алған ЭШФ-ның ақпараттарына сәйкес, 293-бабының 1 тармағының 65) тармақшасыны, 3-тармағын, Заңның 33-бабының 2) тармақшасыны сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау өндiрiледi.

Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер басқармасы
2018 ж. 02 тамыз

«Түбiртектi талап ет — жүлденi ұтып ал!»

Тимирязев ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы, 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбiртектi талап ет — жүлденi ұтып ал!» 2018 жылғы жалпыреспубликалық акцияның (бұдан әрi — Акция) басталуы туралы хабарлайды.

Акцияға қатысушылар — акцияны өткiзу кезiнде Wipon мобильдi қосымша арқылы чектiң суреттерiн Акцияны ұйымдастырушыларға ұсыну жолымен тауарлар, жұмыстар және қызметтердi сатып алғанын растаған, Қазақстан Республикасының азаматтары саналады.

Чектердi 2018 жылғы 21 мамырдан 30 қарашаға дейiн қабылдайды.

Акцияны өткiзу кезiнде қатысушыларға, келесi функционалмен жарақтандырылған, Apple App Store и Google Play Market-тен жүктеу үшiн қолайлы Wipon тегiн мобильдi қосымшасы ұсынылады:

  • чектiң суреттерiн жөнелту;
  • чектi бермеу фактiлерi туралы жүгiнулердi жөнелту;
  • қатысушының чегiн қабылдау немесе бас тарту, ұтыстың мәртебесi туралы хабарлау жүйесi;
  • жiберiлген чектердiң тарихын қарау мүмкiндiгi;
  • акцияның шарты.

Акцияға қатысу үшiн:

  • чектiң суретiн жолдау қажет, бiр сурет бiр чектi ғана көрсетуi керек;
  • чектiң суретiнде мiндеттi түрде анық көрiнуi тиiс: ЖСН/БСН, күнi, уақыты, жиынтық сомасы;
  • чекте фискалды белгiлерi болуы тиiс: чекте ФП, Ф, F, фискалды, фискалды чек жазбалары жазылған болуы тиiс;
  • чектiң түпнұсқасын сақтау мiндеттi емес;
  • чектегi сома 0 теңгеден жоғары болуы тиiс;
  • Wipon қосымшасын өшiру барлық өткен чектердiң жойылуына әкеп соғады;
  • чекте көрсетiлген тауарды, жұмыстар немесе қызметтердi алу күнi мен уақыты 2018 жылғы 21 мамырдан ерте болмауы тиiс.

Акция екi деңгейде өтедi:

  • Бiрiншi — Мемлекеттiк кiрiстер департаментi жанында облыс деңгейiнде және Астана мен Аламаты қалаларында;
  • Екiншi — Комитет жанында республикалық деңгейде.

Акцияның жеңiмпаздары чектi кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.

Бiрiншi деңгейде сыйлықтарды ойнату және жеңiмпаздарды анықтау мамырдан бастап қарашаға дейiн ай сайын өтедi.

Ойынның жеңiмпаздары чектi кездейсоқ таңдау әдiсiмен анықталатын болады. Сондықтан, чек қаншалықты көп жолданса, соншалықты қатысушыларда сыйлық ұтып алу мүмкiндiгi болады.

Гранд мәресi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнде ағымдағы жылдың аяғында өтедi, онда құнды сыйлықтар және басты жүлде-автомобиль ойнатылады.

Чек талап етiп, Акцияға қатысыңыздар және сыйлықтар ұтып алыңыз!

Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Деректердi беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын қолдану.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексiнiң 167 бабының 1 тармағына сәйкес салық органына  тiркеу есебiне тек деректердi беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын  қою мiндеттi.

Тек ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желiлерi жоқ орындарында ғана кәдiмгi тiркеу функциясы жоқ машиналарды тiркеуге болады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жалпы пайланудағы телекоммуникация желiлерi жоқ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелер туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң ресми сайтында орналасқан (http://kgd.gov.kz/ru). Бұл ретте, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi салық органдарында тiркелген деректердi тiркеу және беру  функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын  2024 жылға дейiн қолдануға болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес нысандарда жұмыс жасайтын кәсiпкерлер БКМ қолдануға  мiндеттi болады, ал 2020 жылдан бастап патент шеңберiнде жұмыс iстейтiн салық төлеушiлерге БКМ қолдану мiндеттiлiгi туындайды.

ҚР-ның заңнамасы талаптары бойынша БКМ қолданудан жалтарған адамдар  мiндеттi түрде  жазалануға жатады. Қазақстан Республикасының  Әкiмшiлiк құқықбүзушылық туралы кодексiнiң  284 бабының 1, 2 бөлiктерiне сәйкес, республика аумағында сауда операцияларын, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ақшалай есеп айырысу жолымен жүзеге асыратындар үшiн БКМ қолданбаған  жағдайда, ақаулы немесе төлемге қабiлетсiз БКМ қолданған немесе мемлекеттiк кiрiстер органдарында есепке алынбаған БКМ қолданған жағдайда ескерту жасалады. Iс-әрекет, (әрекетсiздiк) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделгендей әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалса, айыппұлға тартылады.

Айыппұл мөлшерi: — жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 15-айлық есептiк көрсеткiш; — орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 30 АЕК; — iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 50 АЕК көлемiнде болады.

Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер басқармасы
2018 ж. 02 тамыз

Көлеңкелi экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күресу үшiн жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкiн тиiмдi бақылау жүйесiн құру үшiн жалпыға бiрдей декларациялауға көшудiң мақсаты болып табылады

Көлеңкелi экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күресу үшiн жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкiн тиiмдi бақылау жүйесiн құру үшiн жалпыға бiрдей декларациялауға көшудiң мақсаты болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң салық жинау және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi қамтамасыз етуде рөлiн күшейту.

Қазақстан Республикасы көзiнен алған мүлiктi және табыстарды ҚР аумағында бар болғанда — кәмелетке толған ҚР азаматтары, оралмандар және адамдар тұруға ықтиярхаты бар шетелдiктер өз табыстары мен шығыстары туралы жалпыға бiрдей декларациялау туралы жүйесiнiң енгiзумен есеп, бередi. Кәмелетке толмаған тұлғалар-тiркелген олардың мүлiктiтерi бар болған жағдайда дербес салынуға жатады.

Бұл ретте, декларацияда көрiнiс табатын ақпарат:

  • жеке меншiк құқығындағы жеке тұлғаға тиесiлi мүлiк;
  • сатып алу деректерi немесе мүлiктi сату мен жыл үшiн кiрiсi;
  • жеке тұлғаның талаптар мен мiндеттемелер туралы.

жыл iшiнде алатын жалақы, зейнетақы, стипендия және басқа да табыстар аламайтын тұлғалар немесе олармен мүлiк сатылмаған болса, қысқаш декларация ұсынатын болады. Егер де жоғарыда көрсетiлген жеке тұлғалардан басқа, басқа да табыстар аласа, мүлiк, бағалы қағаздар немесе қаржы активтерiн сатып аласа, онда олар толық декларацияны ұсынатын болады.

Жоғары көрсетiлген есептердiң ұсыну мерзiмi:

  • қағаз жеткiзгiште жылдың 15 шiлдесiнен кешiктiрмей;
  • электрондық түрде 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей.

Бұл ретте есептiлiк мерзiмiнде ұсынбаған жағдай үшiн айыппұл санкциясына дейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк және өзiнiң кiрiстiң анық емес көрсетiлуi (жасыруы) кезде қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылған.

Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер Басқармасы

Мемлекеттiк табыстар органдары қызметкерлерiнiң құқықтық мәдениетi, моральдық-адамгершiлiк келбетi, iскерлiк сапасы жемқорлық көрсеткiштерiне сенiмдi қорғаныс

Мемлекеттiк қызметте жалпы және мемлекеттiк табыстар органдарының жүйесiнде бөлiп айтқанда жемқорлыққа қарсы күрес iсiнде басты маңызды құқықтық және моральдық-адамгершiлiк тәрбиесi орын алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерiне тән iскерлiк сапасының құруы әсер етедi.

Мемлекеттiк қызметiнде жұмысы мемлекет пен қоғам жағынан ерекше сенiмi болып табылады және де мемлекеттiк қызметкерiнiң моральдық-этикалық мәдениетiне жоғары талаптарын түрғызады.

Мемлекеттiк қызметшi онымен атқаратын кәсiби қызметiне өзiнiң барлық күшiн, бiлiмiн және тәжiрибесiн салады, өз Отаны — Қазақстан Республикасына әдiл және адал қызмет етедi деп қоғам сенiмд.

Соған байланысты мемлекеттiк қызметкерiнiң моральдық-адамгершiлiк бейнесi және iскерлiк қасиеттерiне қойылатын талаптарын жоғарлату мақсатында 2015 жылдың 29 желтоқсанда Мемлекет басшысының №153 жарлығымен Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары) қабылданды.

Әдеп кодексi халықаралық талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң тәрбиесiне негiзгi стандарттарын орнатады.

Мемлекеттiк қызметiнiң оңтайлы имиджiн қалыптастыру бойынша жоғары мәнi мемлекеттiк қызметшiнiң үйдегi iс-әрекеттерi (жұмыстан тыс уақытта) әсер етедi.

Қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиiстi.

Сонымен қатар, қарапайым болуға, тиiстi көрсетiлетiн қызметтердi алу кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға тиiстi.

Мемлекеттiк қызметшiлер жемқорлық көрсеткiштерiне қарсы болуы қажет, мемлекеттiк қызметiне әсер ететiн жемқорлық құқыбұзушылықтарды немесе жемқорлықпен байланысқан әрекеттердi немесе бұзушылықты жiбермеу қажет. Басқа мемлекеттiк қызметшiлерi жағынан жемқорлық құқықбұзушылықтарды шектеу қажет.

Егер де мемлекеттiк қызметшi жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәлелдi ақпаратқа ие болса, онда ондай бұзушылықты шектеу мен қысқарту бойынша сәйкес шараларды қабылдау қажет, олар өкiлеттi мемлекеттiк органдарды және мемлекеттiк органының басшысын хабардар ету қажет.

Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы күрес негiзгi шарасы негiзiнде жемқорлыққа қарсы мәдениетi, жемқорлықты болдырамауға әсер ететiн коғам iшiнде бағалар жүйесiн сақтау мен күшейтудi орнату болып табылады.

Қызметшiлерiнiң құқықтық мәдениетiн жетiлдiру бойынша оңтайлы тәжiрибесi, оларда моральдық-адамгершiлiк бейнесi мен iскерлiк қасиеттерi мемлекеттiк табыстар органдары қызметшiлерiне тән.

Қызметшiлерiмен мемлекеттiк мемлекеттiк қызметi туралы заң нормалары талаптарын және жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау сұрағы мемлекеттiк табыстар басқармасы басшылығының тұрақты бақылауда.

Конкурс арқылы бос лауазымдарға тағайындау процедурасы ашық және объективтi принциптер еңгiзiлген.

Ерекше назарды қызмет пен азаматтарға қатысты тәрбиелi қарым-қатынасты қалыптастыру мен тәрбиелеу күнделiктi өмiрде мазмұнды және әрекеттi шараларға аудару қажет.

Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Үлбiрлi терi өнiмдер заңдылығын тексеру (жоба шеңберiнде таңбалау)

27 қараша 2017 жылғы Қазақстан Республикасындағы пилоттық жобасы бойынша табиғи терiден жасалған үлбiр бұйымдарды таңбалау iске қосылды, оның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында үлбiр бұйымдарды  есепке алу, қозғалу, таралуын қамтамасыз ету болып табылады.

2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап  үшiншi елдерден үлбiрлi терi өнiмдердi импорттау кезiнде тауарларға арналған декларацияға сәйкес терi өнiмдерiнiң «импорттық» тауар екенiн көрсете отырып таңбалау қажет.

Үлбiрлi терi өнiмдерiн таңбалаудың мәнi тауарларды бақылау (сәйкестендiру) белгiлерi (БСБ) деп белгiленедi. БСБ — бұл қатаң есептiлiк бланкiсi элементтерiмен (құралдармен) қолдан жасаудан (қорғалған полиграфиялық өнiм) қамтитын  белгiсiне  арналған тауарларды таңбалаумен тұжырымдалады. Бұл ретте, таңбалауға  киiм заттары, бөлiктерi және ЕЭО (Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) елдерiнiң аумағында сатылымға шығатын табиғи терiден жасалған киiмдердiң жабдықтарына тиесiлi заттар жатады.

Күзен, қарсақ, суыр, түлкi, қоян, қой терiсiнен және басқа да табиғи үлбiрден тiгiлген бұйымдар таңбаланады. Табиғи үлбiрден жасалған  киiм заттары: (жағасы, қалтасы, жеңi сондай–ақ қолғаптар, оларды әрлеу, биялайлар) және табиғи үлбiрден жасалған бас киiмдер таңбалауға жатпайды, олар тек терi функциясын орындайды.

Жоғарыда көрсетiлген табиғи терiден жасалған бұйымдарды  таңбалау мiндетi заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер өндiрген кезде немесе тауарларды Қазақстан Республикасына әкелген кезде жүктеледi. Сауда залында iлiнiп тұрған сатуға арналған терiден жасалған бұйымдар мiндеттi түрде БСБ маркасымен таңбалануға тиiс екенiн сатып алушы ескеруi керек. Iшiктi арнайы таңбалауды БСБ белгiсi  растайды, оның түпнұсқалығын және заңдылығын айқындайды. Мұндай тауарларды сатып алу кезiндегi әркiм Сервистiк бағдарламалық өнiм «тауарларды Таңбалау» арқылы тiркеусiз екi тәсiлмен анықтай алады:

  • сiлтемеге көшу барысында https://markirovka.gov.kz және түймесiн басу барысында  БСБ таңбалау арқылы;
  • мобильдi қосымшасының көмегiмен СПӨ тауарларды Таңбалау,  немесе бақылау нөмiрiнiң (сәйкестендiру) белгiсiн қолмен енгiзу арқылы.

Сатып алынған БСБ таңбалы терiден жасалған бұйымдарды сатып алу барысында, Сiз нарықты қорғауға, табылған заңсыз өнiмдер көлемiмен көлеңкелi экономика қысқартуға, сондай-ақ  арттыру бюджетке түсетiн салық көлемiн арттыруға көмектесе аласыз.

Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер Басқармасы

Электрондық сауданың артықшылықтары

Тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушiлер үшiн Салық кодексiмен 2018 жылдың 1-шi қаңтарынан бастап, интернет-сауданы қолдау мақсатында, корпоративтiк табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңiлдiктер қарастырылды.

Интернет арқылы сауда жасаушылар (тауарлармен электрондық сауда) — бiр мезгiлде мынадай шарттарды сақтаған кезде:

  • тауарларды өткiзу жөнiндегi мәмiлелердi ресiмдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • тауарлар үшiн ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргiзiлсе;
  • тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткiзетiн өз қызметi болса, не жүктердi тасымалдау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, курьерлiк немесе пошталық қызметтi жүзеге асыратын тұлғалармен келiсiм-шарттары болса корпоративтiк табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Сонымен қатар, жеңiлдiктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетiн кiрiстер жылдық жиынтық кiрiстiң кемiнде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеушi аталған жеңiлдiктердi қолдануға құқылы емес.

Сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер тауарлар үшiн ақы төлеудi қолма-қол емес төлеммен жүргiзсе, патент құнына кiретiн жеке табыс салығының мөлшерi екi есе азаяды, яғни 2% орнына 1% төлейдi.

Аталған жеңiлдiктердi пайдалану үшiн, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бiрiншi кезекте дара кәсiпкер немесе заңды тұлға ретiнде тiркеу есебiне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде қызметтiң басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттiк кiрiстер органдарына жолдауы тиiс.

Салық кодексiнiң 28 бабының 2 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтiк табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кiрiсiн дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiне азайту бөлiгiндегi нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөнiндегi ақпаратты тұрған жерiндегi салық органына уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша беруге мiндеттi.

Сонымен бiрге екiншi деңгейдегi банктер тауарлармен электрондық сауда-тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлер бойынша банктiк шоттардың бар екенi және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсу бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынуға мiндеттi.

Тауарлармен электрондық сауда кезiнде тауарларды жөнелтудi, тасымалдауды, жеткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәлiметтердi уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша ұсынады.

Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткiзiлетiн тұлғалардан және ЭШФ-дың ақпараттарына сәйкес заңдылықтардың сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау жүргiзiледi.

Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер Басқармасы

«Түбiртектi талап ет — жүлденi ұтып ал!»

Тимирязев ауданы бойынша мемiлекеттiк кiрiстiр Басқармасы 2018 жылдың мамыр айының 21-нен бастап қараша айының 30-дейiн Қазақстан Республикасы аумағында «Түбiртектi талап ет — жүлденi ұтып ал» акциясы жүргiзiлiп жатқанын хабарлайды.

Акциянның өткiзу мақсаты:

  • Азаматтардың белсендiлiгiн және халықтың салықтық сауаттылық деңгейiн жоғарлату;
  • Халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау кассалық аппаратын колданудың әлеуметтiк-экономикалық маңызы жөнiнде қоғамдық пiкiр қалыптастыру;
  • Азаматтардың тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi тұтынушы ретiнде өз құқығын қорғай бiлу мәдениетiне тәрбиелеу;
  • Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушiлердi және қоғамды бақылау-кассалық аппаратын пайдалану талап етiлетiндiгi туралы ақпараттандыру;
  • Бақылау-кассалық машинаны қолданысқа енгiзу арқылы Қазақстандағы салық төлеушiлер арасында салық тәртiбiн талап ету негiзiнде бюджетке салық түсiмдерiн көбейту;
  • Көлеңкелi экономиканың көлемiн қысқарту;
  • Кәсiпкерлер арасында шынайы бәсекенi ынтылаудыру.

Акция шарты:

Акция электронды түрде  түбiртектiң суретiн «Wipon» мобилдi тiркемесiмен жiберу арқылы өтедi (тiркеменi «Google Play Маркет,  Apple App Store» желiсi арқылы тегiн орналастыруға болады).Акцияға қатысатын бақылау-кассалық машина түбiртектерiнiң саны қатысушылардың өздерiнiң де санына шектеу қойылмайды.

Сондайақ бiр суретте бiрғана түбiртектiң көшiрмесi болуға тиiс.

Түбiртектiң суретiнде төменгi ақпараттар анық көрiнiлуi мiндеттi:

  • ИИН/БИН, уақыт, күнi, қортынды сома, фискалдық белгi;
  • түбiртекте фискалдық белгi болуға тиiстi: түбiртекте ФП, Ф, F, фискальдық, фискальтық түбiртек белгiлерi болуы мiндеттi;
  • түбiртектiң түп нұсқасын сақтау мiндеттi емес;
  • түбiртектегi сома 0 тенгеден жоғары болу қажет;
  • тауарды алған не болмаса көрсетiлген қзымет түбiртегiнiң уақыты мен күнi ағымдағы жылдың 21 мамырынан киiн болмауға тиiс;
  • «Wipon» желiсiн жойған жағдайда бұрынғы жiберiлген түбiртектiң бәрi жойылады;
  • Бiр түбiртектi қайталап жiберiлсе есепке алынбайды.

Бiр кассалық түбiртек бiр ұтыс билетiне тең.

Бақылау-кассалық машинасының түбiртегi акцияда бiр рет қана, яғни акцияны жүргiзу кезiндегi 2018 жылдың 21 мамынан қараша айының 30 дейiн кез келген айында қатыса алады. Бағалы жулделердi ойнату ай сайын!

Тимирязев ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер Басқармасы

Қоғамдық даму министрлiгi 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшiн өтiнiмдердi қабылдайды

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлiгi үкiметтiк емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесi бағыттар бойынша конкурс өткiзу туралы хабарлайды:

  1. бiлiм беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткiзу;
  2. азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салтын насихаттау;
  3. қоршаған ортаны қорғау;
  4. жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
  5. отбасылық-демографиялық және гендерлiк мәселелердi шешуге жәрдемдесу;
  6. халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  7. жетiм балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
  8. халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;
  9. азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау;
  10. мәдениет пен өнердi дамыту;
  11. тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  12. қоғамдық келiсiмдi және ұлттық бiрлiктi нығайту;
  13. өздерiнiң есебiнде тұрған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету кезiнде пробация қызметтерiне жәрдемдесу;
  14. мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу;
  15. азаматтық қоғамды дамытуға, оның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тiркелген және Үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорына мәлiметтер ұсынған үкiметтiк емес ұйымдар қатыса алады.

Бiр үкiметтiк емес ұйым бiр номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейiн үш жыл iшiнде оны алу үшiн қайта ұсынуға жол берiлмейдi.

Бiр номинация бойынша сыйлықақы бiр немесе бiр мезгiлде бiрнеше үмiткерге берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлiнедi.

Сыйлықақыны алу үшiн өтiнiмдi ұсынуға арналған тiзбе мыналарды қамтиды:

  1. өтiнiш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiншi басшы немесе оның мiндетiн атқаратын адам қол қойған үкiметтiк емес ұйымның ресми бланкiсiнде);
  2. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үмiткердiң сауалнамасы;
  3. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үмiткердiң қызметi туралы сипаттама (растайтын материалдармен бiрге);
  4. соңғы 3 (үш) жыл iшiнде ұсынылған бағыт бойынша iске асырылған жобаларды және бiрлескен жұмыс барысында қол жеткiзiлген нәтижелердi растау мақсатында байланыс деректерi көрсетiлген қоғамдастық (үкiметтiк емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң ұсынымдары (екiден кем емес);
  5. үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнiң (анықтаманың) көшiрмелерi;
  6. банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшiн үкiметтiк емес ұйымдарды ұсыну жөнiндегi өтiнiмдер Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлiгiнiң Азаматтық қоғам комитетiне қағаз және электронды жеткiзгiштерде (СD-дискiлерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесi мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы 8, «Министрлiктер үйi» ғимаратының 15-кiреберiсiндегi 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.

Естерiңiзге саламыз, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне коммерциялық емес ұйымдардың қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына қол қойылды.

Заңның қабылдануымен сыйлықақы алуға ұсынуға үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiгi кеңейдi.

Бұрын сыйлықақы алуға ұсынғаннан кейiн үш жыл iшiнде конкурсқа қатысуға шектеу болатын.

Заң қабылданғаннан кейiн өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бiрақ жеңiмпаз болып табылмаған үкiметтiк емес ұйымдар, келесi жылдары да сыйлықақы алуға ұсынуға мүмкiндiк алады.

Қағидаға келесi сiлтеме бойынша орналасқан https://diakom.gov.kz/kk/content/buyryktar.

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kzzh.konkarova@sko.gov.kz

байланыс телефоны: 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм берiлетiн жер: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2018 жылғы «25» маусымнан бастап 2018 жылғы «24» шiлде аралығында, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2018 жылғы «25» маусымнан сағат 10:00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2018 жылғы «24» шiлде сағат 13:00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upt.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Гранттық қаржыландыру шарттары:

  • Жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде өңдеушi өнеркәсiп салаларында iске асыру үшiн 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
  • Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның iшiнде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның мiндеттi шарты болып табылады.
  • «БЖК-2020» Бағдарламаның және/немесе Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың болуы.

«Қазақстан — ұлы дала елi» қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата бiл!

Құрметтi достар!

Назарларыңызға «Қазақстан — Ұлы Дала Елi» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бiрегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивтi карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тiлдерiнде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристiк немесе iскерлiк мақсатпен келудi жоспарлайтын шет ел азаматтары үшiн, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушiлер, журналистер және бизнесмендер үшiн таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, Play Market, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Қазақстанды әлемге паш етейiк!

Қосымшаға келесi сiлтеме арқылы өте аласыз: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13

Сiлтемелер

  1. http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 — ҚР СIМ-нiң ресми сайтындағы қолданбаның қазақ тiлiндегi нұсқасына сiлтеме;
  2. http://mfa.gov.kz/ru/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 — СIМ-нiң ресми сайтындағы қолданбаның орыс тiлiндегi нұсқасына сiлтеме;
  3. http://mfa.gov.kz/en/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 — СIМ-нiң ресми сайтындағы қолданбаның ағылшын тiлiндегi нұсқасына сiлтеме;
  4. https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8 — AppStore-ға сiлтеме;
  5. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.siveco.kazakhstan — PlayMarket-ке сiлтеме;
  6. http://mfa.gov.kz/mobile/demos/index.html — веб-нұсқаға сiлтеме;
  7. http://bit.ly/28PckQP — бейнероликтердi жүктеуге арналған сiлтеме (барлық тiлдердегi нұсқалары мен форматтары);
  8. https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw — Youtube-тағы қазақ тiлiндегi бейнероликке сiлтеме;
  9. https://www.youtube.com/watch?v=HzajL2ZKXoQ — Youtube-тағы ағылшын тiлiндегi бейнероликке сiлтеме;
  10. https://www.youtube.com/watch?v=ovg5VBHut5w — Youtube-тағы орыс тiлiндегi бейнероликке сiлтеме;
  11. https://goo.gl/B9MSSB — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiндегi аудиороликтердi жүктеуге арналған сiлтеме.

Хабарландыру

Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет институты қалыптасуының 20 жылдығын мерекелеуге байланысты Тимирязев ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында 2018 жылғы 19 маусымда сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейiн Бiрегей ашық есiктер күнi өтедi.

Аталған iс-шара мемлекеттiк органдардың айқындығын, транспаренттiлiгiн, ашықтығын қамтамасыз ету және сақтау, мемлекеттiк қызмет имиджiн көтеру, азаматтар тарапынан мемлекеттiк аппаратқа сенiм мен беделiн арттыру, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттiк қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылады.

Барлық тiлек бiлдiрушiлердi бiздiң мемлекеттiк органға келуге шақырамыз.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк көрме-байқауына қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

Облысымызда өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарлар мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм өндiретiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар Байқауға қатыса алады. Байқауға қатысу тегiн.

Байқау үш номинация бойынша жүргiзiледi: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халық тұтынатын үздiк тауарлар», «Үздiк азық-түлiк тауарлары». Әр номинацияда үш жеңiмпаз анықталып, олар Республикалық көрме-бауқауында облыс атынан қатысады.

«Қазақстанның үздiк тауары» — кәсiпорын үшiн жарнама жасау мен тұтынушыны тартуға үлкен мүмкiндiк.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған байқауға қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы конкурстық негiзде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы үшiн жыл сайын берiледi.

2018 жылдан бастап «Алтын сапа» байқауына ауыл шаруашылық пен азық-түлiк өнiмдерiн өндiру саласындағы жаңа төртiншi номинациясы енгiзiлдi. Сәйкесiнше сыйлық келесi категориялар бойынша берiлетiн болады: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» және «Азық-түлiк тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» номинациядағы шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi.

Сонымен қатар осы жылдан бастап Байқаудың жеңiмпаздары лауреат дипломы мен эмблемалардан бөлек, 450 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде (бiр миллион теңгедей) ақшалай сыйақы алатын болады.

Бүгiнгi таңда осы байқау ұлттық брендке айналып, сапа саласындағы ең беделдi байқауы балып саналады. Байқауға қатысу тегiн.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Вакцинация сұрақтарының қауырт желiсi: 8-8000-700-830

Құрметтi респонденттер! Солтүстiк Қазақстан облысының Статистика департаментi Сiзге 1-Т (тоқсандық) «Еңбек бойынша есеп» есептi тапсыру қажеттiлiгi туралы ескертедi (ZIP 4 Kb)

2018 жылы Зейнетақы және Әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (ZIP 7 Kb)

Лизинг берушiлер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлiк бұйымдардың дилерге мәлiмет үшiн (ZIP 14 Kb)

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң назарларына!

2018 жыл бойнша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер, ауыл кооперативтерi, шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолданылатын туралы Хабарламаны ұсыну мерзiмi 2017 жылдың 10 желтоқсанда аяқталадыi.

Солтүстiк Қазақстан облысыТимирязев ауданы бойынша МКБ

Кел, ертегi суретiн саламыз!

3 пен 8 жас аралығындағы балаларға арналған республикалық балалар байқауы

Өз балаңызбен бiрге http://konkurs.nmo.kz сайтында жарияланған «Ержүрек вакцина» ертегiсiн оқып шығыңыз да, осы ертегiнiң желiсiне қатысты сурет салыңыз. Артынша оны Байқау ұйымдастырушыларының konkurs@nmo.kz электронды мекенжайына жолдаңыз.

Байқау  кезеңдері:

Суреттердi қабылдау: 2017 жылдың 15 тамызына дейiн

Онлайн дауыс беру: 2017 жылдың 16 тамызынан 20 тамызына дейiн

Әдiл қазылар жұмысы: 2017 жылдың 16 тамызынан 20 тамызына дейiн

Байқау қорытындысы: 2017 жылдың 22 тамызы

«Ержүрек вакцина» ертегi кiтабының таныстырылуы және байқау жеңiмпаздарының марапатталуы: 2017 жылдың 21 қазаны «Сену және өмiр сүру» Жыл сайынғы Әлеуметтiк-медициналық форумының аясында өтедi.

Сауалдарыңыз болса konkurs@nmo.kz электронды мекенжайына хат жолдауға немесе +7+707-123-24-68 телефоны бойынша хабарласуға болады.

«Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты беру»

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы (бұданәрi — Басқарма) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудi жүзегеасырады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративiшiлiк ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығы қолданысқа енгiзiлдi, оған сәйкес рұқсаттыбергенiжәне (немесе) ұзартқаны үшiн жұмыс берушiлерден «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерiне сәйкес салық алымы алынады.

Экономикалық қызмет түрлерiне және тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң санаттарына байланысты шетелдiк жұмыс күшiнтартуғарұқсаттыбергенiжәне (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерi 137-ден 250 АЕК-ке дейiн шаманы құрайды.

Рұқсаттар халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде берiледi.

2018 жылға квотаны қалыптастыру үшiншетелдiк жұмыс күшiн тартуға ниет бiлдiрген жұмыс берушiлер 1 тамызға дейiн Басқармаға алдағы жылға шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктi ұсынады.

Жұмыс берушiлердiң қажеттiлiгiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi — Комиссия) қарайды, ол жұмыс берушiлердiң алдағы жылға сұратып отырған шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру туралы не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның шешiмi жұмыс берушiлердiң әрбiр өтiнiмiне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерi қол қояды.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (715-2) 46-37-43 телефонға хабарласуға болады, факс 46-90-73, электрондық пошта zsp@sko.kz, басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.

«СҚО әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру
және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» КММ

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғайбағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды ұсынуға (жеке бизнесін құруға) арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы» КММ.

Орналасқан жері: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 521 каб.;

пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 521 каб.;

электрондық пошта мекенжайы: a.dairov@sko.gov.kz; zh.konkarova@sko.gov.kz;

байланыс телефоны 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23, 8 (71537) 2-03-34.

Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурсқа қатысудың міндетті шарттары Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштарысертификатының болуы және кәсіпкердің оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Кәсіпкердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру орны: «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы кәсіпкерлік бөлімі» коммунальдық мемлекеттік мекемесі Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 25 тел: 8 (71537) 2-03-34.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2017 жылғы «12» маусымнан 2017 жылғы «11» шілдеге дейін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2017 жылғы «12» маусымда сағат 10:00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2017 жылғы «11» шілдеде сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upt.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Некеге отырушылар үшін жаднама

Отбасылық қарым-қатынастардың негізгі заңдылық құжаты 2011 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі болып табылады. Онда отбасылық өмірде пайда болуы мүмкін көптеген маңызды сұрақтарға жауап табуға болады. Отбасылық қарым-қатынасқа енуші жастардың құқықтық сауаттылығы бұл отбасындағы өзара қатынастарды бастапқыдан дұрыс қалыптастыру мүмкіндігі болып табылады.

Неке отбасын құру мақсатында неке құрушылардың тек өзара келісімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ешбір жағдайда неке құру үшін мәжбүрлеуге жол берілмейді. Мұндай неке кейіннен жарамсыз болып табылуы мүмкін.

Өзара келісім бойынша неке құрушылар медициналық-генетикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығын қорғау мәселелері бойынша (дені сау баланың бітуі, оны көтеру және туу мүмкіндігі) медициналық кеңес алу және зерттеуден өту мүмкін. Осындай зерттеулердің нәтижелері азаматтың неке құруға ниет білдірген тұлғасына оның келiсiмiмен хабарлануы мүмкін.

Неке қию тіркелгеннен кейін неке құрушыларда ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері пайда болады.

Біріншіден, бұл, отбасында ерлі-зайыптылардың теңдік құқығы, яғни, ерлі-зайыптылар тең құқықтарға ие болып, тең міндеттерді атқарады.

Текті таңдау құқығы, ерлі-зайыптылар олардың біреуінің тегін ортақ тек ретінде таңдай алуы немесе олардың некеге дейінгі тегінде қалуы болып табылады. Сондай-ақ, өз тегіне жолдасының тегін сызықша арқылы қосып, осылайша қос тек иесі атану мүмкіндігі бар.

Отбасындағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін анықтау үшін неке құрушылар неке шартын жасай алады. Некеге тұрмас бұрын немесе некеде тұрған кезде кез келген уақытта нотариуста шарт жасасу мүмкін.

Болашақ жұбайлардың ең маңызды парызы отбасындағы қарым-қатынасты өзара сыйластық және өзара көмек негізінде орнату, отбасының әл-ауқатын ықпалдау және нығайту, өз балаларының денсаулығына, олардың дамуы мен әл-ауқатына қамқорлық ету парызы және т.б.

Үйлену тойы — бұл әрбір адамның өміріндегі ең бақытты күні деп аталып кеткен. Ал бұл таң қаларлық емес: осы күні сіз махаббат, нәзіктік және отбасылық бақытқа толы жаңа әлемге енесіз.

Неке тіркеу күні Сіз бір-біріңіздің, отбасы, ата-ана, қоғам, мемлекет және сіздің балаларыңыздың болашағының алдында үлкен қарыз аласыз. Отбасын құру — Сіздің өміріңіздегі ең маңызды және бірегей шешімдердің бірі және ерекше жауапкершілікті талап ететін өте маңызды қадам болып табылады.

Отбасындағы жақын тұрақты қатынастар — бұл күрделі жүйе, өйткені, отбасы — бұл тірі ағза. Ол жүйеде тиімді және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, өзара іс-қимыл тетіктері, жұмыс істеу қағидалары бар.

Отбасын сақтау үшін, отбасында үлкендерге, ата-аналарға құрмет, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сүйіспеншілігі болуы және балаларды құрмет пен даңқта тәрбиелеуі қажет.

Әке мен ана бір-бірін және балаларды жақсы көретін, Сіздің отбасы шын мәнінде бақытты болсын. Сіздің балаларыңыз бақытты отбасының қандай екенін білсін. Сіздің бақытты отбасылық өмірдің мысалы, болашақта олардың мақсаты мен мұратына айналсын.

Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгi Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезiнде кедергiлердi болдырмау үшiн жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актiлерi бойынша берешегiн және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуiн тексерудi ұсынады.

2015 жылғы 29 қыркүйектегi № 375- VҚРЗ ҚР Кәсiпкерлiк кодексiнiң 24 бабына сәйкес кәсiпкерлiк субъектiлерi санаттарына қатысты:

  • заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны бiр жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кiрiсi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын, кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне.
  • жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кiрiсi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң отыз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын, жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлерiне.
  • кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын, шағын және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне.
  • кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттардың бiреуiне немесе екеуiне сай келетiн: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кiрiсi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң үш миллион еселенген мөлшерiнен асатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, кәсiпкерлiк субъектiлер санаты туралы анықтаманы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң электрондық сайтында қосымшада көрсетiлген схемаға сәйкес алуға болатынын хабарлаймыз.

Қосымша Zip (16.4 Kb)

Құрметтi конкурсқа қатысушылар!

Сiздерден кәсiпорын ақпаратты сараптамалық баға кестелерiнде көрсетiлген көрсеткiштер, критерийлердiң сипаттамасын ескере отырып даярлауды сұраймыз.

Көрсеткiштердiң (критерийлердiң) атаулары ақпаратта бөлiмдер ретiнде айқындалуы тиiс.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы «Халық тұтынатын үздік тауарлар»номинациясы «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы
Бөлімдер   Бөлімдер   Бөлімдер  
Отандық аналогтарымен салыстырғандағы тұтынушылық деңгейі. Сипаттау, салыстыру. Қолданылатын стандарттар көрсетілсін. Отандық аналогтарымен салыстырғандағы тұтынушылық деңгейі. Сипаттау, салыстыру. Қолданылатын стандарттар көрсетілсін. Отандық аналогтарымен салыстырғандағы тұтынушылық деңгейі. Сипаттау, салыстыру Қолданылатын стандарттар көрсетілсін.
Өнім экспорты. Міндетті түрде жеткізу географиясы көрсетілсін, диаграммалар, аңғартпалар қажет, үлес көрсетілсін. Өнім экспорты. Міндетті түрде жеткізу географиясы көрсетілсін, диаграммалар, аңғартпалар қажет, үлес көрсетілсін. Өнім экспорты. Міндетті түрде жеткізу географиясы көрсетілсін, диаграммалар, аңғартпалар қажет, үлес көрсетілсін.
Өндіріс көлемі 3 жыл үшін (2015-2016 жылдар және 2017 жылдың қаңтар-мамыры) кәсіпорынның толықтай алғандағы өндіріс, сонымен қатар жарияланған өнім көлемі көрсетілсін, диаграммалар қолданылсын, түсіндіру берілсін, көлемнің төмендеуі жағдайында міндетті түрде себептері көрсетілсін Өндіріс көлемі 3 жыл үшін (2015-2016 жылдар және 2017 жылдың қаңтар-мамыры) кәсіпорынның толықтай алғандағы өндіріс, сонымен қатар жарияланған өнім көлемі көрсетілсін, диаграммалар қолданылсын, түсіндіру берілсін, көлемнің төмендеуі жағдайында міндетті түрде себептері көрсетілсін Өндіріс көлемі 3 жыл үшін (2015-2016 жылдар және 2017 жылдың қаңтар-мамыры) кәсіпорынның толықтай алғандағы өндіріс, сонымен қатар жарияланған өнім көлемі көрсетілсін, диаграммалар қолданылсын, түсіндіру берілсін, көлемнің төмендеуі жағдайында міндетті түрде себептері көрсетілсін
Әлеуметтік бәсекеге қабілеттілік, қазақстандық нарықтағы қолжетімділік — бағалар, оларды басқа өндірушілердің бағаларымен салыстыру жасалсын, — өткізілетін іс-шаралар, жеке алғанда барынша төмен бағалармен арзандатып сату өткізу көрсетілсін Әлеуметтік бәсекеге қабілеттілік, қазақстандық нарықтағы қолжетімділік — бағалар, оларды басқа өндірушілердің бағаларымен салыстыру жасалсын, — өткізілетін іс-шаралар, жеке алғанда барынша төмен бағалармен арзандатып сату өткізу көрсетілсін
Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан кінә қою/пікірлер   Тұтынушылардың 10 пікірі, Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан 2016 жылы кінә қою бар ма екендігін көрсету Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан кінә қою/пікірлер. Тұтынушылардың 10 пікірі, Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан 2016 жылы кінә қою бар ма екендігін көрсету Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан кінә қою/пікірлер   Тұтынушылардың 10 пікірі, Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан 2016 жылы кінә қою бар ма екендігін көрсету
Қазақстандық мазмұны. Тауарларды өндірудегі қазақстандық мазмұн үлесін пайызбен көрсету, тауардың шығуы туралысертификат қоса берілсін СТ-KZ нысаны   Қазақстандық мазмұны. Тауарларды өндірудегі қазақстандық мазмұн үлесін пайызбен көрсету, тауардың шығуы туралысертификат қоса берілсін СТ-KZ нысаны   Қазақстандық мазмұны. Тауарларды өндірудегі қазақстандық мазмұн үлесін пайызбен көрсету, тауардың шығуы туралысертификат қоса берілсін СТ-KZ нысаны  
Сапа көрсеткіштері, СМЖ Өнімнің сапасын бақылауқалай іске асырылып жатқандығы айқындалсын, оның тұрақтылығы расталсын, СМЖ қашан енгізілгені көрсетілсін Сапа көрсеткіштері, СМЖ Өнімнің сапасын бақылауқалай іске асырылып жатқандығы айқындалсын, оның тұрақтылығы расталсын, СМЖ қашан енгізілгені көрсетілсін Сапа көрсеткіштері, СМЖ Өнімнің сапасын бақылауқалай іске асырылып жатқандығы айқындалсын, оның тұрақтылығы расталсын, СМЖ қашан енгізілгені көрсетілсін
Маркетингтік саясатты іске асыру, бәсекеге қабілеттілікті басқару не істеліп жатқандығын, қандай нәтижелер екендігін сипаттау   Маркетингтік саясатты іске асыру, бәсекеге қабілеттілікті басқару не істеліп жатқандығын, қандай нәтижелер екендігін сипаттау   Маркетингтік саясатты іске асыру, бәсекеге қабілеттілікті басқару не істеліп жатқандығын, қандай нәтижелер екендігін сипаттау  
Өндіру технологиясы Жаңашылдық, прогрессивтікті және т.б. баса көрсету Тұтынушылар үшін ақпарат Орамада, этикеткада және т.б. не көрсетіледі, олардың үлгілері қоса берілсін Тұтынушылар үшін ақпарат Орамада, этикеткада және т.б. не көрсетіледі, олардың үлгілері қоса берілсін
Өнімнің, ораманың дизайны, эстетикалық қасиеттері сипаттама, өнімнің фотосы Өнімнің, ораманың дизайны, эстетикалық қасиеттері сипаттама, өнімнің фотосы Өнімнің, ораманың дизайны, эстетикалық қасиеттері Ораманы жеткізуші көрсетілсін, оны даярлауда қандай стандарттар қолданылады,өнімнің фотосы, ораманың үлгілері қажет

Байқау құжаттамасы пакетi

Байқауға қатысу үшiн байқауды ұйымдастырушыға кәсiпорынмен мыналар ұсынылады:

  1. байқауға қатысуға өтiнiм;
  2. сауалнама-декларация;
  3. байқау құжаттарының жиынтығы.

Байқау құжаттарының жиынтығында болуы тиiс:

1. кәсiпорын туралы қысқаша ақпарат.

2. байқауға қатысушылардың кәсiпорынның жұмыс нәтижесiн бағалайтын көрсеткiштерi және осы көрсеткiштердiң өзгеру тенденциясы:

  • 2015-016 жылдары және 2017 жылғы қаңтар-мамырда өткен жылдардың (2014 пен 2015 жылдар, 2016 жылғы қаңтар-мамыр) деңгей көрсеткiштерiмен салыстырғанда өнiмдiқұндық көрсету мен табиғи көрсеткiштерде кәсiпорын бойынша өндiру көлемi;
  • жергiлiктi мағына үлесi (қазақстандық шикiзат пен материалдарды қолдану %), осы көрсеткiштiң өзгеру қарқыны;
  • жалпы жеткiзукөлемiнен үлесi көрсетiлген өнiмдi жеткiзу географиясы (сыртқы, өңiрлiк және республикалық нарық .

Кәсiпорынның қызмет нәтижелерi туралы ақпарат қысқа пiкiрлермен сүйемелденуге тиiс кестелер немесе диаграммалар түрiнде ұсынылады.

3. байқауға жарияланған өнiмнiң негiзгi параметрлерi мен сипаттамасының сандық мәнi көрсетiлумен негiзгi тұтынушылық және техникалық қасиеттерiнiң сипаттамасы;

жаңашылдық, өнiмдi даярлау кезiнде қолданылатын технологияның прогрессивтiгi.

4. тұтынушылар және мемлекеттiк бақылаушы органдар тарапынан кiнә қоюдың болуы/жоқтығы;

Тұтынушылардың, ресми тiркелген республиканың әр түрлi өңiрлерiнен және оның шегiнен сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (10 пiкiр).

5. сапа мен қауiпсiздiк туралы сертификаттар мен қорытындылардың көшiрмелерi (сәйкестiк сертификаты, гигиеналық қорытынды, экологиялық сертификат — бар болған жағдайда).

6. менеджмент жүйесiне берiлген сертификат көшiрмесi (бар болған жағдайда).

7. байқауға жарияланған өнiмнiң әлеуметтiк бәсекеге қабiлеттiлiгi деңгейi (кәсiпорын басшысымен қол қойылған прайс-парағынемесе анықтама қоса берiлсiн).

8. «Тұтынушыларға арналған ақпарат, Жалпы талаптар» (азық-түлiк емес тауарлар үшiн ҚР СТ 1009-2005, азық-түлiк тауарлары үшiн ҚР СТ 1010-2008) ҚР СТ сақтау туралы ақпарат

9. кәсiпорынның маркетингтiк саясаты мен бәсекеге қабiлеттiлiктi басқаруы туралы ақпарат.

Материалдар пакетiне мiндеттi түрде этикеткалар, орама және кәсiпорын мен өнiм туралы жарнамалық материалдар (буклеттер, басқа басылымдық өнiм, өндiрiс пен өнiм фотосы, байқауға қатысуға өтiнiм берген кәсiпорын мен өнiмнiң презентациясы бар бейнематериал) қоса берiледi

Құжаттар файлдары бар папкаға салынуы тиiс.

«Парыз-2017» республикалық конкурсына қатысыңыздар!

«Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы тралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының энергетика министрлiгi, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының кәсiподақтар Федерациясы және жергiлiктi атқарушы органдар 2017 жылы «Парыз» бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi конкурстың өткiзiлуi туралы хабарлайды.

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрi жақсарту үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қоғам алдындағы өзiнiң корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгiн қалыптастыруға және арттыруға бағытталған және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн өз қызметкерлерi үшiн, сол секiлдi тұтас алғанда қоғам үшiн де әлеуметтiк мәселелердi шешуге ынталандырып, осы саладағы қолда бар оң тәжiрибенi көрсету және кеңiнен таратады.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi (бұдан әрi — үмiткерлер) қатыса алатын конкурс, келесi санаттар бойынша:

  1. шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
  2. iрi кәсiпкерлiк субъектiсi санаттары бойынша берiледi.

Үмiткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсi қызметкерлерiнiң әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерiнiң корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгiн растайтын әлеуметтiк бағдарламаларын ұсынуға тиiс.

Бағдарламалар мен олардың жобаларына үмiткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергiлiктi атқарушы органдармен әрiптестiкте жүзеге асыратын және әлеуметтiк салада оң өзгерiстерге қол жеткiзуге бағытталған iс-шаралар кiредi.

Конкурс жыл сайын номинациялар бойынша өңiрлiк және республикалық деңгейлерде өткiзiледi.

  1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды әлеуметтiк бейiмдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң кызметi қаралады;
  2. «Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын». Бұл номинацияда еңбек кызметi процесiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн еңбек жағдайларын жасайтын үмiткерлердiң қызметi қаралады; 
  3. «Үздiк ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжым шарттар қаралады;
  4. «Экологияға қосқан үлесi үшiн». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Гран-при — конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтiк әлеуметтiк және экологиялық жауапкершiлiк қағидаттарын iске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткiзген үмiткерге берiледi.

Конкурстың өңiрлiк және республикалық кезеңдерiне қатысу тегiн болып табылады.

Үмiткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресiмдейдi және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергiлiктi атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткiзгiштерде ұсынады.

Конкурсқа катысуға:

  1. қызметiн кемiнде үш жыл жүзеге асыратын;
  2. таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
  3. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның iшiнде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешегi жоқ;
  4. қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
  5. Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсiподақ және дiни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиiс емес әлеуметтiк және қайырымдылық қызметтi жүзеге асыратын;
  6. конкурсқа қатысуға өтiнiмiнде дәйектi мәлiметтердi көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үмiткерлер жiберiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Тимиряев ауданының кәсiпкерлiк құрылымдарын Республикалық конкурсқа белсендi қатысуын және өздерiнiң әлеуметтiк бағдарламаларын ұсынуын, сонымен қатар қоғамдық жағдай мен жұмысшының еңбек және әлеуметтiк қорғалуын жақсартуға өз үлесiн қосуын сұраймыз.

Толық ақпарат пен кеңестi Тимирязев а. Уәлиханов көшесi,1, № 111-каб мекенжайы бойынша орналасқан «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-нен, тел. 2-14-41, Тимирязев ауданы әкiмiнiң timsko.kz немесе СҚО әкiмдiгiнiң ЖҮӘББ тел. 46-77-59 ukzsp.sko.gov.kz және ҚР ЕХӘҚМ mzsr.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

Конкурс ұйымдастырушы: «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінң аппараты» ҚММ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс жүргізетіндігін туралы хабарлайды. Өтінімдері қабылдауды «СҚО Тимирязев ауданының жер қатынастары бөлімі» ҚММ жүргізеді. Конкурс жүргізу күні, уақыты және мекен-жайы: Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Валиханова көшесі, 1 (3-қабат әкімдіктің кіші залы) мекен-жайы бойынша Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында, 2017 жылдың 28 сәуірдеғі 15 сағат 00 минутта конкурс өткізіледі. Осы конкурсқа қатысу ушін өтінімдер 2017 жылдың 27 сәуір деін қабылданады. Дмитриевский ауылдық округі: Лот №1: өріс №15-3, №г-3-6 — жалпы ауданы 98 га, соның ішінде егістіқ 59 га (сапа балы 55,6), табиғи жайылым 38 га (сапа балы 7,9), бұталар жер 1 га. Жер учаскесінен аудан орталығына дейінгі ара қашықтық 62 км. Жер пайдалану мерзімі 25 жыл. Лот №2: өріс №1 — жалпы ауданы 108 га, соның ішінде егістік 108 га (сапа балы 45,7). Жер учаскесінен аудан орталығына дейінгі ара қашықтық 62 км. Жер пайдалану мерзімі 25 жыл. Лот №3 — өріс №4-7, №15-5, №г-8, №г-3-8, №7, №5-1, №11, №4-7, жалпы ауданы 330 га, соның ішінде егістіқ 203 га (сапа балы 55,2), табиғи жайылымдар 55 га (сапа балы 14,3), жақсартылған жайылымдар 58 га (сапа балы 15,9), батпақты жер 14 га. Жер учаскесінен аудан орталығына дейінгі ара қашықтық 62 км. Жер пайдалану мерзімі 25 жыл. Дзержинский ауылдық округі: Лот №4: өріс №28, №Г1-3кор – жалпы ауданы 125 га, соның ішінде егістіқ 107 га (сапа балы 51,2), табиғи жайылымдар 18 га (сапа балы 29,3). Жер учаскесінен аудан орталығына дейінгі ара қашықтық 22 км. Жер пайдалану мерзімі 25 жыл. Докучаевский ауылдық округі: Лот №5: өріс №37, № кос – жалпы ауданы 75 га жер учаскесі, соның ішінде егістіқ 59 га (сапа балы 58,1), табиғи жайылымдар 15 га (сапа балы 44,9). Жер учаскесінен аудан орталығына дейінгі ара қашықтық 17 км. Жер пайдалану мерзімі 25 жыл. Ленин ауылдық округі: Лот №6: өріс №50-2 – жалпы ауданы 41 га жер учаскесі, соның ішінде егістіқ 41 га (сапа балы 44,9). Жер учаскесінен аудан орталығына дейінгі ара қашықтық 52 км. Жер пайдалану мерзімі 25 жыл. Лот №7: өріс №6-2 – жалпы ауданы 58 га жер учаскесі, соның ішінде табиғи жайылымдар 55 га (сапа балы 22,1). Жер учаскесінен аудан орталығына дейінгі ара қашықтық 53 км. Жер пайдалану мерзімі 25 жыл.

Толық мәлімет 8(71537)2-19-75, 2-02-03 телефондарынан немесе www.tm.sko.gov.kz сайтында.

«Цифрлық дәуірдегі тұтынушылық құқықтар»

«Есептiлiктiң жана нысаны «Бос жұмыс орындары туралы»

Құрметтi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылар, кәсiпорындар басшылары және жеке кәсiпкерлер!

2017 жылғы 15 наурызда сағат 10-нан бастап 18-ге дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнде, сондай-ақ барлық аудандық және қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларында «Сандық дәуiрдегi тұтыну құқықтары» ұранымен Дүниежүзiлiк тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнiне арналаған «Ашық есiктер күнi» өткiзiледi.

Сiздер тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi заңнаманы тәжiрибелiк қолдану, оның iшiнде техникалық регламеттердi сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерi бойынша департамент мамандарының кеңесiн Петропавл қ., Мир к-сi, 236, мекенжайы бойынша 8-7152-52-14-36 «жедел желi» телефоны арқылы ала аласыз. Тұтынушылар электрондық өтiнiштерiмен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң http://sko.kzpp.gov.kz ресми интернет-ресурсына жүгiне алады.

Мұрағат Zip (93.1 Kb)

2015 жылдың 1 сәуiрiнен бастап 2015 жылдың 30 қарашасына дейiн Тимирязев ауданында «Чектi талап ет — бағалы сыйлық ұтып ал!» акциясы өткiзiледi Zip (6 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден жер учаскелерiн жалға беру бойынша конкурс жүргiзетiндiгi туралы хабарлайды Zip (9 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Тимирязев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев а. Тимирязев ауылдық округi бойынша қатты өнеркәсiптiк қалдықтар үшiн жетiлдiрiлген үйiндiнiң құрылысына (орнату) жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс жариялайды Zip (38 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден жер учаскелерiн жалға беру бойынша конкурс жүргiзетiндiгiн хабарлайды Zip (9 Kb)

«СҚО Тимирязев ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ-сi ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауылшаруашылығы санатындағы жер учаскелерiн жалға беру бойынша өткiзiлген конкурс қортындысы Zip (10 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2017 14:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.11.2019 18:05

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+