Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауданның әлеуметтік саласы

Қазақстан мүгедектерi оңалту құралдары мен арнайы қызметтерге тапсырыс бере алады

Мүгедектiгi бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрi — ОТҚ) және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы өз бетiнше тапсырыс бере алады.

Мүгедектiгi бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар берудi қамтиды. Арнайы әлеуметтiк қызметтерге жеке көмекшiлердiң, ымдау тiлi мамандарының қызметтерi және санаторий-курорттық емделу жатады.

Бүгiнгi күнi ТОҚ және жоғарыда аталған қызметтер Мемлекеттiк сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн жаңғырту, сапасын және қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдiң бүкiл аумағында Әлеуметтiк қызмет порталы iске қосылады.

Бүгiнгi күнi техникалық құралдар мен оңалту қызметтерiн алуға мүгедектiк белгiленген күнiнен бастап 8 айға дейiнгi уақыт кетедi. Бұл мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн өткiзудiң ұзақтығына байланысты болып отыр. Қызмет алушылар тендер жүйесi оларға мүлдем сәйкес келмейтiндiгiн айтады. Жыл сайын олар қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың бұйымдардың сапасының нашарлауына жиi шағымданады. Порталды енгiзу оңалту қызметтерiне қажеттiлiктi есепке алудың ашық еместiгi факторын болдырмауға мүмкiндiк бередi. Ең бастысы, оңалту қызметтерi мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттiлiктерiне сәйкес келмеу проблемаларын шешедi, өйткенi мүгедектiгi бар адамдар тауардың және қызметтiң қажеттi түрiн өз бетiнше таңдай алады.

Порталды енгiзу нәтижесiнде техникалық оңалту құралдарының және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсынуға арналған бизнес-процестердiң уақытын оларды проактивтi формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейiн қысқартуға мүмкiндiк бередi. Мүгедектiгi бар адамдардың өтiнiштерiне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерiнiң белгiленген құнын өтеу механизмi көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтердi таңдаған кезде қосымша төлемдердi iске асыру функциясы қолжетiмдi болады деген сөз.

Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қолжетiмдi болып, медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң бiрыңғай тiзiлiмiнде (бұдан әрi — МӘМ) барлық МӘМ-нiң жабдықталуы және жұмыс жүктемесi ескерiлетiн болады.

Портал енгiзу оңалту құралдары мен қызметтерiне тең қолжетiмдiлiктi, үйден шықпай-ақ «бiр терезе» арқылы уақытылы әлеуметтiк көмек көрсетудi, сондай-ақ жеке қажеттiлiктердi, жеткiзушiлер, әлеуметтiк қызметкерлер мен мамандар туралы мәлiметтердi есепке алуды қамтамасыз етедi. Бұл адал бәсекелестiктi арттыруға мүмкiндiк бередi және әлеуеттi өнiм берушiлердiң оңалту құралдары мен қызметтерiн iске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етедi.

Бұған дейiн хабарланғандай, портал пилоттық режимде iске қосылып, Ақтөбе қаласында сәттi жүзеге асырылуда. Оған бiрнеше медициналық-әлеуметтiк мекеме қосылды.

Естерiңiзге сала кетейiк, «Әлеуметтiк қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу Мүгедектiгi бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi ұлттық жоспар аясында көзделген. Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың жеткiзушiнi қамтиды.

Бүгiнгi күнi «Мобильдi азаматтар базасы», «Әлеуметтiк тiзiлiм», «Бiрыңғай деректер қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бiрыңғай жүйесi», «Жылжымалы мүлiк тiркелiмi» ақпараттық жүйелерiн интеграциялау бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Әлеуметтiк қызметтер порталын енгiзу бойынша сұрақтар тiзбесi

1-сұрақ. Ауылдық елдi мекендерде Интернетке және ұялы телефондарға қолжетiмдiлiгi жоқ мүгедектiгi бар адамдар порталды қалай пайдалана алады? Және ОТҚ iрiктеу кезiнде кiм көмек көрсетедi?

Жауап: Жергiлiктi атқарушы органдар Әлеуметтiк қызметтер порталын енгiзу шеңберiнде өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтарын құратын болады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары мен бөлiмдерiнiң мамандары ЭЦҚ алу және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерiн таңдау құқығын iске асыру кезiнде көмек көрсететiн болады.

2-сұрақ. Өнiм берушiлер сапасыз тауарды немесе қызметтердi ұсынған кезде кiмге шағым қойылады?

Жауап: Тауардың немесе қызметтiң сапасына өнiм берушiнiң өзi тiкелей жауапты болады. ЖАО деңгейiнде даулы мәселелер туындаған жағдайда осы мәселелердi шешу жөнiндегi комиссиялар құрылатын болады.

3-сұрақ. Әлеуметтiк қызметтер порталында өнiм берушiлердi анықтау бойынша өлшемшарттар белгiленедi ме?

Жауап: Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен олардың филиалдары әлеуметтiк қызметтер порталында тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтердi жеткiзушiлер бола алады.

Порталда мынадай:

1) салық берешегi және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ;

2) банкроттық не тарату рәсiмiне жатпайтын;

3) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлмеген;

4) мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды жеткiзу кезiнде сәйкестiк сертификаты бар;

5) медициналық бұйымдарды жеткiзу кезiнде тiркеу куәлiгi бар;

6) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi өткiзу үшiн баға ұсынған өнiм берушiлер тiркеле алады.

Осы талаптар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

4-сұрақ. Қазақстанда тiрек-қимыл аппаратының қызметi бұзылған мүгедектiгi бар адамдарға арналған арнайы санаторий жоқ. Портал аясында шетелде санаторий-курорттық емделу қызметiн сатып алуға бола ма?

Жауап: Портал шеңберiнде оңалту құралдары мен қызметтерi тек Қазақстан аумағында көрсетiлетiн болады, шетелде қызметтер алу мүмкiн емес.

Шипажайды Әлеуметтiк қызметтер порталындағы санаторий-курорттық қызметтердi жеткiзушiлер тiзiмiне енгiзу кезiнде негiзгi өлшемшарт қол жетiмдiлiк болады.

6-сұрақ. Оңалтудың жеке бағдарламасында жазылған, бiрақ қазiргi уақытта қажет емес оңалту құралдарының кейбiр түрлерiнен бас тарту қарастырылған ба?

Жауап: Иә, бұл функция көзделген, қызмет алушының қалауы бойынша ОЖБ әрекет ету мерзiмi iшiнде хабарласа алады

7-сұрақ. Порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзiмi бұрынғыдай 4 және 7 жыл болып қалады ма?

Жауап: Иә, Порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзiмi бұрынғыдай қалады. Қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер енгiзу кезiнде кресло-арбаларды пайдалану мерзiмiн қайта қарау мәселесi қаралатын болады. Алайда, бұл мұқият зерттеудi және Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын талап етедi.

8-сұрақ. Кресло-арбаларды таңдау үшiн медициналық көрсетiлiмдер мен қарсы көрсетiлiмдердi кiм жазады?

Жауап: Мүгедектiгi бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасында айғақтар мен қарсы көрсеткiштер жазылады.

9-сұрақ. Техникалық оңалту құралдарының тiзбесi кеңейтiледi ме?

Жауап: Бұл мәселе жергiлiктi атқарушы органдармен келiсудi және мұқият зерттеудi талап етедi. Нақты қажеттiлiк пысықталғаннан кейiн құжаттар пакетi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшiн Қаржы министрлiгiне жiберiлетiн болады.

10-сұрақ. Басқа аймақта тауарды немесе қызметтi таңдауға бола ма?

Жауап: Аумақтылық қағидаты медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк қызметтер алу кезiнде қолданылатын болады, өйткенi ақшалай қаражат жергiлiктi бюджетте тұр.

11-сұрақ. «Инватакси» қызметiн көрсету бойынша әлеуметтiк қызметке бизнес-процесс iске қосылады ма?

Жауап: «Инватакси» қызметiн көрсету жеке оңалту бағдарламасында жазылмаған. Сондай-ақ осы қызметтi төлеу тетiгi белгiленбеген.

12-сұрақ. Егер мүгедектiгi бар адамға тауар сәйкес келмесе, тауарды қайтару тетiгi қарастырылған ба?

Жауап: Оферт шартында мүгедек, тауар жеткiзудi жүзеге асыратын жеткiзушi және ұйым арасындағы шарттық қарым-қатынастар көрсетiледi.

13-сұрақ. Техникалық құралдар мен оңалту қызметтерi үшiн ақы төлеу тетiгi қалай жүзеге асырылады?

Жауап: Министрлiк Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) оңалту құралдарын және арнайы жүрiп-тұру құралдарын және оңалту қызметiн көрсетудi өтеу қағидаларын әзiрлеуде.

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2017 17:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.10.2019 15:43

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+