Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аумақтық атқарушы органдар

ҚР АШМ АӨК МИК Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Целинная к-сi, 13

Факс: 8(71537) 2-15-98

Электрондық почтаның мекенжайы: tl.baitasov@msh.gov.kz

ҚР АШМ АӨК МИК Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясының басшысы — Байтасов Тлек Жаулыбаевич

Тел.: 8(71537) 2-15-98

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы (бұдан әрi қарай — Инспекция) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, мал шаруашылығында жаңа селекциялық жетiстiктердiң қолданылуын бақылауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi — реттелетiн сала) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi Инспекцияның құрылтайшысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Целинная к-сi, 13

Факс: 8(71537) 2-16-40

Электрондық почтаның мекенжайы: d.dzhakishev@msh.gov.kz

ҚР АШМ ВБжҚК Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясының басшысы — Жәкiшев Дулат Қоштайұлы

Тел.: 8(71537) 2-16-40

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы (бұдан әрi қарай — Инспекция) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүктелген өз құзыретi шегiнде ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын (бұдан әрi — реттеу саласы) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi — Мекеме) аумақтық бөлiмшесi (органы) болып табылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Инспекцияның құрылтайшысы болып табылады.

Тимирязев ауданының статистика басқармасы

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к-сi, 4

Факс: 8(71537) 2-14-97

Электрондық почтаның мекенжайы: r.beisenov@economy.gov.kz

Статистика басқармасының басшысы — Кәкiбаева Гүлнара Николайқызы

Тел.: 8(71537) 2-17-16

Тимирязев ауданының аудандық статистика басқармасы СҚО Статистика департаментiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады және оның заң күшi жоқ.

Статистика басқармасы бастапқы ақпарат жинаумен және өндеумен және деректердi әрi қарай өндеу үшiн Статистика департаментiне жiберумен айналысады. Заңды тұлғалар, филиалдар мен шаруа қожалықтарының әкiмшiлiк тiркелiмiн жүргiзедi; тұрғын үй-жай тiркелiмiн жүргiзедi; негiзгi көрсеткiштердi жүргiзедi — табиғи қозғалыс және көшi-қон, жұмыспен қамту және еңбек нарығы, жалақы төлеу, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, құрылыс, сауда, инвестициялар және т.б. Ұлттық санақ бағдарламаларын iске асыруға қатысу.

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан Әдiлет департаментi Тимирязев ауданының әдiлет басқармасы

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к-сi, 17

Факс: 8(71537) 2-00-24

Электрондық почтаның мекенжайы: Z.Kuichubaeva@adilet.gov.kz

Әдiлет басқармасының басшысы — Черепанова Анна Ивановна

Тел.: 8(71537) 2-01-19

Органның мiндеттерi мен функциялары

Мiндеттерi:

  1. заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
  2. заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, құқықтық көмек ұйымдастыру және заңгерлiк қызмет көрсету, құқықтық насихаттау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  3. зияткерлiк қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  4. заңға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру.

Функциялары:

1. Мемлекеттiк тiркеу саласында:

  • заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi мемлекеттiк тiркеу;
  • жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу;
  • бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргiзу;
  • құқықтық кадастрды жүргiзу;
  • жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша қызметтерiн нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету.

2. Құқықтық көмек ұйымдастыру және заңгерлiк қызмет көрсету саласында:

  • аудандық деңгейдегi жергiлiктi атқарушы органдардың заң қызметтерiмен өзара әрекет жасау;
  • құқықтық насихаттауды ұйымдастыруды үйлестiру, заңнаманы түсiндiруге қатысу;
  • терроризм актiсiнiң салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша, оның iшiнде қажеттi құжаттарды беруде тегiн қажеттi құқықтық көмектi ұйымдастыру.

3. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында:

  • Қазақстан Республикасының тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, тауардың шығарылған жерiнiң атауын немесе фирмалық атауын қолдану мәселерi жөнiнде заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.

4. Әкiмшiлiк iс жүргiзу саласында:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру.

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарау.

«Қазақстан Республикасы IIМ Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi Тимирязев ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi» РММ

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Абай к-сi, 24

Тел. (факс): 8(71537) 2-13-42

Электрондық почтаның мекенжайы: e.baymyshev@emer.gov.kz

Тимирязев ауданының ТЖБ бастығы — Баймышев Ерлан Қайыржанұлы, азаматтық қорғаныс подполковнигi

Жалпы ережелер

«Қазақстан Республикасы IIМ Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi Тимирязев ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi» РММ (бұдан әрi — Бөлiм) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғау, өрт қауiпсiздiгi, төтенше жағдайларды алдын алу және жою мемлекеттiк жүйесiнiң қызмет етуi және одан әрi дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы IIМ Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан төтенше жағдайлар департаментiнiң ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемесi болып табылады.

ҚР IIМ СҚО Төтенше жағдайлар департаментiнiң — «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi» ММ Тимирязев ауданының №18 Өрт сөндiру бөлiмi

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Абай к-сi, 24

Тел.: 8(71537) 2-11-52 немесе 101

Электрондық почтаның мекенжайы: pch18.spasr.sko@emer.kz, pchs_dchs_sko@emer.kz

«СҚО ТЖД ӨСжАҚҚ» ММ Тимирязев ауданының Тимирязев а. ӨС-18 бастығы — Спаен Әдiл Манарбекұлы, азаматтық қорғау майоры

Жалпы ережелер

«СҚО ТЖД ӨСжАҚҚ» ММ Тимирязев ауданының №18 өрт сөндiру бөлiмi өрт сөндiру және бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн құрылды. «СҚО ТЖД ӨСжАҚҚ» ММ Тимирязев ауданының №18 ӨБ СҚО ТЖД «ӨСжАҚҚ»ММ-нiң құрылымды бөлiмшесi болып оның құрамына кiредi, ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң шешiмi бойынша құрылады және Тимирязев ауданының аумағында оған жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Тимирязев ОАА» ШЖҚ-дағы КМК

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Горький к-сi, 75

Қабылдау бөлмесi, факс: 8(71537) 7-92-25

Сенiм телефоны: 8(71537) 2-00-95

Электрондық почтаның мекенжайы: timir_crb@mail.ru

Орталық аудандық аурухананың бас дәрiгерi — Қосыбаева Жанар Әлiбайқызы

Тел.: 8(71537) 2-14-05

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбi сағ. 14.00-ден 16.00-ге дейiн

Бас дәрiгердiң орынбасары — Ананьева Ирина Васильевна

Тел.: 8(71537) 2-03-96

Азаматтарды қабылдау: бейсенбi сағ. 14.00-ден 16.00-ге дейiн

Тимирязев аудандық қазынашылық басқармасы

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к-сi, 4

Тел.: 8(71537) 2-17-68

Электрондық почтаның мекенжайы: 4813_ruk@minfin.gov.kz, i.zimmerman@minfin.gov.kz

Аудандық қазынашылық басқармасының басшысы — Циммерман Ирина Васильевна

Тел.: 8(71537) 2-11-32

Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Тимирязев аудандық қазынашылық басқармасы (бұдан әрi — Басқарма) республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша операциялардың есепке алуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаның бақылау шоттары мен мемлекеттiк мекемелердiң шоттары бойынша операцияларды өткiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы, мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртатаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментiне бағынады.

2019 жылдың II тоқсанында азаматтарды қабылдау кестесi

Органың атауы Аты-жөні Лауазымы Апта күні Қабылдау уақыты Орналасқан жері Служебный телефон
1 ҚР ҚМ ҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Тимирязев аудандық қазынашылық басқармасы Ирина Васильевна Циммерман Басшы сәрсенбі сағат 17.00 ден 18.00 дейін

СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы,

Ш. Уәлиханов к-сі, 4

87153721132
2 ҚР ҚМ ҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Тимирязев аудандық қазынашылық басқармасы Галина Алексеевна Акпамбаева Басшының орынбасарының м.а. жұма сағат 17.00 ден 18.00 дейін

СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы,

Ш. Уәлиханов к-сі, 4

87153721768

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк Корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Тимирязев ауданының бөлiмi

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к-сi, 17

Операциялық залдағы телефон нөмiрi: 8(71537) 2-03-03

Электрондық почтаның мекенжайы: tcon2008@mail.ru

Бөлiм басшысы — Нурпеисов Тулеген Консбаевич

Тел.: 8(71537) 2-03-02

Бөлiм басшысының орынбасары — Оразалина Гүлмира Сабырқызы

Бөлiм қызметiнiң мiндетi мен мәнi

Мемлекеттiк корпорация «бiр терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi мемлекеттiк тiркеуiне жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу, зейнетақы мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызметiн жүзеге асыратын бiрыңғай провайдер болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен көзделген өкiлеттiктердi және қызметтер түрiн жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорациямен мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi Заңға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарымен және регламенттерiмен айқындалады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментi

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к-сi, 17

Тел.: 8(71537) 2-03-03

Электрондық почтаның мекенжайы: 1316gcvp@gmail.com-Gmail

Тимирязев ауданының ӘТВЕО бөлiмше басшысы — Шанайбаева Сұлу Нұржанқызы

Жалпы ережелер

Тимирязев ауданының бөлiмшесi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментiнiң құрамына кiредi.

Бөлiмше «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментi Тимирязев ауданының ӘТВЕО аудандық бөлiмшесi туралы Ережеге сәйкес қызмет етедi, және өз қызметiнде заңнамалық актiлердi, Департамент туралы ереженi, ӘТВЕО облыстық департаментi директорының бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментi:

  • облыстық департаментке қажеттi материалдарды ұсыну;
  • құжаттардың орындалуын тексеру және басшылыққа қажеттi ақпаратты ұсыну мәселелерi жөнiнде ӘТВЕО облыстық депратаментiнiң барлық бөлiмдерiмен өзара әрекет жасау мiндеттi.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы» РММ

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Горький к-сi, 34

Тел.: 8(71537) 2-13-40

Электрондық почтаның мекенжайы: nk@tax4813.taxsko.mgd.kz

Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының басшысы — Балдиков Бағлан Уаапұлы

Тел.: 8(71537)2-12-36

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбi сағат 11.00-ден 18.00-ге дейiн.

Басшының орынбасары — Сағатов Жаслан Мендiбайұлы

Тел.: 8(71537)2-17-92

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбi сағат 09.00-ден 13.00-ге дейiн.

«Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) бюджетке төленетiн салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi зейнетақы жарналар мен әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету, акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрi өндiрiсi мен айналымы саласында өз құзыретi шегiнде салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Солтүстiк Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Тимирязев аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы

Мекенжайы: 151100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Жеңiс к-сi, 2 А

Тел.: 8(71537) 2-18-37

Электрондық почтаның мекенжайы: timiryazev_uzpp@mz.gov.kz

СҚО Тимирязев ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы — Селеух Арман Маралович

Тел.: 8(71537)2-13-34

Азаматтарды қабылдау күн сайын: сағат 11.00-ден 13.00-ге дейiн.

Тимирязев аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесi негiзгi мiндеттерi мен функциялары бар:

  • санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады және мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi;
  • аудан аумағында инфекциялық, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан санитариялық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi;
  • өз құзыретi шегiнде уланулар, инфекциялық, паразиттiк және басқа да аурулар кезiнде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактика) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және өткiзедi;
  • ерекшi тәртiбi, жоспардан тыс, өтiнiш бойынша тексерудi өткiзедi;
  • өтiнiштер мен арыздар бойынша тұтынушылар құқықтарының қорғалуын жүзеге асырады;
  • сауда объектiлерiнде сынаманы iрiктеу және Кеден одағының қауiпсiздiк және сапа бойынша техникалық регламетiнiң талаптарына сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.

Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 09:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.09.2019 18:45

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+