Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әкімнің cөз сөйлеулері және құттықтаулары

Тимирязев ауданының әкiмi Н.М. Кенесовтың Тимирязев қазақ мектеп-интернатында өткiзiлетiн «Соңғы қоңыраудағы» құттықтау сөзi

Құрметтi ұстаздар!

Қымбатты оқушылар!

Сiздердi оқу жылының аяқталуымен/ шын жүректен құттықтаймын!

Бүгiнгi / сiздердiң өмiрлерiңiзде / жауапты әрi / қуанышты күн. Сiздер/ алтын ұя-мектеппен қоштасып,/ үлкен өмiрге/ қадам жасап отырсыздар.

Баршаңызды/ осы қуанышты күнiмен құттықтап,/ болашақ мамандық таңдауда/ табыс пен сәттiлiк тiлеймiн.

Биыл бiздiң/ ауданымызда мектептi/ 79 түлек бiтiредi,/ олардың iшiнен/ қазақ мектеп интернатын/ 11 түлек бiтiрсе,/ солармен 13 окушылар/ тоғызыншы сыныпты бiтiруге/ дайын тұр.

Сiздердi /алдында /ұлттық бiрыңғай тестiлеу/ күтiп тұр. Мен сiздерге/ осы жауапты емтиханды/ табысты тапсыруларыңызға тiлектеспiн/. Сiздер/ мектептi бiтiрген соң/ жоғарғы оқу орындарына түсiп,/ өз iсiнiң биiк дәрежесiнде/ болатындарыңызға /мен сенiмдiмiн. Сiздер — Қазақ елiнiң / болашағысыздар.

Құрметтi ұстаздар, оқушылар, бүгiнгi салтанатты жиынның  қонақтары!

Сiздердi/ бүгiнгi салтанатты/ «Соңғы қоңырау» мерекесiмен/ шын жүректен құттықтаймын./ Бүгiнгi күн/ — ұмытылмас ерекше күн/. Себебi/, қанаттары қатайған/ қарлығаштарымыз/ балғын балалық шақты/ артта қалдырып,/  жаңа өмiрге /қадам басқалы тұр.

Жаңа өмiрде/ сiздерге тек қана/ сәттiлiк тiлеймiн! Қалаған/ мамандықтарыңыздың иесi болып,/ Қазақстанның/ абыройлы азаматтары болуларыңызға /тiлектеспiн.

Ғылымның/ және таңдаған мамандықтарыңыздың жоғарғы шыңына жетуде/ табандылық таныту керек./ Сiздер оны/ жоғары деңгейде көрсетедi деп/ ойлаймын.

Сондай-ақ, /1-шi сыныпты/ бiтiрген оншақты бүлдiршiндердi де/ осы алғашқы /қадамдарымен/ құттықтаймын!

Ұстаздар қауымына,/ дендерiңiзге саулық,/ отбасыларыңызға береке - бiрлiк тiлеймiн.

Ерен еңбектерiңiз жемiстi болсын! Жазғы жөндеу жұмыстарыңызды сәттi аяқтап,/ келесi оқу жылына /жаңа құлшыныспен келiңiздер. Алда күтiп тұрған /жазғы демалыстарыңыз /сәттi өтсiн.

Келесi жаңа оқу жылында /жақсы жаңалықтарыңыз/ көп болсын!

Құрметтi аналар, әжелерiмiз, қарындастарымыз!

Сiздердi жыл басы көктемнiң айтулы мерекесi 8 Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тiлегiмдi қабыл алыңыздар!

Жылы шырайлы көктемнiң алғашқы бiр күндерi барша азаматтың көңiлiн жадырата келген 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнiмен барлық аналарымызды, қыз-келiншектердi шын жүректен құттықтаймың!

Тәуелсiз елiмiздiң бүгiнгi күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулерiне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелерiмiз бен апа-әпке, сiңлiлерiмiздiң өлшеусiз үлес қосқандығы ақиқат.

Отбасының күнбе-күнгi шаруасын, бала тәрбиесiн және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүрiп әйел заты бiздiң қоғамдағы тұрақтылық пен ел бiрлiгiн сақтау мәселесiнде шешушi рөл атқарып келедi.

Ана — тiршiлiктiң гүлi, отбасының берекесi, бүкiл адамзаттың тәрбиешiсi. «Ат биеден, алып анадан туады» дейдi халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрiк жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкiрегiнен нәр алып өскен. Ана — барлық өмiрдiң бастауы. Ол өз сәбиiн мәпелеп өсiредi, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннiң нұрынан, ананың ақ сүтiнен дариды. Ана — ұлы адам, қасиеттi жан. Ана бiр қолымен бесiктi тербетсе, бiр қолымен әлемдi тербетедi деген. Расымен, анасыз өмiрдi, әлемдi елестету мүмкiн емес. Әрбiр жұмыр басты пенде бұл өмiрге келгенi үшiн анасына қарыздар. Құдайдан кейiнгi құдiрет иесi — Ана. Сондықтан Бүгiнгi күнi барша әйелдер қауымының алдында басымызды иемiз.

Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

Табиғат тiршiлiгi көктемнен басталса, адамзат өз өмiрiнiң бастауын — Анадан алады. 

Сiздердi көктемнiң күннұрын төккен шуақты мерекесi — 8 Наурыз — халықаралық әйелдер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев: «Әйел — ошағымыздың ұй ытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, береке-бiрлiгiмiздiң алтын дiңгегi, ұлттық мәдениетiмiздiң мәйегi», — деп үнемi қамқорлық көрсетiп келедi. Жербетiнде әйелдi ұлықтамайтын халық жоқ.

Бұл — мейiрiмдiлiк пен iзгiлiктiң, сұлулық пен жылулықтың мейрамы. Бiр қолымен әлемдi, екiншi қолымен бесiктi тербеген нәзiк жандар тәуелсiз Қазақстанның жан — жақтықа­рыштап дамуына, әлемдiк қоғамдастықта өзiндi корнын алуына барынша ат салысып, аянбай тер төгiпкеледi.

Ақжаулықты Аналарымыздың дәстүрiне адал, өмiрде — нәзiк, ал iсте — мығым әйелдер қауымынсыз қоғамның даму үрдiсiн өзгелестету мүмкiн емес.

Көктем — гүлiмен, отбасы — нұрымен көркем, өмiрiмiзге мән, тiршiлiгiмiзге сән берген Сiздерге отбасының амандығын, ұзақ ғұмыр, шаттық пен шапағат, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тiлеймiн!

Тимирязев ауданының әкiмi Е.Б. Сағдиевтiң «Ауданның 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы және 2018 жылға жоспарлар туралы» есебi (ZIP 30 Kb)

Мұрағат (ZIP 13 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2017 17:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2019 12:42

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+