Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң Тимирязев аудандық бөлiмi

ХҚКО

Мекен-жайы: 150100 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уалиханов к-сi, 17 үй

Бөлiм басшысы — Нұрпейісов Төлеген Қонысбайұлы

Басшының телефон нөмiрi: +7 71537 20-3-02

Операциялық залдың телефон нөмiрi: +7 71537 20-3-03

Е-mail: Tcon2008@mail.ru

Жұмыс кестесi: күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, жексенбi — демалыс күнi.

Бөлiм қызметiнiң мақсаты мен мәнi

Мемлекеттiк корпорация мiндеттi тiркеуге жатпайтын жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) оларды құрушыларын техникалық тексеру, мемлекеттiк жер кадастрiн жүргiзу, зейнетақы және әлеуметтiк қамтамасыздандыруды жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын бiрегей провайдер болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының Президентiнiң және Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң актiлерiмен, және Қазақстан Республикасының басқада заңнамаларымен қарастырылған қызмет түрлерiн және өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорацияның мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi Заңға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер стандарттарымен және реттемелерiмен айқындалады.

ХҚО-лар ашылған соң алынған ТОП-5 қызмет

ХҚО-лар ашылған соң алынған ТОП-5 қызмет

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейiнгi көп сұратылған мемлекеттiк қызметтердiң рейтингiн жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейiн көбiне жеке куәлiк пен паспорт алу үшiн жүгiнген. Алдын ала есептеулер бойынша 155 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан.

Екiншi орында автокөлiктi қайта тiркеу қызметi. Мамырда автомобиль иелерi Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында 118 мыңнан астам көлiктi қайта тiркеген.

ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлiк иелерi де күттi. Азаматтар жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметi үшiн ХҚО-ға 56 мыңнан астам рет жүгiнген.

Төртiншi орында жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және беру қызметi. Мамыр айында 30 мыңға жуық құжат рәсiмделген.

Карантиннен кейiнгi сұранысқа ие бесiншi қызмет — әлеуметтiк қауiп-қатер жағдайында әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау қызметi. Бұл негiзiнен жүктiлiк және босануға байланысты берiлетiн төлем. Оны 20 мыңнан астам жүктi әйел алған.

Азаматтарға арналған үкiметтiң алдын ала мәлiметтерi бойынша мамыр айында ХҚО арқылы 645 мыңнан астам мемлекеттiк қызмет алынған. Бұл жерде ХҚО-лардың әр уақытта ашылғанын ескеру керек. Мәселен, Қарағанды ​​облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда, ал Алматыдағы ХҚО-лар өз жұмысын 25 мамырда бастады.

Естерiңiзге сала кетейiк, төтенше жағдай режимi алынып тасталғаннан кейiн ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау үшiн ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi (106 мемлекеттiк қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезектi еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметi
Gov4c.kz

Telegram-bot арқылы ХҚО-ға кезектi қалай брондауға болады?

Достар, егер сiз телеграм қосымшасының пайдаланушысы болсаңыз, ХҚО-ға барарда кезектi egovkzbot2.0 арқылы брондап көрiңiз!

Ол үшiн:

  • EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз.
  • Қызметтер iшiнен ХҚКО-ға кезектi брондауды таңдаңыз.
  • Елдiмекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетiңiз.
  • Қызмет түрiн таңдаңыз.
  • Баратын күнiңiз бен уақытты таңдаңыз (Егер бронь жасалмаса, өзге уақытты таңдап көрiңiз).

Брондау сәттi өтсе, сiздiң телефоныңызға тиiстi хабарлама келедi!

#oqy&toqy

Telegram-bot арқылы ХҚО-ға кезектi қалай брондауға болады?

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының PR-менеджерi
Нұрғалиев Ерназар

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкiндiгi пайда болды

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн ХҚО-ға кезектi брондау әдiстерiнiң түрi көбейтiлдi. Ендi қызмет алушылар ХҚО-ға кезектi тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегiмен де брондай алады.

Ол үшiн қызмет алушы мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильдi азаматтар базасына egov.kz электронды үкiмет порталындағы виртуалды ассистенттiң көмегiмен тiркелуге болады.

Сонымен, ХҚО-ға кезектi брондау үшiн пайдаланушы мәзiрден «ХҚО-ға кезектi брондау» қызметiн таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттiк қызметтердi алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күнi мен уақытты таңдауды ұсынады.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күнi мен уақыты көрсетiлген sms келедi. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезектi алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейiк, қазiргi таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттiк қызмет пен сервис қолжетiмдi. Олардың iшiнде кең қолданысқа ие болғандары дәрiгердi үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.

Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бiр жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз қағаз түрiндегi мемлекеттiк қызметтердi тек алдын ала брондау бойынша көрсетедi.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметi ХҚО-лар өз қызметiн қайта бастаған өңiрлер үшiн ғана жарамды.

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкiндiгi пайда болды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО-лары өз жұмысын бастайды

18 мамырдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын жаңа форматта бастайды.

Азаматтардың ыңғайлығы үшiн, сондай-ақ вирустың таралу қаупi алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртiбiн өзгерту туралы шешiм қабылданды.Өзгерiстер ХҚО-да көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

ХҚО-ға бару үшiн egov.kz сайтындағы арнайы сервис немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.

Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупiн жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейдi.

Солтүстiкқазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтер мен egov.kz арқылы рәсiмделген өтiнiштердiң нәтижесiн ала алады.

Халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiнде құжаттарды қабылдау тек мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң электрондық форматына ауыстырылмаған мемлекеттiк қызметтер бойынша, электронды кезекке алдын-ала брондау арқылы қабылданады, қазiргi уақытта бұл шамамен 97 қызмет түрi.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын дамыту мақсатында мемлекеттiк қызметтердi алу дербес, онлайн режимiнде, Қазақстан Республикасы Электрондық үкiметiнiң https://egov.kz веб-сайты арқылы жүзеге асырылады, бұл мемлекеттiк қызметтердiң 80%-дан астамын құрайды. Көптеген қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдi қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-бот және Facebook пен Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы қолжетiмдi.

Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшiн жеңiлдiк терезесi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде кезектердi болдырмау үшiн қызмет алушыларды белгiленген уақытта келудi сұраймыз, егер кешiккен жағдайда брондау тiртiбiн қайта өту қажет болады. Брондауды тек ЖСН берiлген азамат пайдалана алатындығын атап өту қажет.

Онлайн қызметтердi өз бетiнше алу қиындықтар пайда болған жағдайда, азаматтар 1414 нөмiрiне қоңырау шалып, байланыс орталығының операторларымен кеңесе алады.

Қызмет алушылар өздiгiнен мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарын барлық мемлекеттiк органдарда, медициналық және оқу ұйымдарында, ойын-сауық орталықтарында және банктерде, «Ашық әкiмдiк» аналогиясы бойынша орналастыру мәселесi пысықталуда.

Сондай-ақ, аталған өзгерiстер тек Петропавл қаласының ХҚО-ларының, сондай-ақ автокөлiктi тiркеу бойынша мамандандырылған бөлiмнiң жұмысын қамтитын болады. Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi ХҚО жұмысы еш өзгерiске ұшырамайды.

ХҚО-ға кезектi төмендегi сiлтеме бойынша брондауға болады: https://egov.kz/services/SR.06/#/declaration/0// және 1414 нөмiрi бойынша.

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО-лары өз жұмысын бастайды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi

Egov.kz порталында кеңестердi видео арқылы алу мүмкiндiгi жасалды

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкiмет порталында видео арқылы кеңес бере алады. Egov.kz порталы экранындағы әрекеттi бөлiсу сервисiн «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.

Видео арқылы кеңес берушi маманның көмегiн алу үшiн пайдаланушы басты беттiң оң жақ төменгi бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесiн басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгiсiн таңдау қажет. Жүйе пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бiрнеше секунд iшiнде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Экрандағы әрекеттi көрсету үшiн қызмет алушы «Экран демонстрациясы» түймесiн, содан кейiн «Бөлiсу» батырмасын басуы керек.

Осылайша, ХҚО операторы абоненттiң мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметтi, оның iшiнде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсiмдеуге көмектесiп, мобильдi азаматтар базасына тiркей алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, экранды «бөлiсу» сервисi оператор мен клиенттiң арасындағы байланысты айтарлықтай жеңiлдеттi, өйткенi қызметтердi ұсыну процесiнде 1414 телефоны арқылы кеңес беру тиiмдi болғанымен, қашанда ыңғайлы бола бермейдi. «Бұрын бiздiң операторлар клиенттен қай сiлтеменi, қай бөлiм мен қызметтi ашқанын үнемi сұрап отыратын. Ендi бiз экранда болып жатқан барлық әрекеттi көре аламыз және клиенттi қандайда бiр қызметтi алу жолдары бойынша бiрден бағыттай аламыз. Бұл сервис азаматтарымыздың цифрлық сауатын қашықтан арттыруға да мүмкiндiк бередi», — дедi ол.

Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус инфекциясының таралу қауiпiнiң сақталуына байланысты, ХҚО арқылы тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi алуға болады. Egov.kz порталы арқылы қолжетiмдi қызметтердi үйден немесе әкiмдiктерде, бiлiм беру және медицина ұйымдарында т.с.с. жерлерде орналасатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында алу керек. Мемлекеттiк қызметтердi электронды түрде алу бойынша egov.kz порталындағы виртуалды ассистент кеңесшiлерi және 1414 бiрыңғай байланыс орталығының мамандары көмектесе алады.

Айта кетейiк, қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк қызметтердiң 80%-дан астамы электронды форматта қолжетiмдi.

Egov.kz порталында кеңестердi видео арқылы алу мүмкiндiгi жасалды

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ
АҚ баспасөз қызметi

ХҚО-ға кезектi онлайн брондаудың қандай жолдары бар?

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы, халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiнiң жаңа форматта жұмыс iстеуiне байланысты, ХҚО-ға тек алдын ала брондау арқылы ғана баруға болатындығын естерiңiзге салады.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барарда кезек уақытына тапсырыс беру үшiн Egov.kz электронды үкiмет порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 нөмiрiне қоңырау шалуға болады (қоңырау шалу тегiн).

Бронь қызмет алушының ЖСН-iн тiркеу арқылы жасалады. Егер азамат халыққа қызмет көрсету орталығына баратын уақытын алдын ала белгiлемесе, кезектi сол жерде брондау ұсынылады. Алайда қабылдау дәл сол уақытта болатынына кепiлдiк берiлмейдi. Бұл жағдайда азамат өзге бос уақытқа кезекке тапсырыс беруi керек болады.

Айта кету керек, өзгерiстер тек Петропавл қаласында орналасқан ХҚО-ларды қамтиды. Аудан орталықтарында және ауылды елдiмекендерде орналасқан ХҚО-лар бұрынғыдай жұмыс iстейтiн болады.

ХҚО-ға кезектi онлайн брондаудың қандай жолдары бар?

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджерi Нұрғалиев Ерназар

Кейбiр аймақтарда ХҚО жұмысы қайта жанданады

Кейбiр аймақтарда ХҚО жұмысы қайта жанданады

Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары әкiмдiгiнiң жанындағы төтенше жағдай тәртiбiн қамтамасыз етi жөнiндегi штаб шешiмiмен 4 мамырдан бастап осы аймақтарда ХҚО-лар қайтадан жұмыс iстей бастайды.

Алайда вирустың таралу қаупi мен қазақстандықтардың өмiрi мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртiбiн өзгерту туралы шешiм қабылданды.

Өзгерiстер ХҚО-да көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

- Ендi қазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтер мен egov.kz арқылы рәсiмделген өтiнiштердiң нәтижесiн ала алады.

- ХҚО-ға бару үшiн 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.

Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупiн жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейдi. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетiлмейдi.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетiмдi барлық мемлекеттiк қызметтiң 80%-дан астамын тек өздiгiнен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкiмдiктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында ала алады.

Онлайн қызметтердi жылдам әрi ыңғайлы алу үшiн азаматтар 1414 нөмiрiне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретiн болады.

Айта кету керек, карантин жарияланғалы берi қазақстандықтар egov.kz электронды үкiмет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдiк қосымшасы арқылы өз бетiнше онлайн түрде 10.5 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтi алған.

Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшiн жеңiлдiк терезесi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, коронавирус пандемиясы көптеген процесте, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету iсiнде де өзгерiстердiң қажет екенiн көрсеттi. «Жаңа ережелердiң пайда болуы заңды. Бiр-бiрiмiздi қорғау үшiн бiз ХҚО жұмыс форматын өзгертуге мәжбүрмiз. Бiздiң екi мыңнан астам қызметкерiмiз сiзге 1414 байланыс орталығы және виртуалды ассистенттiң бейнеқоңырауы арқылы азаматтарға электрондық қызметтердi қашықтан алуға көмектеседi», — деп қорытындылады Балташева.

Ол сондай-ақ, аталған өзгерiстердiң Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы ХҚО жұмысын қамтитынын атап өттi. Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi ХҚО жұмысы еш өзгерiске ұшырамайды.

ХҚО-ға кезектi 1414 және https://egov.kz/services/SR.06/#/ арқылы беруге болады.

2020 жылғы 4 мамырда жұмысын қайта бастайтын ХҚО тiзiмi: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/04/30/keibir-aimaktarda-khko-zhumysy-kaita-zhandanady/?edit_off 

ЭЦҚ-ны онлайн алу кезiнде ендi паспортты пайдалануға болады

ЭЦҚ-ны онлайн алу кезiнде ендi паспортты пайдалануға болады

Қазақстан азаматтары паспортын пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады.

Қызметтi алу үшiн электрондық үкiметтiң порталындағы «Сервистер» бөлiмiнде орналасқан «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» қызметiн таңдау қажет. Бұдан әрi кiлттi алудың стандартты процедурасынан өту керек. ЭЦҚ-ны қашықтан алу жолымен https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp сiлтемесi арқылы таныса аласыз. Бұл жерде ЭЦҚ-ны алудың әр қадамы көрсетiлген нұсқаулық орналастырылған.

Осы уақытқа дейiн ЭЦҚ-ны қашықтан алу кезiнде жүйе кейбiр жағдайларда, яғни жеке куәлiктiң мерзiмi өтiп кетуiне байланысты, құжат иесiн сәйкестендiре алмады. Бұл жағдайда пайдаланушының өтiнiмi модерацияға жiберiлiп, оған қосымша уақыт қажет болды.

Паспортты жеке басын куәландыратын құжаттың баламасы ретiнде пайдалану ЭЦҚ-ны қашықтан алу барысында сәйкестендiруден өту процесiн жеңiлдетедi. Әсiресе, жеке куәлiктiң қолданылу мерзiмi аяқталған жағдайда тиiмдi.

Ендi Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны сәйкестендiру процесiнен автоматты түрде қашықтан өту арқылы алуға болады. Бүгiн ЭЦҚ-ны жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да ала алады. ТЖ кезiнде 274 мың ЭЦҚ берiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Қазақстандықтар ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алған

Қазақстандықтар ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алған

Қазақстандықтар карантин басталғалы берi ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлiгi карантин барысында онлайн рәсiмделген, қалған бөлiгi — ХҚО жабылғанға дейiн.

Естерiңiзге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қазақстандықтар үшiн бұдан бұрын өтiнiш берiлген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берiлген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бiрыңғай терезенi iске қосты. Бұл үшiн әр қала мен аудандарда бiр-бiр ХҚО белгiленген болатын.

Дайын құжаттарды көбiне Түркiстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тұрғындары алған.

Бiрыңғай терезеде берiлген құжаттардың денi — АХАТ құжаттары, жүргiзушi куәлiктерi, көлiктiң техникалық паспорты мен тiркеу нөмiрлерi, жылжымайтын мүлiк пен жер учаскелерiнiң құжаттары, сондай-ақ жеке куәлiк пен паспорт.

Бұл ретте, ТЖ басталғалы берi қазақстандықтар egov.kz электронды үкiмет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн. жуық қызметтi онлайн түрде алған.

Дайын құжаттарды беру терезелерiнiң жұмыс кестесi: дүйсенбi-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейiн. Сенбi — сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлiмдердiң тiзiмiн мына жерден көруге болады: gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi

Петропавл қаласында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылды

Петропавл қаласында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылды

Петропавлда бизнес өкiлдерiне қызмет көрсететiн ХҚО iске қосылды. Мұндай шешiмдi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi штабы қабылдады.

Айта кету керек, жақын уақытта заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшiн аймақтардағы төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi штабтың шешiмiмен Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО-лар ашылатын болады. Құжаттарды қабылдау облыс әкiмдiктерiнiң алдын ала ұсынған тiзiмiне сәйкес жүзеге асырылады. Ол тiзiмге несиелеу бойынша оң шешiм алған ұйымдар кiредi. Бұл ретте, ХҚО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшiн ғана жұмыс iстейдi. Облыс тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi онлайн арқылы ала бермек.

Қазақстандықтарға бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтердiң 87%-ы электрондық үкiмет порталы арқылы қолжетiмдi, сондай-ақ қажеттi анықтамаларды eGov Mobile мобильдi қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуға болатындығын еске саламыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның» Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттiк қызметтердi сапалы және тиiмдi көрсету үшiн кәсiпкерлерге құжаттарының толық пакетiн ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимiн сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлерi бетперде мен қолғаптарда жұмыс iстейтiн болады.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететiн ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., Әуезов к-сi, 157. Жұмыс кестесi дүйсенбiден жұмаға дейiн, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 мың жәрдемақы рәсімделді

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.

Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 мың жәрдемақы рәсімделді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Төтенше жағдай кезінде солтүстікқазақстандықтар екі жүзден астам көлікті онлайн тіркеген

Солтүстік Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері egov.kz порталы арқылы онлайн түрде 208 автомобиль тіркелді.

Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электрондық үкімет порталында ала алады.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн режимінде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. Егер бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін мемлекеттік нөмір және техпаспорт үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық төлқұжатты алып кету үшін барады.

Төтенше жағдай кезінде солтүстікқазақстандықтар екі жүзден астам көлікті онлайн тіркеген

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының
PR-менеджері Нұрғалиев Ерназар

Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді

Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертедіБүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды.

Жеке мәліметтерін, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері жеке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін.

Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін оның атына кәсіпкерлік ашып, баспанасына бейтаныс тұлғаларды тіркеп, тіптен көлігін өзге адамның атына шығара алады. Банк картасынынң ПИН-кодын алғаннан кейін алаяқтар ондағы барлық қаражатты шешіп алуы мүмкін.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың онлайн түрдегі мемлекеттік қызметтердің барлық мәселесі бойынша, соның ішінде ЭЦҚ мен жаңа әлеуметтік төлем түрі бойынша ақысыз түрде және еш қауіпсіз 1414 бірыңғай байланыс орталығынан көмек ала алатындығын хабарлайды. Қоңырау шалу тегін. Қазіргі уақытта оның жұмысына халыққа қызмет көрсету орталықтарының 1800-ден астам қызметкері тартылған.

Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінде «eGov помощь» тобы құрылды, онда қарапайым желі қолданушылары, IT-мамандар және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінен тұратын бірқатар ерікті жиналды. Олардың барлығы egov.kz порталының белсенді қолданушылары, олар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алады және елімізде орын алған қиын сәтте өзге азаматтарға электрондық үкімет порталын пайдалануды үйретуге дайын. Сондай-ақ еріктілер азаматтардан еш жеке деректерін талап етпейді, тек сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер беру арқылы мемлекеттік қызметті алуға көмектеседі.

Егер азамат ескертуімізге қарамастан, ақылы түрде күмәнді «көмекшілердің» қызметтерін пайдаланып үлгерсе және жеке мәліметтерін берсе, Азаматтарға арналған үкімет оларға ЭЦҚ-ның құпиясөзін pki.gov.kz-тегі жеке кабинеті арқылы өзгертуді немесе кілттердің күшін жоюды ұсынады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының СҚО бойынша филиалының (ХҚО) ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 60-тан астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.

Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұдан бөлек, Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалының 20-дан астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасында тіркейтін болады.

Бұл ретте, 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады. Автомобильді қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады, онда да дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейтін болады.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы солтүстікқазақстандықтарға барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.

Жақындарыңыз бен өзіңізді қорғаңыз!

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Әскери қызмет турыл анықтаманы онлайн алу

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтаманы Egov.kz электронды үкімет порталында онлайн немесе ХҚО-да алуға болады.

1. Қызметті онлайн алу:

  • Порталда авторизациядан өткеннен кейін «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінен қажетті қызметті тауып, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  • Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз. Ол үшін сіз міндетті түрде мобильдік азаматтар базасына тіркелуіңіз керек.

Жеке кабинетіңіздегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде 5 минут ішінде өтінішіңіздің нәтижесімен таныса аласыз.

2. Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы алу:

ХҚО-ға жеке куәлігіңізбен барып өтініш жазасыз.

Бұл ретте қабылдау қызмет алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

«Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
gov4c.kz

Бала асырап алуға ниеттi тұлғалардың есебiне онлайн тұру

Егер Сiз бала асырап алуға тiлек бiлдiрушi Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама алу үшiн өтiнiшпен бiрге тиiстi құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет. Бұл қызмет тек электронды үкiмет порталында көрсетiледi.

Ол үшiн:

  • Порталда авторизациядан өтiп «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
  • Өтiнiмдi толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойған соң өтiнiмге құжаттарды бекiтесiз.

Құжаттар тiзiмi:

  • жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келiсiмi;
  • жиынтық табыс мөлшерi туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсiптiк қызметтегi табысы және бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң өзге де табыстары туралы анықтама);
  • отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге тұру/бұзу туралы куәлiктiң көшiрмесi, балалары болса, туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмесi);
  • азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тiркеуде тұрмауы туралы анықтама;
  • тұрғын үй пайдалану құқығын дәлелдейтiн құжаттардың көшiрмесi (тұрғын үй мүлiкке құқығы жоқ жағдайда);

Жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiне 10 жұмыс күнi iшiнде үмiткер болу мүмкiн/мүмкiн емес деп қорытынды хабарлама келедi.

Бала асырап алуға ниеттi тұлғалардың есебiне онлайн тұру

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi
gov4c.kz

Қазақстандықтардың VIP көлік нөмірлеріне деген сұранысы азайған

Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд теңге жұмсаған. Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейтін.

Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы келесідей өзгерді:

Нөмір белгілері Баға
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 151 107тг (57 АЕК)
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 белгілері мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 302 214тг (114 АЕК)
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 363 187тг (137 АЕК)
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 514 294 тг (194 АЕК)
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 604 428 тг (228 АЕК)
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 755 535 тг (285 АЕК)
әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) 151 107 тг (57 АЕК)

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметі
www.gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» жас түлектерді жұмысқа тартады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мен С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев ғылыми зерттеу жобаларын жүргізу мен ЖОО түлектерін жұмыспен қамту аясында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Мәміле екі тараптың бірлесіп топырақ және геоботаникалық зерттеу жасауына, өндірістік және ғылыми тәжірибе алмасуына, жерге орналастыру, жер кадастры, геодезия және картография саласындағы бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға ықпал етеді. ЖОО мемлекеттік корпорацияның кәсіби қызмет бағытында жеткілікті практикалық тәжірибесі бар мамандарын оқытуға, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, емтихан комиссиясына тартуға мүдделі. Өз кезегінде Азаматтарға арналған үкімет оқу орын студенттерін өндірістік практикадан өткізіп, әрі қарай жұмысқа қабылдауға дайын.

«Алпыс жылдам астам тарихы бар университеттің түлектері біздің корпорациямыздың құнды кадрларына айнала алады. Зейнеткерлікке шығып жатқан мамандарымыздың барын ескерсек, жерге орналастыру, жер кадастры сияқты мамандық иелері бізге өте қажет. Студенттерге тәжірибеден өтуге мүмкіндік беру арқылы, біз олардың қарымы мен білімін бағалап, өзімізге жұмысқа тұруға жағдай жасай аламыз», – дейді меморандумға қол қойған мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Бүгінде мемлекеттік корпорацияда жерге орналастыру бағытында 3 мыңға жуық қызметкер еңбектенеді. Корпорациядағылардың айтуынша, аталмыш ынтымақтастық білім алушылардың жұмыспен қамту мәселесін шешуге, ал оқу орнының мамандарды нарық талаптарын ескере отырып дайындауға ықпал етеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»
МК КЕ АҚ баспасөз қызметі
gov4c.kz

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама алу

Елбасы Н.Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылы құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша ондаған мың қазақстандық шетелде білім алып келді. Бүгінде осы бағдарлама негізінде білім алған түлек өз мәртебесін растайтын анықтаманы egov mobile арқылы ала алады.

Ол үшін қосымшаны ашып, авторизациядан өтіп, «Білім беру» бөліміне өту қажет. Оның ішіне анықтама ұсынылатын мекеменің толық атауын жазасыз.

Анықтама тегін рәсімделеді. Нұр-Сұлтан қаласы үшін анықтама 1 күн ішінде дайын болады. Өзге аймақтар үшін – 15 күнтізбелік күн.

Egov mobile қосымшасын пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша баспасөз қызметі

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Бүгiнде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшiн оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдiң болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердiң ресми мекемелерiнде жарамдылығын растайды.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильдi ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.

Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметтi алу үшiн egov.kz порталын қолдана алады:

  • Порталда авторизациядан өтiп, қызметке онлайн тапсырыс берiңiз
  • Электронды өтiнiштi толтырыңыз
  • Әр апостильденетiн құжатқа 0,5 АЕК көлемiнде баж төлеңiз
  • Апостильденуi қажет құжаттың скан-көшiрмесiн жүктеңiз
  • ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейiн жауап бiр күн iшiнде келедi
  • Жеке кабинетiңiзге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильдi бiрден қойғызуға жүгiне аласыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi
gov4c.kz

Назар аударатын мемлекеттiң тағы бiр тетiгi

Егер мемлекеттiк органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн iстеуге болады. Әдеттегiдей, egov.kz порталы — сiздiң басты көмекшiңiз.

ЭЦҚ-ңыз болса, керектi мемлекеттiк органға өтiнiштi жазып қана қоймай, орындалу мәртебесiн бақылап, берiлген жауапты да көруге болады.

Бұл үшiн:

  • Порталға кiрiп, авторизациядан өтiңiз;
  • «Электронды өтiнiштер» сервисiн таңдаңыз;
  • Мәлiметтерiңiздi енгiзiп, өтiнiшiңiздi қалдырыңыз;
  • ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттiк органға жолдаңыз;

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтiнiшi бойынша жауап 15-30 күнтiзбелiк күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн) аралығында қаралады.

Назар аударатын мемлекеттiң тағы бiр тетiгi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының PR-менеджерi
Нұрғалиев Ерназар
gov4c.kz

БҰҰ сарапшысы — Мақтанарлық дүниелерiңiз бар, жұмыстарыңызды барлығына үлгi етуге болады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының промо-ХҚО-сы мен ахуалдық орталығында болған халықаралық сарапшы, БҰҰ электрондық үкiмет басқармасының басшысы Акуаро Винченсо мәлiмдедi.

«Сiздiң цифрлық үкiметiңiз — мақтанарлық дүние, жұмыстарыңызды барлығына үлгi етуге болады, тiптi өзге елдер үшiн Қазақстанда цифрлық саясаттың қалай жасалып жатқаны және қызметтердiң қалай ұсынылатыны жайлы турлар ұйымдастыруға болады. Цифрлық қызметтердiң дамуы туралы айта келе, Қазақстан — болашағы зор ел деп айта аламын», — дедi халықаралық сарапшы.

Мемлекеттiк корпорацияның Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева Азаматтарға арналған үкiметтiң жұмысын таныстыру барысында Қазақстанда мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыру және оңтайландыру үрдiсi туралы айтып бердi.

Винченсо мырза, сондай-ақ қазақстандықтардың мемлекеттiк қызметтердi ХҚО және оның онлайн баламасы — egov.kz порталы арқылы қалай алатынын бiлдi. Қонақ мемлекеттiк корпорацияның қызметiне жоғары баға берiп, Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету моделiн басқа елдерге де пайдалануға болатынын атап өттi.

Акуаро Винченсо, сондай-ақ Қазақстан e-үкiмет рейтингiсiнде жоғары позицияға ие болғанын және цифрлық үкiмет пен инновациялар бойынша әлемдегi көшбасшылардың бiрi болуға лайық екенiн атап өттi.

Айта кетейiк, мәртебелi қонақ Қазақстанға Алматы қаласында өтiп жатқан Digital Almaty2020 форумы аясында келдi. Шара барысында жасанды интеллект ролi, цифрлық трансформация мен бiлiм саласындағы iлкiмдi технологиялар сияқты тақырыптар талқыланатын болады.

БҰҰ сарапшысы — Мақтанарлық дүниелерiңiз бар, жұмыстарыңызды барлығына үлгi етуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Дербес деректер қорының электронды кiлтi

28 қаңтарда халықаралық дербес деректердi қорғау күнi атап өтiледi. Датаға орай «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева ЭЦҚ кiлттi дұрыс пайдалану және оны сақтау жолдары жөнiндегi кеңестерiмен бөлiстi.

Электронды цифрлық қолтаңба — азаматтарға egov.kz, elicense.kz, enis.kz, salyk.kz сияқты электронды үкiмет порталдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн электронды кiлт. Жеке немесе заңды тұлғалардың барлық дербес мәлiметтерiне жол ашатын цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың және сақтаудың өз ерекшелiктерi бар.

ЭЦҚ-ға тапсырысты pki.gov.kz сайтынан берiп, ХҚО-ға тек тұлғаны куәландыру үшiн баруға болады. Алайда көпшiлiк электронды кiлттi халыққа қызмет көрсету орталығынан алуды жөн көредi. 2019 жылы қазақстандықтар 7,8 млн. электронды кiлт рәсiмдеген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,7 млн. көп көрсеткiш. Алайда бұл, көп жағдайда, бiр адамның ЭЦҚ-ға тапсырысты бiр-ақ рет бергенiн бiлдiрмейдi дейдi Әсемгүл Балташева. «Азаматтар құжатқа электронды тапсырыс беретiн кезде немесе декларация тапсырған сәтте ғана ЭЦҚ-ны пайдаланып, кейiн оны қайда сақтағанын ұмытып, құпиясөзiн естен шығарып жатады. Сөйтiп, ЭЦҚ кiлтке қайта тапсырыс бередi. Дербес деректер базасын қолжетiмдi ететiн кiлттi құнды дүниедей сақтап, мұқият болу керек. Бiз ешқашан банк картасының пин-кодын ұмытпаймыз, ал ЭЦҚ-ның құпиясөзiн есте сақтап жаттамаймыз. ЭЦҚ-ны пайдалану мәдениетi ең алдымен азаматтардың өзi үшiн қажет», — дейдi мемлекеттiк корпорация төрайымы.

Көп жағдайда, ЭЦҚ рәсiмдеген сәтте, ХҚО мамандары бiрдей құпиясөз бекiтiп бередi, алайда қолданушы оны жеке кабинетiнде кейiн өздiгiнен жаңарта алады. Бүгiнде жеке куәлiк чипына жазылатын ЭЦҚ 3 жылға жарамды, оны пайдалану үшiн арнайы картридер қажет. Флеш-картаға жазылып берiлетiн кiлттiң жарамдылық мерзiмi — 1 жыл. Цифрлық қолтаңбаның уақыты өтпей тұрып, оны онлайн түрде pki.gov.kz сайты арқылы жаңартуға болады. Мерзiмнiң аяқталатыны туралы смс-ескертпенi алу үшiн жеке кабинетте ұялы телефон нөмiрi байланыстырылуы тиiс. «Телефон нөмiрi мен ЭЦҚ-ны сәйкестендiрген азаматтарға электронды түрде алынған қызметтер бойынша хабарламалар келiп тұрады. Ол смс-тер бөгде қызметтердiң алынбауын бақылап отыруға да мүмкiндiк бередi», – дейдi Ә. Балташева.

Қазақстандықтар өз атында қанша электронды кiлттiң барын egov mobile қосымшасынан көрiп, керек жағдайда сол жерден оны қайтара шығаруға тапсырыс бере алады.

Дербес деректер қорының электронды кiлтi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Некеге тұрғаны/ажырасқаны жөнiндегi анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

Достар, көп жағдайда некеге тұрғаныңыз жөнiндегi анықтама сұратылып жатады. Оны онлайн алу өте оңай. ЭЦҚ болса, egov.kz порталынан кез келген анықтаманы ала алатыныңызды ұмытпаңыз.

  1. Ең алдымен электронды үкiмет порталынан авторланып, «Некеге тұру туралы анықтаманы беру» қызметiн таңдаңыз.
  2. Төлем шлюзi арқылы қызметтiң 0,3 АЕК көлемiндегi ақысын төлеңiз.
  3. Дайын анықтаманы бiр күн iшiнде жеке кабинетiңiздегi «қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен жүктеп ала аласыз.
  4. Дәл осы жолмен ажырасу туралы анықтаманы алуға болатынын ескертемiз. #Oqytoqy #eQyzmet

Некеге тұрғаны/ажырасқаны жөнiндегi анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша PR-менеджерi
Нұрғалиев Ерназар

Жыл басынан берi 25 мың көп балалы отбасы жаңа жәрдемақы түрiн рәсiмдедi

Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрiн жыл басынан берi 25,4 мың отбасы рәсiмдеп үлгердi. Оның iшiнде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсiмдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткiзгендер.

«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келiп тиiстi жәрдемақыны рәсiмдей алады. Осыған дейiн жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрiн алушылар тiзiмiнде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы — бұған дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алғандар.

Аймақтық бөлiнiсте жыл басынан берi жәрдемақының рәсiмделуiне Түркiстан облысынан көп өтiнiш қабылданған. Одан кейiн Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Естерiңiзге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бiрге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның iшiнде кәмелет жасына толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын тәмамдағанға дейiн (23 жасқа дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы көлемi: 4 баласы барларға — 42 496 тг, 5 балаға — 53 127 тг, 6 балаға — 63 757 тг, 7 және одан көп балаға — 74 388 тг.

Жыл басынан берi 25 мың көп балалы отбасы жаңа жәрдемақы түрiн рәсiмдедi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Қарқынды өсiм: көлiк иелерi автоХҚО орнына онлайн қызметтердi таңдайды

Автокөлiк құжаттарын электронды түрде рәсiмдеген қазақстандықтар саны күрт өстi. Электронды үкiмет порталы арқылы көлiгiн тiркеп, жүргiзушi куәлiгiн ауыстырған жүргiзушiлер онлайн жүйенiң тиiмдi әрi пайдалану жеңiл екенiн айтады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының статистикалық деректерiне сәйкес, 2019 жылы онлайн әдiспен рәсiмделген жүргiзушi куәлiктерiнiң саны бiрден 8 есе, ал қайта тiркеуге қойылған автокөлiктер саны 20 есе артқан.

Мысалы, 2018 жылы жүргiзушi куәлiгiн онлайн түрде 19 409 қазақстандық рәсiмдесе, былтырғы жылы жүргiзушi куәлiгiн электронды өтiнiш арқылы ауыстыруды қалағандар саны 153 мыңнан асты. Сондай-ақ онлайн түрде көлiктi қайта тiркеуге қою қызметтерiнiң көрсеткiшi де жоғары болған: 2019 жылы бұл қызмет 100 мың рет пайдаланылса, 2018 жылы бұл көрсеткiш тек 5 мыңды құраған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, бүгiнде қазақстандықтардың денi ХҚО-ға бармай-ақ, қызметтi өз бетiнше алуды қалайды. «Қызметтердi онлайн алу — бүгiнде өзiндiк трендке айналды. Азаматтарымыздың электронды түрде қарапайым анықтамаларды ғана алып қоймай, онлайн автокөлiк қызметтерiне сұраныс бiлдiрiп жатқаны қуантады. Олар цифрландырудың барлық артықшылығын лайықты бағалап, қызметтердi мамандандырылған ХҚО-дан гөрi электронды үкiмет порталынан жиi ала бастады», — дейдi басқарма төрайымы.

Көлiгiн онлайн түрде тiркеген тұрғынның бiрi — қарағандылық Қайырбек Қорабаев. Көлiктi сатушы тарап Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, көлiктi электронды үкiмет порталы арқылы рәсiмдеу — жол мәселесiн шешiп, автоХҚО кезегiнде тұрмаудың таптырмас тәсiлiне айналды.

Қарқынды өсiм: көлiк иелерi автоХҚО орнына онлайн қызметтердi таңдайды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Заңды тұлғалар үшiн ЭЦҚ алу

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) — бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекiтiлген қағаз жеткiзгiштегi құжат сияқты заң күшiн беру үшiн пайдаланылатын өзi қойған қолының аналогы.

ЭЦҚ алуға өтiнiмдi ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлiмi арқылы онлайн режимiнде беруге болады. Өтiнiмдi қауiпсiздiк мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.

  • Ең алдымен pki.gov.kz сайтындағы «Заңды тұлғалар үшiн ЭЦҚ алу» бөлiмiне кiресiз.
  • Одан кейiн мәртебеңiздi көрсете отырып қажеттi ҚР ҰКО тiркеу куәлiктерiнiң үлгiсiн таңдауыңыз қажет. (Ол мекеменiң бiрiншi басшысы, қол қою құқығы бар жұмыскер немесе қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер және т.б. болуы мүмкiн).
  • Онлайн-өтiнiмдi бергеннен кейiн сiзге оны растау үшiн ХҚО-ға бару қажет. Өзiңiзбен бiрге жеке куәлiгiңiз, уәкiлеттi тұлғаның растайтын құжаттары мен басып шығарылған өтiнiм болуы қажет. Тексергеннен кейiн оператор растауды жасайды және сiз ЭЦҚ өз компьютерiңiзге жүктеп, оған өз паролiңiздi орната аласыз.

Мiне, ендi сiз электрондық үкiмет порталымен жұмысты бастай аласыз.

ЭЦҚ пайдалана отырып заңды тұлғалар келесiдей артықшылықтарға қол жеткiзбек:

  • Электрондық сауда-саттыққа қатысу;
  • Жеке қатысуынсыз банктiк операцияларды орындау;
  • Жеке қатысуынсыз электронды есептердi тапсыру;
  • Компанияны қашықтықтан басқару және т.б.

ЭЦҚ-ны түрлi ақпарат жеткiзгiштерiнде сақтауға болады, бiрақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуiн жауапкершiлiкпен қадағалау қажет.

ЭЦҚ-ның қолданыс мерзiмi 1 жыл, бiрақ пайдаланушы оны электронды порталда мерзiмi өтiп кетпей тұрып тағы бiр жылға ұзарта алады.

Заңды тұлғалар үшiн ЭЦҚ алу

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Наркологиялық ұйымнан eGov mobile арқылы анықтаманы алу

Ал Сiз наркологиялық ұйымнан анықтама алудың eGov mobile арқылы оңай екенiн бiлесiз бе? Егер бiлмесеңiз түсiндiрiп жiберейiн:

  • Азаматтарды мобильдi тiркеу базасына тiркелiңiз егер тiркелген болсаңыз қажетi жоқ;
  • Play Market немесе App Store жүйесi арқылы eGov mobile қосымшасын телефоныңызға еңгiзесiз;
  • Қосымшаға кiрiп наркологиялық ұйымнан анықтамасын басасыз. Осындай оңай үш қадам жасау арқылы тиiстi анықтамаңызды аласыз.

Онлайн болу оңай.

Наркологиялық ұйымнан eGov mobile арқылы анықтаманы алу

«Азаматтараға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Көлiгiңiздiң техникалық тексеруден өткен мерзiмiн онлайн қараңыз

Достар, жыл сайын көлiктiң техникалық жағдайын тексерiп отыру қажет екенiн бiлесiз. Темiр тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзiмi қашан аяқталатынын бiлу үшiн egov mobile қосымшасын пайдаланып көрiңiз.

  • Egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бiрретiк құпиясөз арқылы кiрiңiз;
  • Қосымшадағы «Көлiк жүргiзу және транспорт» бөлiмiнен «Техникалық тексерiстен өту мерзiмiн қарау» қызметiн таңдаңыз;
  • Әрi қарай жүйе көлiктiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн енгiзуiңiздi сұрайды.

Қажеттi мәлiметтер толтырылған соң жауап бiрден берiледi.

Бәрi өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлiсiңiз:wink:

#oqytoqy

Көлiгiңiздiң техникалық тексеруден өткен мерзiмiн онлайн қараңыз

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар

Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар

Мобильдi азаматтар базасына тiркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлерi арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервистi ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.

Ұялы телефон көмегiмен бiрқатар мемлекеттiк қызметтiң қолжетiмдiлiгi жөнiнде бүгiн Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.

Бүгiнде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегiмен азаматтар көбiне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердiң есебiнде болмау, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегiн брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрiздi сервистердi жиi пайдаланған.

Электронды үкiмет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгiнде 28 қызмет қолжетiмдi. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәлiметтерiмен сәйкестендiрiп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкiндiк берiп отыр. 1,5 айдың iшiнде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.

«Халық ыңғайлығы үшiн сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрi оңай алу мүмкiндiгiн жасадық. Кейбiр анықтамаларды не бәрi 1 минуттың iшiнде алуға болады. Есесiне қаншама уақыт, қаржы үнемделедi. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкiндiгiн пайдалануы тиiс», — дейдi басқарма төрайымы.

Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметiн пайдаланушылар санын арттыру үшiн әр ХҚО-да мобильдi тiркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тiркеп, бiрден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтiк желiлерiндегi боттар арқылы қызметтердi алу жолдарын көрсетедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
gov4c.kz

Қазақстандықтар онлайн мемлекеттiк қызметтерге бетбұрды

Қазақстандықтар онлайн мемлекеттiк қызметтерге бетбұрды

Жыл басынан берi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы 6,3 млн. электронды цифрлық қолтаңба берiлдi. Электронды үкiмет порталының қызметтерiн онлайн алуға мүмкiндiк беретiн кiлт иелерiнiң белсендiлiгiн ХҚО-ға келушiлер санының азаюынан байқауға болады. 10 ай iшiнде мемлекеттiк корпорация тарапынан 24,4 млн. қызмет көрсетiлдi, бұл көрсеткiш былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 4 млн-ға немесе 16,4% азайса, қызметтердi өз бетiнше алғандардың үлесi 3,7 млн-ға көбейген. Бұл туралы Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.

«Халықтың цифрлық сауатының артуына былтыр барлық облыстарда ашылған Цифрлық қызмет көрсету орталықтары әсер еттi деп ойлаймын. Бiз ол орталықтарда электронды үкiмет порталын пайдалануды үйрететiн курстар ұйымдастырдық. Қызметкерлерiмiз әр облыс, қала, аудандарда 73 мың семинар-лекция өткiзiп, электронды қызметтердi алуды үйренгендерге 1,3 млн. сертификат табыстады», — дейдi басқарма төрайымы.

Цифрлық ХҚО-лардың ерекшелiгi — «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету аймағының болуында. Бұл — фронт-офис қызметiн трансформациялау тұжырымдамасы аясында енгiзiлген жаңашылдық. Оған сәйкес фронт-офистiң 60% — өзiне-өзi қызмет көрсету, 40% — операторлар қызмет көрсететiн аймақтан тұрады. Биыл елiмiздегi барлық «Connection point» секторында 13 млн-нан аса азаматқа түсiндiрме-кеңес беру жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 млн артық көрсеткiш.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi, сондай-ақ көшпелi акциялар ұйымдастырып, әскери бөлiм, емхана, мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн оқытып, колледждер мен ЖОО студенттерiне egov.kz-пен жұмыс iстеудi үйреттi.

Жоспар бойынша 2020 жылы тағы бiр цифрлық ХҚО Алматы қаласында ашылады, ал egov.kz-пен жұмыс iстеу дағдыларын 1,4 млн. азаматқа үйрету көзделiп отыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
gov4c.kz 

Жылжымайтын мүлiктiң бар/жоғы туралы анықтаманы онлайн қалай алуға болады?

Достар, егер мемлекеттiк бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтердi алу үшiн жылжымайтын мүлiктiң бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүрiңiз

Тұрғындар арасында сұранысқа ие анықтаманы egov.kz порталы, egovkzbot 2.0 телеграм-боты және FB мен VK мэссенджерлерi арқылы алуға болады.

Ол үшiн электронды үкiмет порталынан немесе боттан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiгiнiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметiн таңдайсыз.

ЭЦҚ-мен онлайн сұрау жасап, анықтаманы кiмге сұрататыныңызды белгiлесiз.

Аймақты таңдайсыз.

Дайын анықтама сiздiң жеке кабинетiңiзге келiп түседi!

#OqyToqy

Жылжымайтын мүлiктiң бар/жоғы туралы анықтаманы онлайн қалай алуға болады?

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Азаматтық хал актiлерiн кез келген аймақта тiркеуге болады

Ендi қазақстандықтар азаматтық хал актiлерiнiң барлығын тұрғылықты тiркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгiзiлген түзетулер бүгiн Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Жаңашылдық баланың тууына, некенi тiркеу мен ажырасуға, аты-жөнi мен тегiн өзгертуге, қайтыс болу құжаттарын тiркеу сияқты қызметтердi қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар аталған мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн тұрғылықты тiркеу орны немесе тiркеу жазбасының орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне немесе АХАТ бөлiмiне хабарласатын. Ендi азаматтық хал актiлерiне қатысты 5 түрлi қызметтi кез келген ХҚО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керектi құжаттарды аз уақыт iшiнде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.

«Бұрын құжаттарды рәсiмдеп алу үшiн өтiнiш берушi тiркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тiркеушi органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейiн жауап күтетiн, бұл қызмет алушылар үшiн қолайсыздық пен қосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бiр аймақта тегiн өзгерту туралы өтiнiш бiлдiрсе, мемлекеттiк орган өзге аймақтан — оның туған жерiнен қосымша мәлiметтердi сұрататын. Тиiсiнше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердiң 70% мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкiндiк бередi. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкiмшiлiк кедергiлердi жояды және қызметтердi алу процесiн жеңiлдетедi.

Азаматтық хал актiлерiн кез келген аймақта тiркеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?

Келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін азаматтар арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек.

Бұл үшін:

Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет.

Сұрау соңында портал сіздің қай әлеуметтік мәртебе санатына жататыныңызды көрсетеді. Сізге «Жұмыскер», «Әлеуметтік төлемдер алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы», «Зейнеткер» мәртебелерінің бірі шығады.

Егер «Мәртебе анықталмаған» деген жауап берілсе, «мәртебені өзгерту» батырмасына өтіп, анкетаны толтырасыз. Мәртебеңіз туралы жауапты мемлекеттік орган 5 күн ішінде береді.

Әлеуметтік мәртебені телеграмдағы EgovkzBot 2.0 және Facebook мэссенджері мен VK желісіндегі egov.kz парағы арқылы да тексеруге болады.

Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Тел.: 55-10-54

Емханаға онлайн тiркелу

Емханаға онлайн тiркелу

Достар!

Бүгiн #қысқанұсқа айдарында бiз сiздерге емханаға онлайн тiркелу жолдарын айтпақпыз.

Егер сiздiң электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханаға тiркеле аласыз.

Ол үшiн:

Egov.kz электронды үкiмет порталына кiру;

«Денсаулық сақтау» бөлiмiне өту;

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн медицина ұйымдарына тiркелу» қызметiн таңдайсыз.

Әрi қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басып, өзiңiз жайлы деректердi көрсете отырып, өтiнiштi жолдайсыз.

Қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi.

Бұл қызметтi тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген кезде немесе тiркелген емханаңызды өзгерткiңiз келген кезде (жылына бiр рет) пайдалана аласыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметi Тел.: 55-10-54

Egov.kz-та мекенжай мәлiметтерiн ұсынатын сервис қалай жұмыс iстейдi

1 қарашадан бастап өз атыңыздан үшiншi тұлғаларға мекенжай мәлiметтерiн көруге рұқсат беретiн сервис қызмет көрсете бастайды. Оның қалай жұмыс iстейтiнiн бүгiн #OqyToqy айдарында толығырақ айтып беремiз!

Egov.kz порталында қызмет қалай аталады?

  • Үшiншi тұлғалардың анықтамаларды алу сервисi

Қызметтi онлайн қалай алу керек?

  • Өз атыңыздан үшiншi тұлғаларға мәлiметтердi көруге рұқсат беру үшiн мәлiметтердi сұратушы тарап порталда авторизациядан өтiп немесе тiркелiп, қызметке онлайн тапсырыс беру батырмасын басуы керек;
  • Сұрау жасатқан тарап сiздiң ЖСН-iнiңiздi енгiзуi қажет;
  • Берiлген анықтамалар мен қызметтер iшiнен «Мекенжай мәлiметтерiн сұрату» қызметiн таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегiмен қол қоюы керек;
  • Бұл ретте, сiзге келген смс-хабарламада үшiншi тұлғаның сiздiң атыңызға мәлiметтердi сұратқаны және оған рұқсат беруiңiздi сұрайды. СМС-ке жауап 2 сағат iшiнде берiлуi керек.

Ескерту: Жүйенi пайдалану үшiн сұратушы тарап пен мәлiметтердi ұсынуға рұқсат берушi тараптың ЭЦҚ-сы немесе мобильдi азаматтар базасында тiркеуi болуы шарт.

Egov.kz-та мекенжай мәлiметтерiн ұсынатын сервис қалай жұмыс iстейдi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Қазақстан — электронды мемлекеттiк қызметтердi дамыту бойынша көшбасшы

Қазақстан — электронды мемлекеттiк қызметтердi дамыту бойынша көшбасшы

Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында Tech Farm басқарушы серiктесi Аман Тентиев мәлiмдедi. Оның айтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттiк қызметтердiң дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы iске қосылды, ал Қазақстандағы электрондық үкiмет қызметi 13 жылдан берi жұмыс iстеп келедi.

«Қазақстан — өңiрдегi электронды мемлекеттiк қызметтердi дамытудағы көшбасшы ел. Азаматтар онлайн тiркелiп, интернет арқылы кәсiпкерлiк аша алады. Бiлуiмше, бұл — елдерiңiзде бес-алты жыл бұрын енгiзiлген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция жұмсаған, сәйкесiнше нәтижесiн көрiп келедi», — дейдi Тентиев.

Сонымен қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтiк желiлер арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу жолдарына жоғары баға бердi. «Әзiрге Қырғызстанда барлығы мемлекеттiк қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кiру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта бiз де Қазақстанның тәжiрибесiн ескерiп, қызметтердi әлеуметтiк желiлер арқылы көрсетудi жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды ол.

Сарапшының пiкiрiнше, азаматтарға цифрлық қызметтердi пайдалануды үйрету көп ұзамай өз жемiсiн бередi: «Барлық адам мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi оңай алғысы келедi. Ешкiм де ХҚО-ға қызметтердi алу үшiн арнайы барғысы келмейдi, сондықтан телеграм боттары мен мобильдi қосымшалар сияқты қызметтердi алудың балама әдiстерi дамиды».

Еске сала кетейiк, өткен аптада Нұр Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өткiзiлдi. Оған әр түрлi елдерден IT-шешiмдер, цифрлық технологиялар және т.б. сала сарапшылары қатысты.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

АҚШ профессоры Қазақстанның электронды үкiметiнiң цифрлық шешiмдерiне таңқалысын бiлдiрдi

АҚШ профессоры Қазақстанның электронды үкiметiнiң цифрлық шешiмдерiне таңқалысын бiлдiрдi АҚШ профессоры Қазақстанның электронды үкiметiнiң цифрлық шешiмдерiне таңқалысын бiлдiрдi

Оңтүстiк Калифорния университетiнiң Интерактивтi медиа кафедрасының профессоры Майк Фишер EXPO аумағында орналасқан ХҚО-да болды. Қонаққа электрондық үкiметтiң, egov mobile мобильдiк қосымшасы және телеграм мэссенджерiндегi бот арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi таныстырылды. Шетелдiк сарапшыны бәрiнен бұрын азаматтардың мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына онлайн тәртiпте бейнеөтiнiш жолдап, биометрия әдiсiмен мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiгi қызықтырды.

«Мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына өтiнiштi тiкелей жiберу мүмкiндiгi маған өте ұнады. Мәселен, қала тұрғындарына мэрияға барудың қажетi жоқ, уақытыңызды жұмсамайсыз, оны ХҚО-дағы камерасы бар жабдық арқылы онлайн жолдауға болады. Бұл өте ыңғайлы», — дедi Фишер. Оның пiкiрiнше, бұл азаматтарға елдiң қоғамдық, әлеуметтiк, саяси өмiрiне араласуына жол ашып, сол арқылы мемлекеттiк органдарға қазақстандықтардың қажеттiлiктерiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.

Сондай-ақ америкалық профессор мемлекеттiк қызметтердi алудың биометриялық тәсiлiне таңғалысын бiлдiрдi.

«Мен үшiн бұл жүйе өте қызық. Яғни, егер сiз өзiңiздiң сәйкестендiру картаңызды (жеке куәлiк) жоғалтсаңыз, қажеттi мемлекеттiк қызметтi осы тәсiлмен еш құжатсыз ала аласыз», — дейдi ол.

Цифрлық ХҚО-да гейммейкер, сондай-ақ автосимуляторды сынақтан өткiзiп, оны бейне ойынмен салыстырды. Ол автосимулятор ойынға қарағанда дiттеген жерге жылдам жетiп қана қоймай, жолда жүру машығын да шыңдайды деп атап өттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, Нұр-Сұлтанда IT-шешiмдер, цифрлық технологиялар және т.б. сала сарапшыларының қатысуымен «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтiп жатыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Баспасөз қызметi
Ендi мемлекеттiк қызметтi алу тiптi оңай және ыңғайлы бола түстi

Қазан айының басынан электрондық үкiметтiң жаңартылған eGovmobile мобильдiк қосымшасы iске қосылды. Қосымша мемлекеттiк қызметтердi алу процесiн айтарлықтай жеңiлдеттi, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкiмет».

Жетiлдiрiлген eGovmobile қолданыстағы электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тiркеп қоюға мүмкiндiк бередi.

Бiр рет электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына тiркеп алған қолданушы, жүйеге кiру және мемлекеттiк қызмет алу кезiнде ЭЦҚ таңдап немесе пароль енгiзiп әуре болмайды.

Ендi азаматтарға ЭЦҚ-ның қажеттiлiгi жоқ. Бiз ұялы телефонымыздың бұғатын саусақ iзiмен немесе Face ID-мен шешудi үйренiп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ-ңызды өзiңiздiң биометрияңызға тiркеп алып, мемлекеттiк қызмет алу барысында сұрауды өзiңiздiң Touch ID немесе Face ID-iңiзбен растауға болады.

Оның үстiне, ЭЦҚ-ны мобильдi құрылғыларда пайдалану үдерiсi жеңiлдетiлдi. Бұған дейiн ЭЦҚ смартфонға компьютер арқылы жүктелетiн болса, қазiр сертификатты қолданушының электронды поштасындағы хаттан бiрден ұялы телефонға жүктеп алуға болады.

Сондай-ақ қосымшаның өзiнде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны туралы, авторизациядан өту және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берiлген. Осылайша әзiрлеушiлер — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты.

Айта кету керек, қазiргi уақытта қосымшада 28 қызметтер қолжетiмдi. Олар: базалық зейнетақы төлемiн есептеу мөлшерi туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бiр жасқа толғанға дейiн төленетiн жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүлiктiң жоғы (бары) туралы анықтама және т.б.

Қосымшаны AppStore және PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.

Ендi мемлекеттiк қызметтi алу тiптi оңай және ыңғайлы бола түстi

Ендi мемлекеттiк қызметтi алу тiптi оңай және ыңғайлы бола түстi

Бiр өтiнiшпен алуға болатын мемлекеттiк қызметтер саны көбейедi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы композиттi түрде көрсетiлетiн қызмет түрлерiн арттырмақ. Бұдан былай қандайда бiр мемлекеттiк қызметтi алу үшiн толтырылатын өтiнiш саны азайтылатын болады.

2020 жылы қызмет көрсету процесiн оңтайландыру үшiн 55 түрлi мемлекеттiк қызмет 21 түрлi композиттiк қызметке бiрiктiрiледi деп жоспарланып отыр.

«Мұндай қызметтердiң iшiнде жер актiсiн алу қызметi үлкен сұранысқа ие деп ойлаймын. Мәселен, қазiр бұл қызметтi алу үшiн 4 түрлi өтiнiш жазу керек. 2020 жылдан бастап, бұл актiлердiң барлығы бiрiктiрiлiп, «Сәйкестендiру құжаттарын әзiрлеу және беру» сияқты бiр қызмет арқылы қолжетiмдi болады. Бұған дейiн бiз зейнеткерлiкке байланысты төлемдердi тағайындау бойынша барлық қызметтi композит қызметiне бiрiктiргенбiз», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Айта кетейiк, зейнеткерлiк төлемдердi бiр ғана өтiнiшпен тағайындауға мүмкiндiк беретiн қызмет бiр жыл бұрын iске қосылған, содан берi композиттi түрде 99,2 зейнетақы тағайындалған. Бұған дейiн зейнет жасына жеткен азамат ХҚО-ға келiп жасына байланысты және базалық зейнетақыны төлеу бойынша 2 өтiнiш беретiн, әрi бiр айдан кейiн қайтадан мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы өтiнiш жазып, кейiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып, тағы бiр өтiнiш толтыратын. Ендi осы 4 қызмет үшiн ХҚО-ға бiр-ақ рет барып, бiр ғана өтiнiш жазу жеткiлiктi.

Бiр өтiнiшпен алуға болатын мемлекеттiк қызметтер саны көбейедi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестiгiн жариялады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегi парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берiлетiн жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрiн жариялады. Бұл бестiкке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.

Балташеваның айтуынша, «анықтамалар рейтингi» арнайы жүргiзiлген талдау нәтижесiнде анықталған.

Талдау барысында биылғы жылдың 8 айында қазақстандықтар ХҚО-дан 4,5 млн. мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлiктiң бар/жоқ екендiгi туралы миллионға жуық анықтаманы және жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы 700 мыңнан астам анықтаманы сұратқаны анықталған.

«Бұл электрондық үкiмет порталыжәне телеграмм-ботарқылы өз бетiнше алынған анықтамаларды есепке алмағандағы, қазақстандықтардың ХҚО-ға келiп алған анықтамаларының көрсеткiшi», — деп нақтылады Әсемгүл Балташева.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев мекенжай туралы анықтаманы жою туралы бастама көтердi.

Нәтижесiнде, 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру мемлекеттiк қызмет ретiнде қысқартылады, яғни ендi азаматтар өзiнiң тiркелген орнын тек egov.kz электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинеттен тексере алады.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ведомствоаралық комиссияның қарауына тағы 28 анықтаманы мемлекеттiк қызмет тiзiлiмiнен алып тастауды ұсынды.

Азаматтарға арналған үкiмет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестiгiн жариялады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Egov.kz қызметтерi мен сервистерiн facebook пен VK арқылы қалай алуға болады

Достар, сiз телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлi анықтамаларды алып, сервистердi пайдаланып көрдiңiз. Ендi дәл солай қызметтердi танымал facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуға болады. Әзiрге ВКонтакте жүйесiнде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетiмдi.

Facebook арқылы қызметтердi алу үшiн әлеуметтiк желiнiң мэссенджерiнде «Портал egov.kz» жазуын енгiзiп, бот сiлтемесiн басыңыз. Сiзге бiрден қызметтер мәзiрi шығады.

ВКонтакте әлеуметтiк желiсiндегi сервистi қолдану үшiн онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесiн таңдаңыз, қажеттi қызметтер мен сервистердi алу үшiн сiзден ЖСН мен телефон нөмiрi сұратылатын болады.

Әлеуметтiк желiлердегi мемлекеттiк қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бiрдей пайдалануға болады!

Egov.kz қызметтерi мен сервистерiн facebook пен VK арқылы қалай алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Мемлекеттiк қызметтер ым тiлiнде

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ХҚО-ға жүгiнетiн есту қабiлетi нашар азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi ым тiлiнде көрсетедi.

23 қыркүйекте халықаралық ым тiлдерiнiң күнi атап өтiледi. Арнайы датаны БҰҰ 2017 жылы белгiлеген.

Күн сайын елiмiздегi 348 фронт-офиске мыңдаған қазақстандық мемлекеттiк қызмет алуға келедi. Олардың сұранысын өтеп, сапалы қызмет көрсету — ХҚО қызметкерлерiнiң мiндетi. Қызмет алушылардың арасында ерекше қажеттiлiгi бар тұлғалар да бар. Есту қабiлетi нашар адамдар үшiн фронт-офистерде ишарат тiлiн меңгерген мамандар қызмет көрсетедi.

«Әр күнiн тыныштықта өткiзетiн азамат ХҚО сияқты мекемеге келiп, өзiн түсiне алатын қызметкермен ыммен тiлдесiп, керек қызметiн ала алады. Бiз қашанда ерекше қажеттiлiгi бар тұлғаларға бар жағдайды жасауға тырысамыз. Арбамен жүретiндер үшiн пандустар, зағиптар үшiн брайль әлiпбиiндегi жазулары бар тақтайшалар қойылған, нашар еститiндерге сурдоаударма тiлiн меңгергендер қызмет көрсетедi», — дейдi басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Елiмiз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлiмдерiнде еңбектенетiн 1300-ден астам қызметкер биыл ишарат тiлiн меңгеру курстарынан өткен. Олардың 1100-ден астамы арнайы сертификаттарын алған. 

Мемлекеттiк корпорацияның Қостанай облыстық филиалында қызмет ететiн Айжан Мақатованың айтуынша, ым тiлiн үйрену ұсынылғанда, ол бiрден келiсiмiн берген. Адамдарға көмектесу — басты парызым, деп бiлген ол курстардан өту арқылы қызмет алуға келетiн ерекше тұлғаларға пайдасын тигiзе алатынын айтады. «Аз уақыт iшiнде бiз ым тiлiндегi амандасу, қоштасу, әрiптер, сандар сияқты негiзгi сөздерi мен терминдерiн меңгердiк. Қызмет алушыларға қандай анықтама, құжат қажет деп сұрай аламыз, мейлi ол жеке куәлiк не паспорт болсын», — дейдi Айжан. 

Айта кетейiк, мемлекеттiк корпорацияда I, II, III топ мүгедектiгi бар 745 жұмыскер еңбектенедi. Жұмыспен қамту стратегиялық жоспарына сәйкес, мүгедектiгi бар қызметкерлердiң жалпы штат көлемiндегi үлесi 4% кем болмауы тиiс. III топ мүгедектiгi бар азаматтар мемлекеттiк корпорацияға еш конкурстық iрiктеусiз жұмысқа орналаса алады.

Мемлекеттiк қызметтер ым тiлiнде

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
баспасөз қызметi

Балабақшаға кезек нөмiрiн онлайн қарау

Бөбектерiңiздi балабақшаға тiркеуге қойсаңыз, кезектiң қаншалықты жылжығанын онлайн қарап бақылап отырыңыз. 

Ол үшiн egov.kz электронды үкiмет порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» қызметiн таңдаңыз. 

Өтiнiмдi толтырып, баланың ЖСН немесе тегiн, атын және туған күнiн енгiзiңiз.

Қызметтi онлайн Нұр-Сұлтан, Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Арыс, Атырау, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Көкшетау, Қостанай, Курчатов, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Сәтбаев, Семей, Талдықорған, Тараз, Текелi, Түркiстан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екiбастұз қалаларының тұрғындары ала алады. Қызмет сондай-ақ ҚР көптеген ауданында да қол жетiмдi.

#oqytoqy

Балабақшаға кезек нөмiрiн онлайн қарау

Несиенi жабу

Несиенi жабу

Қазiргi таңда Президенттiң Жарлығы бойынша қарыз жүктемесiнiң төмендеуi мен несиенiң бiр бөлiгiн жабу жүрiп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңiлдiктi кiмдер пайдалана алады, қарызы кешiрiлетiндердiң тiзiмiнде болмаса не iстеу керек деген сұрақтар туындауда.

Осы сұрақтарды талқылап, кiшi-гiрiм лайфхактармен бөлiсудi жөн көрдiк.

ӨЗ МӘРТЕБЕҢIЗДI ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:

enbek.gov.kz сайтына кiрiңiз;

«Борыштық жүктеменi төмендету бағдарламасына қатысу үшiн мәртебенi тексеру» тетiгiн таңдау;

өз ЖСН-iңiздi жазып, мәртебеңiздi бiлу.

НЕМЕСЕ:

111 бiрiңғай нөмерiне хабарласу.

ТАҒЫ ДА:

egov.kz электронды порталында көруге болады.

ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:

ХҚО-ға барыңыз.

Алайда, егер сiздiң аты-жөнiңiз тiзiмде болмаса және сiз онымен келiспесеңiз, онда сiзге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмiрлерiне хабарласу керек.

Егер сiздi тiзiмнен алып тастау себебiмен келiспесеңiз, онда Сiзге банкке немесе несие берген микрокредиттiк ұйымға жүгiну қажет.

Уақытыңызды әр түрлi жұмсауға болады, бiрақ бiз әрқашан сiз үшiн оңтайлы шешiм табуға тырысамыз және бос уақыттарңызды жақындарыңызға көбiрек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

Зейнеткерлiкке смс арқылы шығуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы зейнеткерлiктi проактив әдiсiмен рәсiмдеу бойынша пилоттық жобаны iске қосты.

Аталған пилотты жүзеге асыру жөнiндегi бiрлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қол қойды. Жоба әзiрге «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының зейнет жасына жететiн қызметкерлерiн қамтиды. Бүгiнде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбектенедi.

Зейнеткерлiкке шығу барысында дәстүрлi түрде ХҚО арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн тағайындау мемлекеттiк қызметтерi рәсiмделедi. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттiлiгi болмайды.

Зейнет жасына толғанға дейiн 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметтi проактивтi түрде рәсiмдеуге ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарлама жолданады. Келiсiм берiлген жағдайда, кадр бөлiмiне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттiк органның мақұлдауына жiберiледi.

Айта кетейiк, зейнеткер жұмыс берушiсiнiң кадр бөлiмiне алдын ала еңбек өтiлi, зейнеткерлiк жүйеге қатысуы сияқты мәлiметтердi ұсынады, бұл ақпарат, өз кезегiнде, еңбек келiсiмдерiн есепке алу бiрыңғай жүйесiне енгiзiледi.

Аталған әдiс арқылы мемлекеттiк корпорацияның екi қызметкерi зейнеткерлiкке шығып үлгердi. Тиiстi смс-хабарламаларды алғандардың қатарында астаналық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмiнiң жетекшiсi Райхан Жолдықұлова мен Ақмола облысы филиалының жер кадастры бөлiмiнiң қызметкерi Любовь Шестаева бар.

«Корпорациямыз цифрлық жаңашылдықтардың үнемi басы-қасында жүредi. Бiрақ дәл осы зейнеткерлiкке шығу жобасының алғашқы қатысушысы боламын деп ойламаппын. Зейнет жасына жеткенде қаншама құжаттың машақаты барын бiлемiн. Барлығы смс-пен шешiлгенiне қуаныштымын», — дейдi зейнеткер Райхан Жолдықұлова.

Пилоттық жоба қорытындысы бойынша оның өзге мекемелерге таралуы бойынша шешiм қарастырылады.

Зейнеткерлiкке смс арқылы шығуға болады

Зейнеткерлiкке смс арқылы шығуға болады

Ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен 3 мыңдай адамға өтемақы тағайындалды

29 тамыз — Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күнi. Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргiзiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жыл басынан берi Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы бойынша 2924 төлем тағайындады. Зардап шеккендерге берiлетiн өтемақы мөлшерi радиациялық қауiп аймақтарына қарай бөлiнедi.

Аталған бiржолғы өтемақыны алу үшiн сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тiркеуден өтiп, тиiстi куәлiк алуы тиiс. Бұл үшiн мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне жүгiну қажет. Қызметтi алу үшiн азаматтар өтiнiш жазып, төл құжат көшiрмесiн, мекенжай анықтамасын, банктегi шотының нөмiрiн, сондай-ақ 1949-1990 жж. ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактiсiн растайтын құжаттарын өткiзедi.

Айта кетейiк, 2019 жылдың алғашқы алты айында Семей полигонынан зардап шектi дегендерге 5,7 мың куәлiк берiлдi.

Ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен 3 мыңдай адамға өтемақы тағайындалды

Зейнетақы жинақтарын онлайн тексерiңiз!

Сiз ай сайын жалақыңыздың 10% бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай. Әдеттегiдей, оны екi тәсiлмен бiлiп-көруге болады — электронды үкiмет порталы мен телеграм-бот арқылы.

Egov.kz порталы арқылы мәлiметтердi бiлу үшiн «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметiн таңдайсыз. Тиiстi өтiнiштi жолдап, дайын құжатты жеке кабинетiңiзден көре аласыз.

ЭЦҚ болу мiндеттi.

Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты бiлу үшiн телеграм қосымшасына кiрiп, боттағы қызметтер тiзiмiнен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметiн таңдайсыз.

Мобидьдi азаматтар базасына тiркелу мiндеттi.

Зейнетақы жинақтарын онлайн тексерiңiз!

«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 2 млн-нан астам өтініш тіркеді

«Азаматтарға арналған үкiмет» бiр жылда жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметi бойынша 2 млн. 30 мыңнан астам өтiнiш тiркедi. Естерiңiзге сала кетейiк, жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметi Әдiлет министрлiгiнiң құзiретiнен мемлекеттiк корпорацияға 2018 жылдың 30 шiлдесiнде берiлген болатын.

Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарының тұрғындары жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметтерiн ең белсендi алушылар болып отыр. Атап айтсақ, 2018 жылдың 30 шiлдесiнен бастап 2019 жылдың 31 шiлдесiне дейiн Алматы қаласы мен Алматы облысында 228 мыңнан астам өтiнiш тiркелген, елорда тұрғындарынан 209 мыңнан астам және Қарағанды облысынан 157 мыңнан астам өтiнiш келiп түскен.

Ал Қызылорда (58 мыңнан астам өтiнiш), Атырау (62 мыңнан астам өтiнiш) және Маңғыстау (73 мыңнан астам өтiнiш) облыстарында жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметiне деген сұраныс төмен.

Айта кетейiк, көрсеткiштердi есептеу кезiнде құқықтың пайда болуы, деректердiң өзгеруi, ауыртпалықтарға және екiншi деңгейдегi банктермен келiсiм шартқа отыру бойынша өтiнiштер ескерiлдi.

«Бүгiнде жылжымайтын мүлiктi қысқа мерзiмде рәсiмдеуге болады. Бас-аяғы 3 жұмыс күнi iшiнде мүлiгiңiздiң тiркелгенi туралы мөртабасы бар қажеттi құжат қолыңызда болады. Дегенмен, бiз азаматтардың өмiр сүру сапасын жақсарту мақсатында бұл қызметтi одан әрi оңтайландырып, алдағы уақытта тiркеу уақытын 1 күнге дейiн қысқартуды жоспарлап отырмыз», — дейдi мемлекеттiк корпорация төрайымы Әсемгүл Балташева.

Айта кету керек, жылжымайтын мүлiктi тiркеуге өтiнiштi «Азаматтарға арналған үкiмет» және нотариустар арқылы беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 2 млн-нан астам өтініш тіркеді

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу реті жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу реті жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.

Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:

  • Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;
  • Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
  • Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Жыл басынан бері 4 мыңнан аса солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
КЕАҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

«Азаматтарға арналған үкiмет» Арыс тұрғындарының құжаттарын тегiн рәсiмдеуде

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы үйжайлары төтенше жағдай кезiнде жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттарын тегiн рәсiмдеуде.

Маусым айының соңында орын алған жарылыс салдарынан бұзылған және зақым келген ғимараттарды жаппай қалпына келтiру және жөндеу жұмыстарының жүргiзiлуiне байланысты Арыс қаласында жер кадастры және жылжымайтын мүлiк саласы бойынша қызметтер көлемi күрт өскен. Қазiргi уақытта жоғары сұранысқа ие болып отырған осы қызметтер мемлекеттiк корпорациямен тегiн көрсетiлуде.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы көрсетiлуiн қамтамасыз ету мақсатында Арыс қалалық бөлiмшесiне Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан және Түркiстан облысының аудандық бөлiмдерiнен 25 қызметкердi көмекке жұмылдырды.

Шiлде айының басынан корпорация өз есебiнен ақысыз негiзде 858 техникалық төлқұжат, 3328 меншiк иесi туралы мәлiмет, 476 жылжымайтын мүлiктiң техникалық төлқұжаттарын және құқық белгiлейтiн құжаттың мұрағаттық көшiрмесiн берiп, жылжымайтын мүлiк дерекқорындағы қателердi түзету жұмысы бойынша 799 тұрғынға қызмет көрсеттi. Ал жалпы есептi мерзiмде (24 маусым — 12 тамыз) Арыс қалалық бөлiмiмен көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны 17 мыңға жеттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, Азаматтарға арналған үкiметтiң Арыс қаласы бойынша бөлiмi орын алған төтенше жағдайдан кейiн азаматтарға қызмет көрсетуiн тоқтатпай, далалық жағдайда, арнайы құрылған штаб құрамында жұмыс iстедi. Тұрғындарға мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес берiлiп, ақпараттық анықтамалар мен бастапқы құжаттар пакетi ұсынылды. Қажет болған жағдайда мамандар азаматтарды құжаттандыру үшiн көшi-қон қызметi басқармаларымен жедел өзара iс-қимыл жасап, тиiстi жұмыстар атқарды.

Сондай-ақ, Арыс қалалық ХҚО қаланың әлеуметтiк нысандарының арасында алғашқылардың бiрi болып аз уақыт iшiнде ғимаратын жөндеуден өткiзiп, өз жұмысын қалыпты жағдайда қайта жүргiзген болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Мобильдi азаматтар базасында бар/жоғыңызды тексерiңiз!

Мобильдi азаматтар базасында тiркелгендер egov.kz порталы мен mgov.kz қосымшасына бiрретiк құпиясөз көмегiмен кiрiп, телеграмдағы egovkzbot-тың 25 түрлi қызметiн пайдалана алады. Сондай-ақ базада тiркелгендерге бала тууына қатысты проактив қызметi бойынша СМС-хабарламалар жолданады. Мобильдi азаматтар тобына қосылу үшiн ХҚО-ға бару керек немесе egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы тiркелу керек. 

Бұл базада бар/жоғыңызды алдын ала тексерсеңiз де болады. Ол үшiн egov.kz порталына кiрiп, басты беттегi «Сервистер» бөлiмiнен «Мобильдi азаматтар базасында пайдаланушыны iздеу» қызметiне өту керек. Ондағы жолаққа ЖСН енгiзсеңiз, жауап бiрден берiледi. 

#oqytoqy

Мобильдi азаматтар базасында бар/жоғыңызды тексерiңiз!

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Елiмiзде халыққа қызмет көрсететiн орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.

«Мегаполистердегi халықтың өсуi жедел шаралардың қабылдануын талап етедi. Жарты жылдың өзiнде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн. қызмет көрсетiлген. Тамыз айының соңына дейiн бiз астанамыз бен Алматыда қосымша бiр-бiр халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бiр айлық үзiлiстен кейiн қайтадан өз қызметiн жандандырды», — делiнген әлеуметтiк желiдегi жазбада.

Оған қоса, елiмiздегi мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бiр-бiр орталық iске қосылады. Әсемгүл Серiкқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көлiктерiн сатып, жаңасын алып, тiркеу рәсiмдерiн де сонда жасатады. Жарты жыл iшiнде Қазақстанда көлiк секторы бойынша көрсетiлген қызмет саны 1,5 млн. жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесiлi», — деп атап өткен Ә.Балташева өз парақшасында.

Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО iске қосылады делiнген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгiнде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс iстейдi, көрсетiлетiн қызмет түрлерiне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көшi-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жiктеледi. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онда қазақстандықтарға 15 млн. қызмет көрсетiлген.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезiнде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшiн жаңа ХҚО-ларды, әсiресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырған болатын.

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Анаға цифрлық жәрдем!

«Азаматтарға арналған үкiмет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берiлетiн жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсiмдеп, ол туралы әлеуметтiк желiде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.

Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсiмдеген аналар жазған постында мемлекеттiк корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгiлеп (instagram әлеуметтiк желiсiнде), #анағацифрлықжәрдем хэштегiн қоюы тиiс.

Байқау жеңiмпаздары 15 қыркүйек — Аналар күнi анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есiмдерi бiр тiзiмге жазылып, жеңiмпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмiрдiң түсуi арқылы таңдалады.

Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңiмпаз bebek.kz интернет-дүкенiнен «Sweety» брендiнiң жөргектерiн бiр ай бойы алуға мүмкiндiк беретiн сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретiнде тағы бес жеңiмпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтiм құралдарына қосымша сертификат алады.

Анықтама: «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау» қызметi egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында iске қосылған. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсiмделген.

Анаға цифрлық жәрдем!

Баспасөз хабарламасы
«Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы

2019 жылғы 02 тамыз Петропавл қ.

Бүгiн «Семейный» сауда-ойын сауық орталығында Телеграм-бот және mgov қосымшасын түсiндiрiп тарату бойынша «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өттi.

Акция барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы СҚО бойынша филиалының қызметкерлерi халыққа Telegram-дағы @EgovKzBot сервисi арқылы өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi алуға, «электрондық үкiмет» веб-порталын қолдану дағдыларын үйретiп, мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Бүгiнде Telegram қосымшасындағы @EgovKzBot арқылы 25 қызмет қолжетiмдi. Бұл мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, психо және наркодиспансерден анықтамаларды алу, сондай-ақ кезектi онлайн брондау, дәрiгердi үйге шақыру сияқты т.б. сервистерi қолжетiмдi. MGov.kz мобильдi қосымшасы арқылы бiлiм, отбасы, жылыжымайтын мүлiк, денсаулық сақтау салалары бойынша және т.б. 77 мемлекеттiк қызмет түрiн алуға болады.

Электрондық қызмет түрлерiнiң саны өскен сайын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы СҚО бойынша филиалы азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi онлайн алуға үйретiп қана қоймай, сондай-ақ цифрлық сауаттылықтарын арттыру бойынша iс-шараларын өтiкiзiп отырады. Осы мақсатта филиал қызметкерлерi әртүрлi акиялар өтiкiп, азаматтарды үйрету жұмыстарын жүргiзiп, ЖОО-ға, сауда ойын-сауық орталықтарына және басқа да ұйымдарға шығып отырады.

Бұған қоса, 2018 жылы Петропавл қаласында цифрлық қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Цифлық ХҚО-да азаматтар мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып қана қоймай, арнайы жабдықталған оқу сыныбында цифрлық сауаттылықтарын арттыра алады.

Айта кетейiк, «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы облыстың барлық аудан орталықтарында өтетiн болады.

Анықтама: Соңғы екi айдың iшiнде СҚО бойынша 1664 адам Телеграм-ботта тiркелген.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi
55-10-54

Ә. Балташева: ХҚО-лардағы кезекті болдырмаудың баламасы бар

Ә. Балташева: ХҚО-лардағы кезекті болдырмаудың баламасы бар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектің неліктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

Әсемгүл Балташеваның айтуынша, фронт-офистердегі қызмет көрсету сапасына қатысты халықтың арыз-шағымы үнемі ескеріліп отырады, корпорацияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына келіп түсетін өтініштер де бейжай қалмайды. Соңғы уақытта ХҚО-ларда үкен кезектің туындауы да азаматтарды мазалайтын көрінеді. «Жаз маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халықтың қарасы екі есе өседі. Бұл ең алдымен демалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал кезекті демалысқа шыққан өзге азаматтар баспаналарының қағаздарын жасатып, тұрақты тіркеуге тұрып, көліктерін сатып, жаңасын алуымен байланысты», — дейді Ә. Балташева.

Бұдан бөлек, ХҚО-ға келушілердің күрт өсуі мемлекетіміздің әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға жәрдем беріп, олар үшін әлеуметтік бағдарламалар құрып, қолдау саясатын белсенді жүргізуімен де байланысты деп атап өтті басқарма төрайымы. Себебі жеңілдіктерді қарастыратын бағдарламаларға қатысу үшін бірқатар анықтама мен құжатты жинау керек. Бұл үшін де адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады.

Сондай-ақ басқарма төрайымы еліміздің барлық мамандандырылған ХҚО-ларында туындаған кезек мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, ҚР ІІМ-нің енгізген жаңашылдықтары 1 шілдеден бастап көлік иелерін әбігерге түсіріп, қызметтердің дер кезінде көрсетілуіне кедергі келтірді. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі ақау кезектің туындауына алып келген. «Өз тарапымыздан бұл мәселені шешу үшін бірқатар шара қабылдап, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеп, құжатты қабылдаушы мамандардың санын арттырдық, сондай-ақ автоХҚО-дан қала бағытына жүретін тегін автобустар ұйымдастырдық. Бүгінде ондағы қызмет қалыпқа түсіп, жұмыс барысы реттелді» – делінген басқарма төрайымының фейсбуктегі ресми парақшасында.

Әсемгүл Серікқызы бұл ретте мемлекеттік қызметтердің 71 пайызының электрондық форматқа өткенін тілге тиек етіп, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн түрде алуға шақырды. Ол керекті анықтамалар мен құжаттарды egov.kz сияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылы онлайн алуға болады, ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар дей келе, цифрлық жаңашылдықтарды пайдаланатын қазақстандықтардың санының артатынына үлкен сенімін білдірді.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметі

Ақпараттық хабарлама
Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

Ақпараттық хабарлама Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды. Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты.

ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап мәліметтердің алмасуын қамтамасыз ететін жаңа веб-модулді іске қосуына байланысты, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушілердің өтініштері дер кезінде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.

Бұл ретте мемлекеттік корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезекті тарату үшін қосымша қызметкерлерді тартып, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеді. Халық ыңғайлығы үшін egov.kz порталы арқылы қызметті онлайн алуға көмектесетін кеңесші мамандар жұмылдырылды.

Айта кетейік, көліктерді қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қызметтері бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шілденің 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесілі.

Заңды тұлғаларды тiркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тiркеу функциясы өттi. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшiн ҚР Әдiлет министрлiгiне жiберiлетiн. Бұл туралы facebook-тегi ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi.

«Ендi бiз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттiк тiркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметтi атқару үшiн әдiлет министрлiгiнiң аймақтық бөлiмшелерiнен 98 қызметкер бiзге ауысты, оған қоса бiз 197 қызметкерiмiздi оқытудан өткiздiк» делiнген хабарламада.

Жаңа енген өзгерiстерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлiк қоғамдарды, мемлекеттiк кәсiпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттiк қайта тiркеу, тарату, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк (қайта тiркеу) тiркеу қызметтерi, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi туралы құқықтық сараптаманы мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi жүргiзедi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар қызметiне өзгерiстер ендi. 1 шiлдеден бастап ондағы IIМ қызметкерлерiн Азаматтарға арналған үкiметтiң мамандары алмастырады. Көлiктi тiркеуге қою/алу, жүргiзушi куәлiгiне өтiнiштердi корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргiзiлетiн емтихандарды да автоЦОН қызметкерлерi өткiзедi. Өз кезегiнде, барлық қабылданған өтiнiштер IIМ-нiң арнайы құрылған бэк-офистерiне өңдеу үшiн онлайн түрде жiберiлiп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетiн тиып, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы әрi жылдам көрсетiлуiне әсер етуi тиiс.

«Бұл ауқымды өзгерiстер мемлекеттiк қызметтердiң сапалы көрсетiлуiне оң ықпал етуi тиiс. Корпорациямыздың құзырына өткен мiндеттердiң өсуi — бiзге деген сенiмнiң артқаны деп бiлемiн», — деп атап өттi өз парақшасында Әсемгүл Балташева.

Заңды тұлғаларды тiркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

ХҚО қызметкерлерi ендi азаматтарды мекенжай тiркеуiне қоя алады

ХҚО қызметкерлерi ендi азаматтарды мекенжай тiркеуiне қоя алады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсiздiк даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлiмiнде ендi азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша тiркеуiн миграция қызметкерлерiмен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерi де жүргiзе алады.

Пилоттық жоба шеңберiнде 17 маусымнан бастап елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан ең iрi халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қызмет алушыларға мекенжай бойынша тiркеуге тұру және тiркеуден шығу мемлекеттiк қызметтерiн көрсете бастады. Бұл қызметтiң жүргiзiлуiне тiкелей жауап беретiн ҚР IIМ миграциялық қызметi ХҚО мамандарына «Құжаттау және халықты тiркеу» ақпараттық жүйесiн қолдануға рұқсат берiп, арнайы оқыту шараларын өткiздi.

Пилоттық жоба iске қосылған он күн iшiнде аталған ХҚО-да тұрғылықты жер бойынша тiркеуге тұру қызметiн алушылардың кезегi 100-150-ден 2-7 адамға дейiн қысқарған.

Айта кетейiк, халыққа қызмет көрсету орталықтарында«құжаттау» (жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсiмдеу, тұрғылықты жер бойынша тiркеуге қою/алу) қызметтерiн миграциялық полицияның 1-3 маманы көрсетедi. Елордадағы №4 ХҚО бөлiмiнде орналастырылған миграциялық қызметтiң 3 маманына ХҚО-ның тағы 3 операторы жүктеменi азайтуға көмектеседi, сондай-ақ қызмет алушылар саны тым көбейген шақта тағы 2 ХҚО қызметкерi жұмылдырылады.

Болашақта бұл пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының барлық Халыққа қызмет көрсету орталығын қамтиды деп жоспарланған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Заңды тұлғаларды тiркеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» жүргiзетiн болады

Заңды тұлғаларды тiркеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» жүргiзетiн болады

«Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тиiстi Заң ағымдағы жылдың 2 сәуiрiнде қабылданған болатын.

Заңға сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (7 ұйымдық-құқықтық нысан) бойынша функциялар ҚР Әдiлет министрлiгiнiң қарамағынан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына 1 шiлдеден бастап берiледi.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тiркеу тiркеушi органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкiмет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады.

Тiркеу iс-әрекетiнiң қалған түрлерi, атап айтқанда акционерлiк қоғамдарды, мемлекеттiк кәсiпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттiк қайта тiркеу, тарату, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк (қайта тiркеу) тiркеу қызметтерi құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi туралықұқықтық сараптама жүргiзудi талап етедi.

Сондықтан«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының заңгерлiк бiлiмi бар қызметкерлерi арнайы оқытудан өттi. Қызмет iске қосылғаннан бастап заңды тұлғаларды тiркеумен барлығы 295 адам айналысады, олардың 95-i қалалық филиалдардың, 166-сы аудандық бөлiмдердiң және 34-i филиал бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрiретiн болады.

Айта кету керек, функцияларды мемлекеттiк корпорацияның құзырына беру республикалық бюджеттен қаржыландырылмай жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕ АҚ баспасөз қызметi

Цифрлы Қазақстан — цифрлы қазақстандықтар

Цифрлы Қазақстан — цифрлы қазақстандықтар

«Азаматтарға арналған үкiмет» екi мыңнан аса әкiмдiк қызметкерлерiн egov.kz электрондық үкiмет порталын пайдалану дағдыларына үйреттi. Олардың барлығы қысқа мерзiмдi курстан өткендiгi туралы сертификаттар мен жаттықтырушы атағын алды. Тыңдаушылар одан әрi аудан әкiмдiктерiнiң қызметкерлерiн, өз қалалары мен облыстарының тұрғындарын тегiн оқытады деп жоспарлануда, осылайша цифрлық сауаттылық сабақтарымен жарты миллион адам қамтылмақ.

Электрондық үкiмет пен е-мемлекеттiк қызметтердi пайдалануды оқыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының адами капиталды дамыту жобасы шеңберiнде жүргiзiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның тiкелей қатысуымен азаматтарды цифрлық сауаттылыққа оқыту мақсатында«Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» тақырыбында арнайы оқу бағдарламасы әзiрлендi.

«Бiз ақпараттық технологиялар ғасырында өмiр сүрiп жатырмыз. Сондықтан, уақыт өте келе, электрондық қызметтердi алудың жаңа тәсiлдерiн игеру маңызды. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация өзiнiң кең инфрақұрылымы арқасында азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше алудың маңыздылығын жеткiзiп қана қоймай, оларды пайдаланудың оңай жолдарын үйретiп, қызметтердiң барлығына бiрдей қол жетiмдiлiгiн көрнекi түрде көрсетiп келедi. Және бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бередi», — дедi Балташева.

Оқыту барысында жаттықтырушыларғамемлекеттiк қызметтердi алудан басқа базалық цифрлық дағдылар, электрондық сауда, ақпараттық қауiпсiздiк негiздерiне үйретiп, «Ашық үкiметтiң» пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар, қысқа мерзiмдi курстарда кемiнде жарты миллион қазақстандық цифрлық дағдыларын жоғарылатпақ.

Айта кету керек, 2018 жылы мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң үш мыңнан асақызметкерiн оқытып, ал олар өз кезегiнде 600 мыңнан аса адамды цифрлық дағдыларға үйреткен болатын.

Естерiңiзге сала кетейiк, бүгiнде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы электрондық қызмет көрсету орталықтарында (цифрлық ХҚКО) тақырыптық сабақтар өтетiн оқыту сыныптарыжұмыс жасайды. Мұнда бiлiмiн жетiлдiрген азаматтарға электрондық сертификаттар табысталады. Үстiмiздегi жылдың 5 айында цифрлық ХҚКО-ларда барлығы 167 мыңнан аса сертификат берiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Ендi жаңа туған сәбидi проактив тәсiлмен мекенжай тiркеуiне қоюға болады

Ендi жаңа туған сәбидi проактив тәсiлмен мекенжай тiркеуiне қоюға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсiлмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмiне мекенжай бойынша тiркелу қызметiн қосты. Бұл қызмет мемлекеттiк корпорацияның бастамасымен ҚР IIМ мен Әдiлет министрлiктерi базаларының интеграциялануы нәтижесiнде жүзеге асып отыр.

Ендi жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегiне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарламамен бiрге жаңа туған сәбидi мекенжай тiркеуiне қоюға мүмкiндiк беретiн хабарлама қоса жолданады.

«Проактив тәсiлi азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiк бередi. Жаңа технологиялар ендi ғана сәбилi болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседi. Керегi — телефонға келген смс-ке жауап беру ғана», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидiң ата-анасының бiрiне екi апта iшiнде мекенжай тiркеуiне тұру жөнiнде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берiлген жағдайда баспана иесi өз мекенжайының тiркеу кодын енгiзуi тиiс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесiнiң ЖСН-i қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсiлмен жолданатын смс-тердi алу үшiн баланың ата-анасының бiрi мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек.

Айта кетейiк, 1,5 жыл бұрын iске қосылған проактив тәсiлiмен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты берiлiп, 13 мың бөбек балабақша кезегiне тұрғызылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Жетiм қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

Жетiм қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

2019 жылдың төрт айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу» мемлекеттiк қызметi бойынша 402 қызмет көрсетiлдi.

Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу — жетiм және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүлiктiк құқықтардың болуымен өзгешеленетiн бала алу формасы. Елiмiздiң заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетiм не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады.

Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiнiң бiрiне келесi құжаттарды тапсыруы тиiс:

  • Өтiнiш пен жеке басын куәландыратын құжат;
  • Некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) табысы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйдi пайдалану құқығын растайтын құжаттарының көшiрмесi (тұрғын үйге меншiк құқығы болмаған жағдайда);
  • Баланың ата-анасыз қалғанын растайтын құжаттары;
  • Қамқорлықа алынатын баланың келiсiмi (10 жасқа толған болса).

Айта кетейiк, соттылығы бар, табысы аз не болмаса денсаулық жағдайы келмейтiн азаматтар баланы қамқоршылыққа ала аламайды.

Соңғы жылдары жетiм не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткiшiнiң оң динамикасы байқалады. 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 1069 мемлекеттiк қызмет көрсетiлсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 1600 қызмет рәсiмделген.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жылжымайтын мүлiк нысандарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары жыл басынан берi 102 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Оның iшiнде жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортын, оның көшiрмесiн беру қызметтерi бар.

Жылжымайтын мүлiк санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлi мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшiн мамандар жылжымайтын мүлiктiң өлшемдерiн өлшеп, ғимараттардың әрбiр қабатының жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескерiлiп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлiмет топтастырылып, техникалық паспортқа енгiзiледi.

Бүгiнде техникалық паспортты алу үшiн өтiнiмдi egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берiп, өлшеу жүргiзетiн техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. Техникалық паспорт жасату үшiн келесi құжаттар тiзiмi қажет: жеке куәлiк, жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатымен қоса нысанның құқық белгiлейтiн құжаты және қызмет үшiн төлемнiң жүргiзiлгенi жөнiндегi түбiртек. Жыл басынан берi төрт ай iшiнде 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берiлдi.

Жылжымайтын мүлiк нысанының техникалық паспортын әзiрлеу уақыты мүлiк түрiне қарай әр түрлi мерзiмдi құрайды. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күнi аралығында берiледi. Үйлер, гараждар, саяжайлардың техпаспорты жетi жұмыс күнi iшiнде әзiрленедi. Ал ауданы 1000 м2 дейiнгi нысандардың құжаты он күнде, 1000 м2 асатын жылжымайтын мүлiк техпаспорты жиырма жұмыс күнi аралығында дайын болады.

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетiлдi

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетiлдi

Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттiк қызметтер мен сервистердi қолжетiмдi еткен @egovkzbot қызметiне бiр жыл толды. Осы мерзiм аралығында аталмыш бот көмегiмен 534 мың қызмет көрсетiлдi.

Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлi мемлекеттiк қызмет пен сервистердi алуға мүмкiндiк бередi. Жиi сұралатын анықтамалардың iшiнде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердiң анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйiнде тiркелгендердiң тiзiмiн қарай алады. Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрiгердiң қабылдауына жазылып, борышкерлер тiзiмiнде бар-жоғын тексерiп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.

Egovkzbot-ты қолдану үшiн азаматтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс. Бұл үшiн кез келген ХҚО-ға жүгiнуге болады. Айта кетейiк, бiр жыл iшiнде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердiң саны 320 мыңнан асты.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕАҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Кезектi еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристiк сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тiзiлiмiнде бар/жоғын тексергенi абзал.

Мұны азаматтар бiрнеше тәсiл арқылы тексере алады. Солардың бiрi — Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметiн таңдағаннан кейiн пайдаланушы «Борышкерлер тiзiлiмi және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисiне өтiп, жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзуi қажет. Борышкерлер тiзiлiмiнде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берiлген ЖСН бойынша ешқандай деректердiң табылмағаны жөнiнде хабарлама жiбередi. Бот арқылы сапарға бiрге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегiн тексеруге болады. Керектi ақпарат сұрау жiберiлгеннен кейiн бiрден көрсетiледi.

Айта кетейiк, бiр жыл бұрын iске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгердi. Бот қызметiн пайдалану үшiн қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi шарт. Бүгiнде ол базаға 6,8 млн. адам өз мәлiметтерiн енгiзген.

Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелерi egov.kz порталындағы жеке кабинетi арқылы айыппұлдардың барын тексерiп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.

Естерiңiзге салайық, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгiнуге дейiн апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектерi барларға қойылуы мүмкiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн. аса азаматты мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Осылайша аталмыш базаға тiркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.

Мобильдi азаматтар базасына тiркеу ерiктi түрде жүргiзiледi, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефон нөмiрi байланыстырылып, базаға енгiзiледi. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәлiметтерi бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бiрнеше мемлекеттiк қызмет пен сервистi онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тiркелгендер egov.kz порталының құпиясөзiн ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бiрретiк құпиясөзге сұрау жiбере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлi қызметiн қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивтi қызмет аясында, бала туылған шақта жiберiлген смске жауап беру арқылы туу куәлiгi мен жәрдемақының тағайындалуына өтiнiш берiп, бөбектi балабақша кезегiне қоя алады. Сонымен қатар базаға тiркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегiмен 25 қызметтi емiн-еркiн қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердiң есебiнде тұрмау туралы, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты бiрқатар анықтаманы алып, дәрiгер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегiн онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкiндiк бередi. Аталмыш бот 2018 жылы iске қосылды. Осы уақытқа дейiн оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгердi.

Қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасының тiзiмiнде тiркелген/тiркелмегенiн egov.kz порталы арқылы тексере алады.     

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн келетiн азаматтардың саны күрт өскенiн хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.

Егер ЖК мерзiмi өтiп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн биыл жыл басынан берi 1097 солтүстiкқазақстандық пайдаланған.

еgov.kz

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша Баспасөз қызметi

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерiнiң алғашқы құжатын проактив әдiсiмен алды

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерінің алғашқы құжатын проактив әдісімен алды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттiк қызметтi бiр ғана смс хабарламаның көмегiмен алуға болатын проактив қағидасын енгiзген болатын.

Пилоттық жоба iске қосылғалы берi жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсiлiмен баланың туу туралы куәлiгiн алу ұсынылды. Олардың 63 330 бiр мемлекеттiк қызметке тапсырыс берiп, сәбилерiнiң алғашқы құжатын онлайн өтiнiш берiп алды.

Айта кетейiк, пилоттық жоба шеңберiнде нәрестелi болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлiгiн рәсiмдеп, жәрдемақы алуға өтiнiш жолдап, баланы балабақша кезегiне қоя алады.

«Ендi ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бiрнеше рет барудың қажетi жоқ. Бұрын аналар бесiгiндегi баласын қалдырып, не оларды құндақтап ХҚО-ға келiп жүретiн. Цифрландыру заманында проактив әдiсi арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшiн аналар босанбас бұрын мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Бүгiнде проактив әдiсi телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетiмдi. Мобильдi базаға тiркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегiмен өздерi де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегiнде iске қосылған бот қызметiне 5,5 мыңға жуық әйел жүгiнген, олардың 4 842 балаларының туу куәлiгiн рәсiмдеген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
Қазақстанға келетiн шетелдiктер миграциялық ХҚО арқылы тiркеуге тұра алады

Қазақстанға келетін шетелдіктер миграциялық ХҚО арқылы тіркеуге тұра алады

20 ақпан 2019 ж. Петропавл қ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының миграциялық ХҚО-сы арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны толыға түстi. Ендi Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшi-қон қызметтерi орталығының қызметiне жүгiне алады. Бұған дейiн бұл қызмет тек ҚР IIМ көшi-қон комитетi тарапынан көрсетiлетiн.

18 ақпаннан бастап көрсетiле бастаған жаңа қызмет түрiн пайдалану үшiн шетелдiк азаматтың өзiмен бiрге келесi құжаттары болуы тиiс:

  • ҚР аймағына кiруге визасы бар шетелдiктiң не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты;
  • Шекараны кесiп өткенi туралы белгiсi бар көшi-қон карточкасы;
  • Еркiн түрде жазылған қолдаухат.

Қызмет алушылар ҚР аймағына 6 айдан артық мерзiмге келетiн болса, қосымша толтырылған 2 мекенжайға келу парағын, келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны мен 3,5*4,5 көлемiндегi бiр фотосурет тапсыруы керек.

Миграциялық ХҚО арқылы шетелдiктер бiр күннiң iшiнде тiркеуге тұра алады. Мұндай орталық мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi еш кедергiсiз алуға мүмкiндiк бередi, жемқорлық әрекетiне жол бермейдi.

Жаңадан қосылған қызметтен бөлек, мұнда шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат беретiн құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетiндер жеке сәйкестендiру нөмiрiн рәсiмдей алады. Естерiңiзге сала кетейiк, елiмiздiң 13 қаласында көшi-қон қызметтерiнiң орталығы жұмыс iстейдi. Тағы төрт (Павлодар, Өскемен, Тараз, Түркiстан обл.) Миграциялық ХҚО жыл соңына дейiн ашылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет «Өмiр қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының 50-ге жуық қызметкерi «Өмiр қолын соз!» акциясына қатысып, облыстық қан орталығының қан қорын толықтырды.

Осы күнi барлық адамдар қан берiп қоймай, сонымен қатар оның талдауларын жүргiзе алды, жағдайын тексердi. Қаң тапсыру процедурасы мүлде ауыртпалықсыз және сонымен бiрге денсаулыққа өте пайдалы. Ересек адам денсаулығы үшiн қанның мезгiлдi жаңартылуын қажет етедi.

«Қанымызды тапсыра отыра, бiз қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек қолын созуға тырысамыз. Адамдардың жандарына араша түсiп, денсаулықтарының жақсаруына көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Осындай iс-шараларға қатысу арқылы өзгелерге үлгi болсақ деген ниеттемiз», – дейдi «Азаматтараға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыны Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Әр донордың қан тобына алдын ала зертханалық талдау жасалды және бұрын ауырған ауруларына қатысты дәрiгер қабылдауы жүргiзiлдi. Медициналық тексерiстен сәттi өткен әр қызметкерден 450 мл көлемiнде қан алынды.

Адам өмiрiн аман алып қалуға көмектесетiн игi шараны корпорацияның өзге филиалдары да қолдап, донор күнiн өткiзiп жатыр.

Азаматтарға арналған үкімет «Өмір қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

Азаматтарға арналған үкімет «Өмір қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Мемлекеттiк корпорациясы
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi

22 өңiрлiк ХҚО бөлiмiнде жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болады

22 өңiрлiк ХҚО бөлiмiнде жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болады

Елiмiздiң 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргiзушi куәлiгiн ауыстыра алды. Онда көлiктi тiркейтiн және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан алу бөлiмiнiң мамандары қызмет көрсетедi. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлiк жүргiзушiсiнiң куәлiгi берiлген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзiмi бiтуге таяу жүргiзушi куәлiгiн жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиiстi емтихандарды тапсырып, медициналық тексерiстен өтудiң қажетi жоқ. Аймақ тұрғындары көлiк жүргiзу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзiмi 1 ай, кейiн «жоғалғанның орнына» белгiсiмен жаңа көлiк жүргiзу куәлiгi берiледi.

Бұл ретте көлiк жүргiзу құқығынан айырылған тұлғалар жүргiзушi құжатын қалпына келтiру үшiн тиiстi емтихандарды тапсыру керектiгiн еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлiк иелерiнiң назарына жүргiзушi куәлiгiн мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсiздiк даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiнiң электрондық үкiмет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшiн көлiк жүргiзушiсiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданып, баж салығы төленедi. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргiзушi куәлiгiн алып кетуге болады.

Жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

Облыс атауы Аудан атауы Облыс атауы Аудан атауы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Ақмола облысы Есіл ауданы Жалағаш ауданы
Ақкөл ауданы Арал ауданы
Степногорск қаласы Жаңақорған ауданы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Қармақшы ауданы
Талас ауданы Шиелі ауданы
ШҚО Жарма ауданы Павлодар облысы Ақсу қаласы
БҚО Қазталов ауданы СҚО Тайыншы ауданы
Бөрілі ауданы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Түркістан облысы Түркістан қаласы
Осакаров ауданы Сайрам ауданы

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылар тегiн психологиялық көмекке онлайн жүгiне алады

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк сала бойынша кеңес беретiн 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалу арқылы мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегiн брондай алады.

Мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретiн онлайн қолдау қызметiн құру жөнiндегi әрiптестiк келiсiм ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетiнiң арасында 2015 жылы жасалған.

Онлайн қолдау қызметi құрылғалы берi барлық аймақтан 2,4 мың өтiнiш келiп түскен. Қоңыраулардың денi Алматы, Атырау және Түркiстан облыстарына тиесiлi.

1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгiлеп, кезекке тұрады. Медицина университетiнiң мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшiн белгiленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.

Мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата-аналарына психологиялық көмектi медицина университетiнiң психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсiби мамандары бередi.

Психологтардың қызметiне жүгiну — балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметiн төлей алмайтын және кәсiби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдiмекендерде тұратын ата-аналар үшiн жақсы мүмкiндiк.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Жаңа жылдық сыйлық ретiнде — Цифрлық ХҚО

Бүгiн Петропавлда Цифрлық ХҚО ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Елена Степаненко, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахмет және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов қатысты.

Цифрлық ХҚО — бұл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрған Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа үлгiдегi фронт-офисi. Азаматтар өз бетiнше, операторлардың көмегiнсiз өздерiне қажеттi қызметтердi ала алады. Келушiлердiң мұнда цифрлық сауатын арттыру мүмкiндiгi бар. Орталық кiреберiсiнде бөлiм қызметкерi кеңес беретiн ресепшн орналасқан, келушiлер күту секторында жайлы жиһазда отырып, цифрлық қызметтер туралы медиа ақпаратпен таныса алады. Мұнда, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету — ConnectionPoint секторы бар, онда келушiлер өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi ала алады.

«Цифрлы ХҚО — бұл өңiр тұрғындары оператор мамандардың қатысуынсыз өз бетiнше электрондық мемлекеттiк қызметтердi ала алатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жаңа нұсқадағы фронт-офисi. Цифрлық қызметтер орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып, керектi анықтамаларды өздерiнiң электрондық поштасына жолдай алады. Ал осы цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртiбiн бiлмейтiндер үшiн арнайы цифрлық сауаттылық курстары өткiзiледi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Анықтама үшiн:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылы өңiр тұрғындарына 859 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның 329 мыңы электрондық түрде. Сонымен қатар 2018 жылы аймақта egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы өз бетiнше қызмет алу үшiн 179 мың электрондық цифрлық қолтаңба берiлдi. Цифрлық ХҚО М. Әуезов көшесi, 157 мекенжайында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын бiрлесiп жақсартуға шақырады

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын бірлесіп жақсартуға шақырады

Қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының iске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерiстерге бей-жай емес барлық қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейдi. Масалы, азаматтар мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша өздерiнiң ұсыныстары мен ескертулерiн қалдыра алады.

Бүгiнгi күнi астаналықтар ең белсендi қолданушылар болып отыр, олар ХҚО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екiншi орында оңтүстiк астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесiнде 26%. Осы ретте, жоба iске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келiп түскендiгiн айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшiлiгi кейбiр мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бизнес-процестерiн өзгертуге қатысты.

Мемлекеттiк қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттiк корпорацияның қызметi бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгiзуге болатындығын естерiңiзге саламыз. Сайтқа қалдырылған ұсыныстарды талқылауға, пiкiрлер қалдыруға және лайктар басуға болады. Бұдан өзге, үздiк идеялардың жеңiмпаздары сыйлықтармен көтермеленетiн болады. Жоба бойынша толық ақпаратты www.gov4c.info сайтынан көруге болады.

Iрiктеуден кейiн, ұсынылған бастамалар пысықталып, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерiнен тұратын комиссия мүшелерi тарапынан iске асырылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Мемлекеттiк қызметтердi видеоқоңырау арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы CISCO компаниясымен бiрге мемлекеттiк қызметтердi қашықтықта онлайн тәртiпте ұсыну жобасын жасады. Ендi 20 мемлекеттiк қызметтi видеобайланыс арқылы алуға болады.

Желiлiк технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтердi алуға өтiнiм жасауға мүмкiндiк бередi. Осы жоба арқылы бiрқатар ақпараттық анықтамаларға — мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдерi, тiркелген құқықтар, жылжымайтын мүлiктiң бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткiзуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтiнiм берiп, мобильдi азаматтар базасына тiркелуге болады.

Пилоттық жоба Астана қаласында — Сығанақ көшесi, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлiмiнде, «Қазпошта» цифрлық бөлiмдерiнде, Бейбiтшiлiк көшесi, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйiнде iске қосылды. Жуырда Мәскеудегi Қазақстан Республикасының елшiлiгiнде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметтер тiзiмi:

  1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру;
  2. Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру;
  3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң есептерi бойынша мәлiмет беру;
  4. МГОВта тiркелу;
  5. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру;
  6. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiктерiн беру және керi қайтару (ЭЦҚ растау);
  8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
  9. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
  10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  12. Заңды тұлғаны әрекетсiз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсiз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру;
  13. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама беру;
  14. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
  15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
  16. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  17. Заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама беру;
  18. ЭЦҚ алуға өтiнiм беру.

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» қазақстандықтарды бiрлесiп жұмыс iстеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тiлектерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн «Краудсорсинг» жобасын iске қосты.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтiк желiлер және керi байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлi проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистердi жетiлдiру бойынша көптеген өтiнiш-ұсыныстар түсiп жатыр. Ендi ықылас танытқан әрбiр азаматтың мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгiзушiлер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистердi жетiлдiру бойынша инновациялық идеяларын күтедi. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тiлектердiң барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тiлектердi мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнен құрылған комиссия сараптамадан өткiзiп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшiн https://www.gov4c.info/ сiлтемесi арқылы өтiп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пiкiрлер жазып, тiптi бағалай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртiбi жеңiлдетiлдi

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесiн жеңiлдеттi. Бұл үрдiс «бiр терезе» қағидаты бойынша пилоттық тәртiпте жүзеге асуда.

Ендi ЭЦҚ алу үшiн ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтiнiм берiп, жеке тұлғаны растау үшiн ХҚО-ға барудың қажетi жоқ. Бiрден ХҚО-ға келiп, электрондық кезек талонымен маманға тiкелей жүгiнсе, оператор барлық қажеттi өтiнiмдер мен операцияларды өзi орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетедi.

Қызмет алушы өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуi тиiс.

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңiлдетiлген үрдiспен қазан айының соңында ала бастайды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офистерi арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ақпарат
Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзiмi қысқартылды

Премьер-министрдiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн қысқарту жайлы шешiм қабылдады.

Ендi үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтiзбелiк күнде емес, 8 жұмыс күнiнен кейiн берiлетiн болады.

Үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжатын беру мерзiмi да 15 күнтiзбелiк күннен 8 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тiркеу жұмыстары да ендi 10 жұмыс күнi орнына 5 жұмыс күнi iшiнде орындалатын болады.

Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн келетiн азаматтардың саны күрт өскенiн хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.

Егер ЖК мерзiмi өтiп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн биыл жыл басынан берi 1,6 мың адам пайдаланған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Автокөлiктi онлайн тiркеу сервисi iске қосылды

Автокөлiктi онлайн тiркеу сервисi iске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп, электрондық үкiмет порталында жаңа сервистi пилоттiк режимде iске қосты. Ендi қазақстандықтар автокөлiктерiн онлайн тәртiпте тiркей алады.

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе IIМ тiркеу-емтихан бөлiмшелерiне бармай-ақ,автокөлiктерiн электрондық үкiмет порталында рәсiмдей алады.

«Ведомствоаралық комиссияның аясында бiз мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстарын жүргiзудемiз. Автокөлiктердi тiркеу қызметiне деген сұраныс қарқынды түрде өсiп келе жатқандықтан, бiз бұл қызметтi электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктеменi азайтуға мүмкiндiк бередi. Мәселен, бiздiң корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлiктi тiркеу және қайта тiркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетiлдi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

«Бұған дейiн көлiктi сатушы мен сатып алушы өтiнiм беру үшiн бiр уақытта «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне барып, қажеттi құжаттарды тапсыруы тиiс едi. Ендi азаматтар өтiнiмдi үйден шықпай-ақ, онлайн тәртiпте жолдай алады. Электрондық үкiмет порталы арқылы бiз алдағы уақытта тағы да бiраз мемелкеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдетпекпiз», — дейдi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейiк, биылғы мамыр айынан бастап ҚР IIМ автокөлiктi тiркеу кезiндегi салыстыруды алып тастаған болатын. Ендi есептен шығару немесе көлiктi тiркеу кезiнде нөмiрлiк агрегатты тексертудiң қажетi жоқ. Мұндай талап тек көлiктi алғашқы рет тiркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргiзушi куәлiгiнiң мерзiмi өткенге дейiн ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерiстен өтудiң және психиатр, наркологтан анықтама әкелудiң қажетi жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн тәртiпте ауыстыруға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Кәсiпкерлерге қатысты «бiр өтiнiш» қағидаты iске қосылды

Қазақстанда бизнестi www.egov.kz арқылы жылдам әрi оңай ашуға болады. Электрондық үкiмет порталында кәсiпкерлердiң игiлiгi үшiн «Банктiк шот ашуды және қызметкердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезiнде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тiркеу» композиттiк қызметi iске қосылды. Ендi жеке iсiн ашқысы келетiн азаматтар үш қызметтi бiрден ала алады: заңды тұлғаны тiркеу, банктiк шот ашу және сақтандыру туралы келiсiм-шарт жасау. Бұл мемлекеттiк қызмет көрсету барысында «бiр өтiнiш» қағидатын қолданудың үлгiсi болып табылады.

Осы уақытқа дейiн азамат заңды тұлғаны тiркегеннен кейiн банктiк шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшiн салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиiс едi. Ал осы бiрнеше қызметтi бiрiктiрген композиттiк қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдiсiн айтарлықтай жеңiлдетедi. Ендi екi күннiң iшiнде (өтiнiш берген күндi есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуге алынғаны туралы куәлiктi, банктiк шот нөмiрiн және қызметкерлердi жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келiсiм-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсiлмен тiркеу кезiнде әзiрше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тiзiм тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттiк қызметтi қолдану үшiн құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тiркеуден өтуi тиiс.

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қызмет түрлерiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етедi

Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жұртшылықпен есептiк кездесу өткiздi.

Астана қаласының Есiл ауданының әкiмдiгiнде мемлекеттiк корпорацияның басшылығы мүмкiндiгi шектеулi жандармен кездесу өткiздi, онда мемлекеттiк корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз көрсету арналары туралы баяндады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған мемлекеттiк қызметтерге тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, бiз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшiн жаңа пилоттық жобаларды үнемi енгiзiп отырамыз», — дедi Балташева.

Осылайша, мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiнде пандустар, қоңырау шалу түймелерi, Брайльдегi тактикалық белгiлер және мүгедектерге арналған жеңiлдiк терезелерi, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгiлеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектерi 1414 бiрiңғай байланыс орталықтарына (тегiн қоңырау) өтiнiш беру арқылы мемлекеттiк қызмет түрлерiн үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.

Өткен жылдың наурыз айында есту қабiлетiнен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы» жобасы iске қосылды, бiлiктi ымдау тiлiнiң сарапшысы арнайы резервтiк монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасыз етедi. Бүгiнгi таңда бұл қызмет түрiн 625 мың есту және сөйлеу қабiлетiнен айырылған азаматтар ала алды.

Сөзiмiзге дәйек болсын, қазiргi уақытта Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмшелерiнде мүмкiндiгi шектеулi 475 адам жұмыс iстейдi.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкiмет
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

2018 жылғы 2-тоқсанға арналған мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығына нарақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік марка сының атауы және нөмірі





«Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Тимирязев аудандық бөлімі


Мичуринский а/о

Мичурино а.

549 40 02.04.2018 ж. 09.04.2018 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі Мухаметшина Е.С. Едрисова Ж.К. Султангазина Г.А. SsangYongKyron 352 AN 15
Есильский а/о Есиль а. 152 40 03.04.2018 ж. 10.04.2018 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі Мустафин С.С. Едрисова Ж.К. Султангазина Г.А. SsangYongKyron 352 AN 15
Целинный а/о Целинное а. 223 60 24.05.2018 ж. 30.05.2018 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі Койшибаев А.А. Едрисова Ж.К. Султангазина Г.А. SsangYongKyron 352 AN 15

Куртайский

а/о Степное а.

539 48 25.05.2018 ж. 31.05.2018 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі Шаяхметова К.К. Едрисова Ж.К. Султангазина Г.А. SsangYongKyron 352 AN 15
Белоградовка а/о Белоградовка а. 447 42 04.06.2018 ж. 08.06.2018 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі Джагипаров К.З. Едрисова Ж.К. Султангазина Г.А. SsangYongKyron 352 AN 15

Ленинский

а/о Ленинское а.

440 56 05.06.2018 ж. 11.06.2018 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі Капаров А.А. Едрисова Ж.К. Султангазина Г.А. SsangYongKyron 352 AN 15

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Қазақстанда электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша онлайн тiркелу рәсiмi өзгердi. Ендi бұл үшiн азаматтарға 20 минут жеткiлiктi. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тiркеуге мемлекеттiк баж алынбайды.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұрын электрондық үкiмет порталы арқылы тiркелгенде 10% АЕК көлемiнде мемлекеттiк баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне келiп, жеке куәлiк чипына тiркеу туралы деректер жазбасын енгiзу үшiн көшi-қон қызметкерiне жүгiну қажет едi. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жерi бойынша тiркелу рәсiмi айтарлықтай жеңiлдетiлдi.

Ендi жылжымайтын мүлiк иесi және тiркелетiн азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн, тiркелетiн азамат өтiнiш берiп, меншiк иесi өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиiс.

Өтiнiш берiлгеннен кейiн деректер шамамен 10 минутта өңделедi, содан кейiн тiркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткiзе алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшiн әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан бөлiмдерiнiң қызметкерлерi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртiпте жұмыс iстей бастады. Олар көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР IIМ-нiң әкiмшiлiк полициясының ТЭБ қызметкерлерiн аудандық ХҚО бөлiмдерiнде орналастыру туралы шешiм ҚРПремьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететiн ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанындағы арнайы мониторингтiк тобы ұсынғанжаңа жүйенiңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкiметтiң» тағы 21 фронт-офисiнде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлiк иелерi үшiн жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру және көлiктердi тiркеу жұмыстары айтарлықтай жеңiлдейдi. Ендi оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе iшкi iстер органдарына тiкелей жүгiнудiң қажетi жоқ. Ескеретiн жайт, жүргiзушi куәлiгiн алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетiлмейдi.

Осакаров аудандық №1 бөлiмi Осакаров ауылы Пристанционная көшесi, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлiмi Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан берi Қазақстанда бiр терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру және көлiктi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстеуде. Бүгiнгi таңда елiмiзде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлiмдерiн ашу жоспарланып отыр.

Анықтама үшiн:

ТЕБ-нiң қызметкерлерi орналасқан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi:

  1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлiмi;
  2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлiмi;
  3. Ақмола облысы Есiл ауданының ХҚО бөлiмi;
  4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлiмi;
  5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлiмi;
  6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлiмi;
  7. Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының ХҚО бөлiмi;
  8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлiмi;
  9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлiмi;
  10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлiмi;
  11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлiмi;
  12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлiмi;
  13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлiмi;
  14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлiмi;
  15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлiмi;
  16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлiмi;
  17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлiмi;
  18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлiмi;
  19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөiлiмi;
  20. Қызылорда облысы Шиелi ауданының ХҚО бөлiмi;
  21. Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлiмi (ЖК беру қызметi);
  22. Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қ. ХҚО бөлiмi;
  23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлiмi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыруға болады

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

Ендi қазақстандықтар жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру үшiн электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн электрондық өтiнiштi толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиiс. Өтiнiшпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретiн де жолдап, сондай-ақ мемлекеттiк баж салығын төлеу керек. Айта кетейiк, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметтi онлайн тәртiпте рәсiмдегеннен кейiн жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен толтырылған электрондық өтiнiштi және «Қызметтердi төлеу тарихы» бөлiмiнен мемлекеттiк баж салығын төлеу туралы электрондық чектi басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшiн тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруiңiзге болады. Өзiңiзбен бiрге қағазға басып шығарылған өтiнiш пен чектi, ауыстыратын жүргiзушi куәлiгiн, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамның баспасөз қызметi

Сегiзiншi наурыздан сегiзiншi наурызға дейiн…

Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықаралық әйелдер күнi — 8 наурыз қарсаңында нәзiк жандыларға қатысты статистикалық көрсеткiшке көз жүгiртудi ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгiнге дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгiнген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетедi. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгiнедi. Оның жартысынан көбi әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзiм iшiнде берiлген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екi миллионнан астамы қыз-келiншектерге тиесiлi.

Автоәлемге қатысты көрсеткiштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берiлген жүргiзушi куәлiгiнiң 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншiсiнде. Ал 337 мыңға жуық нәзiк жанды көлiк құралына құқықтарын тiркеген.

Қазiргi таңда елiмiзде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818 әйел зейнетақы алып отыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамның баспасөз қызметi

19.10.2017 ж.

ТМД елдерiнiң өкiлдерi Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тәжiрибесiн игеруге келдi

ТМД елдерiнiң өкiлдерi Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тәжiрибесiн игеруге келдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабпен бiрге ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттiк қызметтi дамыту саласындағы тәжiрибесi. Инновациялық тәсiлдер: сын-тегеурiндер мен шешiмдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы тәжiрибесiмен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттiк басқару секторына енгiзу мүмкiндiктерiн талқылады.

Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрiнiң орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Сингапурдағы мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiндегi БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық орталығының директоры Макс Эверест Филлипс және т.б. сөз сөйледi.

Спикерлердiң айтуынша, қазiр Қазақстан UNDESA электрондық үкiметтi дамыту индексi аясында 27-шi орында, яғни бұл үкiметтiң халыққа мемлекеттiк қызметтердi ұсыну тәртiбiн жеңiлдетуге бағытталған белсендi жұмысының көрсеткiшi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтер бiрнеше тәсiл бойынша көрсетiледi: электрондық үкiмет порталы арқылы (700-ден астам қызметтер мен сервистер), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (548 мемқызмет), Mgov мобильдi қосымша (80-нен астам қызмет пен сервистер). Айта кетейiк, халықаралық үкiметтiк саммитте Mgov мобильдiк үкiметтiң үздiк қосымшасы боп танылды. Мемкорпорацияға келсек, қазiр 723 мемлекеттiк қызметтiң 548-i «Азаматтарға арналған үкiметтiң 349 фронт-офистерi арқылы ұсынылады. Және бұл көрсеткiш жылдан-жылға ұлғайып келедi (2011 жылы ХҚКО арқылы 51 мемқызмет ұсынылған). Қазiр қызметтер толық циклмен көрсетiлгендiктен, сұратылатын құжаттар мөлшерi азайды. Ал қызметтер электронды түрге көшiрiлгендiктен, Мемлекеттiк корпорацияға келушiлер саны қысқарды.

ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелiк — түрлi органдардың құжаттарын «бiр терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзiрбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдерде түрлi органдардың құжат дайындаушы өкiлдерi бiр ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетедi. Ал қазақстандықтар түрлi органның құжаттарын алу үшiн әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бiр терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерiнен ала алады.

Конференцияға қатысушы елдердiң өкiлдерi Қазақстанның тәжiрибесiн зерттеу реформалар өткiзу кезiндегi ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септiгiн тигiзетiнiне, сонымен қатар мемқызметтердi көрсету саласында тәжiрибе алмасу барысында тиiмдi диалог орнататынына сенiмдi.

Анықтама:

Iс-шара Тәжiрибешiлдер альянсының ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) институттарының тиiмдi платформасы негiзiндегi «тең теңiмен» принципi бойынша жасалған серияларының жалғасы болды. Альянсты 2016 жылдың сәуiрiнде Астаналық хаб iске қосты. Нәтижесiнде Қазақстан, Әзiрбайжан, Грузияда мемқызметтердi «бiр терезе» принципi арқылы көрсету саласында үш зерттеу жасалды. 2017 жылдың мамыр айында Сингапурда өткен мемқызметтердi көрсетудi жетiлдiру бойынша ғаламдық семинарда осы үш елдiң тәжiрибесi ұсынылды. Бұл ғаламдық семинарды ұйымдастыруға Қазақстан өкiлдiгi мен Аймақтық хаб ат салысқан едi.

ТМД елдерiнiң өкiлдерi Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тәжiрибесiн игеруге келдi

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалану мүмкiндiгi туды

Азаматтарға арналған үкiметте тағы да кезектi пилоттық жоба — «Сiздiң дербес менеджерiңiз» iске қосылды. Дербес менеджер қызметiн пайдаланған адамтүрлi анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi атқарады. Дербес менеджер мемлекеттiк қызметтi жеке көрсетедi, қажеттi анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру бередi және т.б.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазiргi уақытта көптеген қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiбарынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетiн «күрделi» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөлiп төлеуге көлiк сатып алған кезде, бiздiң дербес менеджерiмiзөздiгiнен жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркейдi, көлiктi есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткiзiп бередi», — деп түсiндiрдi Оспанов.

Жаңа сервис мемлекеттiк корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы 37 фронт-офистерiнде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында iске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлiк сатып алушылар мен бизнес өкiлдерi арасында сұранысқа ие болады деп күтiлуде.

Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшiн ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделi» мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiн және кепiл шартын тiркеу, жер учаскесiне жекеменшiк құқығына актiлердi ресiмдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшiн нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлiкке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тiркеу қызметтерi үшiн қолжетiмдi болып табылады. Келешекте бұл тiзiм ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкерi нотариалды куәландырылған сенiмхат негiзiнде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер берудi дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджерi арқылы дүйсенбi мен сенбi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүргiзедi, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жiберiледi немесе өз қолына жеткiзiледi. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушiнiң үйiне барады.

Дербес менеджердiң қызметi жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетiледi.Мұндай қызметтiң құны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң күрделiлiгiне және елдi мекеннiң орналасқан жерiне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тiзiмiн www.gov4c.kz сайтынан алуға болады.

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

2017 жылғы 3-тоқсанға арналғанмобильдi ХҚКО шығукестесi

Аудандықбөліматауыаименование Елдімекенніңатауы Тұрғындар саны Елдімекенніңауданорталығынанарақашықтығы (км) Қызметкөрсетукүн Қызметкөрсетугешығу саны Азаматтардықабылдауорны Әкімдіктіңжауаптықызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауаптықызметкерінің ТАӘ Автокөлік марка сыныңатауыжәненөмірі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Тимирязев аудандық бөлімі       Ленинский а/о а. Ленинское 538   56   20.07.2017 ж. 27.07.2017 ж.   2   Ауылдық округ әкімдігі Мукашева А.Б.   Кусаинова Б.Ж. Мейрамова М.Б.   SsangYongKyron 352 AN 15
Куртайский а/о а. Степное   501   48   21.07.2017 ж. 28.07.2017ж.   2   Ауылдық округ әкімдігі Шаяхметова К.К.   Кусаинова Б.Ж. Мейрамова М.Б.   SsangYongKyron 352 AN 15
Целинныйа/о а. Целинное   223   60   01.08.2017 ж. 09.08.2017 ж.   2 Ауылдық округ әкімдігі Койшибаев А.А.   Кусаинова Б.Ж. Мейрамова М.Б SsangYongKyron 352 AN 15
Хмельницкий а/о а. Хмельницкое   506   44   02.08.2017ж. 10.08.2017 ж.   2 Ауылдық округ әкімдігі Узденбаева С.К.   Кусаинова Б.Ж. Мейрамова М.Б SsangYongKyron 352 AN 15

2017 жылғы 2-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

2016 жылғы 4-тоқсанғаарналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды»

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы көрсететiн қызметтердi үйде отырып ала алады

Ашық үкiмет

«Азаматтарға арналған үкiметте» фронт-офистердi жаңғырту жүрiп жатыр

2016 жылғы 3-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздi

Баспасөз-релизi
Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы өз жұмысын бастады

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру

Әскери қызметiн өткерудi растау туралы анықтама алу

2016 жылғы 2-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтiк көмек

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру

Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндiк сертификаттар алу

Beeline Қазақстан абоненттерi электрондық цифрлық қолтаңбасы бар SIM-карталарға қол жеткiзе алады

Бiлiм беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау

2016 жылғы 1-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Мұрағат анықтамаларын Қазақстан Республикасының орталық және мемлекеттiк мұрағаттарынан алу

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Электронды үкiмет порталының мүмкiндiктерi мол

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

Бiлiм туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру

Баспасөз релизi
Субсидиялауға өтiнiмдi қазақстандықтар ендi ХҚКО арқылы бере алатын болады

Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

Баланы балабақшаға кезекке қою

Жас жұбайларға естелiк!

Өзiне өзi қызмет көрсету секторы жылдам және кезексiз жасауға мүмкiндiк бередi

ЭЦҚ мүмкiншiлiгi

Туристiк операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия алу

Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу

Әскери қызметiн өткерудi растау туралы анықтама алу

Қазақстанда жұмысқа орналасу

Cот хаттамасын электрондық түрде беру туралы өтiнiш беру

ХҚКО-лар 2015 жылы 35 млн-ға жуық мемлекеттiк қызметтер көрсеттi

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау

ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсiздiк күнiмен құттықтады

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi артты

Соттылықтың болуы (болмауы) туралы анықтама алу

Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу

Баспасөз релизi
Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

ХҚҚО жаңа қызметтерi

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер

Жеке куәлiк жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтiру

Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау

Мүгедектерге арналған әлеуметтiк көмек

Қазақстандағы жәрдемақылар мен төлемақылар

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы

Баспасөз релизi
«Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлданды

Баланы балабақшаға қай уақытта беру керек

Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру

2015 жылғы 4-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу

Баспасөз-релизi
Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорын өзектендiру жалғасуда

Мүлiкке тыйым салу

Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер рәсiмдеу және алу

Балаға ЖСН тағайындау

Жер актiсi дегенiмiз не, оның түрi қандай және оны қалай алуға болады?

Баспасөз релизi
Соңғы аптада ХҚКО келушiлердiң саны 3 есе артты

Баланың аты мен тегiн өзгерту

Баланың тууы

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үй бойынша кезегiнен әрбiр азаматтың өз жеке номерiн қарау

Бiр айда eGov арқылы 1 млрд.-тан астам теңге өттi

Болашақ оқушылардың ата-аналары мекенжай анықтамасын egov.kz арқылы алуына болады

2015 жылғы 3-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

«Жеке кабинет» egov порталында

Қазақстандықтар өз автокөлiгi үшiн техникалық байқаудың қолданылу мерзiмiн SMS арқылы бiле алады

Қазақстандықтар мемлекеттiк мобильдiк сервистердi көбiрек пайдалануда

Денсаулық сақтау үшiн ашық деректер

ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер iске қосылды

Жылжымайтын мүлiк техпаспортына онлайн төлеу eGov.kz порталында қолжетiмдi болды

Баспасөз-релизi
Қостанайлық жүргiзушiлерде авто және мотодром пайда болады

Мүгедектердін үйіне бару бойынша ХҚК-нің қызметтері

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама — 5 минутта!

Нашар көретін адамдар eGov порталының арнайы нұсқасын қолдана алады

Ашық деректер — Қазақстандағы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер

ТМД елдері Қазақстанның мемлекеттік қызметтерге көпарналы қолжетімділік бойынша тәжірибесінен үлгі алатын болады

Қазақстандық «Үлкен деректер» зертханасы eGov-тің мақсатты аудиториясын зерттейді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерiн мемлекеттiк кiрiстер органдарының ғимараттарында көрсете бастады

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары Ахуалдық орталығына қосылды

Өсиетнаманы қалай құрастыру керек?

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?

Баланы және өзiңiздi қалай тiркеу (тiркеуден шығару) керек?
Тiркелу

Нашар көретiн адамдар eGov порталының арнайы нұсқасын қолдана алады

Электрондық үкiмет порталында заңды тұлғаны жабуға болады

Қазақстанның ашық мәлiметтер порталы 700-ден астам ресми мәлiметтер жиынтығы түрлерiнен тұрады

eGov порталына 9 жыл

Оралда ДӨО іске қосылды

Мобильдық ХҚҚО» тобының 2015 жылдың 2 тоқсанға шығу кестесi

Баспасөз релизi
Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО iске қосылатын болады

Қызылорда облысында ДӨО ашылды

Медицина қызметкерлерi е-лицензиялауды оқып үйренуде

Болашақ оқушылардың ата-аналары мекенжай анықтамасын egov.kz арқылы ала алады

Қазақстандықтар өз автокөлiгi үшiн техникалық байқаудың қолданылу мерзiмiн SMS арқылы бiле алады

Өзiңiздiң несиелiк тарихыңызды қадағалауды немесе оған қарсы дау айтуды онлайн режимiнде беруге болады

Мобильдiк ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерiн көрсетудi бастайды

СҚО-да деректердi өңдеу орталығы iске қосылды

Өзiңiздiң несиелiк тарихыңызды қадағалауды немесе оған қарсы дау айтуды онлайн режимiнде беруге болады

Қазақстанның ашық мәлiметтер порталы 700-ден астам ресми мәлiметтер жиынтығы түрлерiнен тұрады

Астанада мобильдiк үкiметтiң мүмкiндiктерi көрсетiлдi

Еgov пайдаланушыларының саны бiр жылда екi есеге көбейдi

Еgov порталында сiздiң борышкер/борышкер емес екендiгiңiздi тексеруге болады

Банктер клиенттiң сенiмдiлiгiн egov арқылы тексере алады

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама — 5 минутта!

Электрондық үкiметтiң мобильдiк қосымшасының жаңа қызметтерi

ХҚКО инспекторлары «Ана үйi» дағдарыс орталықтарында оқыту семинарын өкiздi

Ендi egov.kz арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегi шотты толтыруға болады

Бизнес үшiн барлық рұқсат құжаттары ендi е-форматта

Астанада ашық деректер бойынша семинар өттi

Шетелге шығуға тыйым салынғаны және жол ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұл туралы хабарламаларды egov арқылы алуға болады

«ХҚКО» РМК «Мемлекеттік тілді дамыту бойынша үздік филиал» конкурсының қорытындысын шығарды

Өткен жылы ePay жүйесi арқылы 3 миллиардтан астам теңге өттi

Электрондық үкiмет порталында заңды тұлғаны жабуға болады

Әрбiр екiншi қазақстандық некенi тiркеуге онлайн өтiнiш бередi

Еgov пайдаланушыларының саны бiр жылда екi есеге көбейдi

Нашар көретiн адамдар eGov порталының арнайы нұсқасын қолдана алады

Қазақстандықтар 2014 жылы 19 миллионға жуық мекенжай анықтамасын алды

EGov тұтынушылары «Сот кабинетiне» авторизациясыз кiре алатын болды

Болашақ оқушылардың ата-аналары мекенжай анықтамасын egov.kz арқылы ала алады

«Балабақша» мобильдiк қосымшасы ЖОО мен колледж студенттерi арасындағы байқау қорытындылары бойынша үздiк әзiрлеме болып танылды

Өткен жылы ePay жүйесi арқылы 3 миллиардтан астам теңге өттi

Петропавлда автокөлiк иелерi үшiн мамандандырылған ХҚКО iске қосылды

2014 жылғы 4-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Еgov порталында сiздiң борышкер/борышкер емес екендiгiңiздi тексеруге болады

Банктер клиенттiң сенiмдiлiгiн egov арқылы тексере алады

Сенаторлар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты

Астанада мобильдiк үкiметтiң мүмкiндiктерi көрсетiлдi

Жеке куәлiк жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтiру

Әрбір екінші қазақстандық некені тіркеуге онлайн өтініш береді

Жылдың соңына дейiн Қазақстанның электрондық үкiмет порталында заңды тұлғаны жабу жөнiндегi онлайн-қызметi қолжетiмдi болады.

«Электрондық құжатайналымы» жүйесiнiң арқасында 50 мыңнан астам тонна қағаз үнемделдi

2014 жылғы 3-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы Тимирязев аудандық бөлiмiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлiк қоғамының Бiртұтас байланыс–орталығының мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға үй-жағдайында мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын филиалдарымен өзара әрекет регламентi

«Оңтайлы халыққа қызмет көрсету орталығы»

Электорндық Үкiметтiң веб-порталы мақсаты

«ХҚКО» РМК-да филиалдардың екiншi тоқсандағы жұмыс қорытындысы шығарылды

ҚР ҰКО тiркеу куәлiктерiн беру және керi қайтару

Қазақстанда мүлiктi жария ету тәртiбi туралы

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

Балабақшаға кезекке қою

Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпаратты алу үшiн

Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi орган жалдаған тұрғын үй кезегiнiң нөмiрiн қарау

Электрондық үкiмет порталы 2015 жылға қарай жаңа 20 электрондық қызметтi ұсынады

2014 ж. бiрiншi жартыжылдығы бойынша электрондық үкiмет порталы арқылы 17 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетiлдi

Баспасөз мәлiмдемесi (27.05.2014 жыл Астана қ.) Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлiктi кез-келген ХҚКО ала алады

Қазақстандағы кондоминиумге құқықтарды тiркеу: қалай тiркеу керек және бұл не үшiн керек

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

2014 жылғы 2-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Мобильдiк ХҚКО Көкпектi ауылында жұмыс iстеуде

Мақаланың шыққан күні: 27.09.2017 09:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.06.2020 17:54

СҚО Тимирязев ауданының әкiмi
Кеңесов Нұрлан Маратұлы

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Подать резюме

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+